- болжамдау: педагогикалық жағдаяттарды табиғи тұтастық күйінде эксперименталды зерттеуден өткізу және оның негізінде сол педагогикалық болмыстың жаңаланған моделін құрастыру;
- анықтау: педагогикалық құбылыс жағдайын, педагог пен оқушы іс - әрекеттерінің нәтижелілігі немесе тиімділігін және оларды қамтамасыз етуші шарттар мен себептерді айқындап алу.
Педагогиканың технологиялық қызметтері:
- жобалау: педагогикалық іс-әрекет пен оның мазмұны әрі сипатын қалыптастыру және реттеуге нұсқау болғандай теориялық тұжырымдар мен анықтамаларды қамтыған қажетті әдістемелік материалдарды (оқу жоспары, бағдарлама, оқулықтар, оқу құралдары) жасауға байланысты;
- жаңалау: тәрбие және білім беру тәжірибесін жетілдіру мен қайта түзу мақсатына орай педагогика ғылымының заманауи жетістіктерін мектеп өміріне енгізу, пайдалану;
- ықпал таныту (рефлексивтік) және реттеу-түзетулер енгізу (коррекциялық): ғылыми-зерттеу нәтижелерінің оқу-тәрбие процесіне болған әсер-ықпалын бағалау және одан соңғы ғылыми теория мен тәжірибелік іс-әрекеттер байланысына қажет болып қалатын реттеу -түзетулерді іске асыру.