Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің құрылымы



бет1/45
Дата31.12.2021
өлшемі1,1 Mb.
#22150
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Байланысты:
пед рубеж 1


  1. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің құрылымы.

Қазақстандық білім беру жүйесін дамыту оның әлемдік білім беру кеңістігіне кезең-кезеңімен өтуіне жеткіліксіз болып келген бұрынғы білім беру әдіснамасының, құрылымы мен мазмұнының жағдайында өтіп жатыр.

Тұжырымдаманың мақсаты – әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдастырылған жеке тұлға мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын көп деңгейлі үздіксіз білім берудің ұлттық моделін қалыптастыру үшін білім беруді дамытудағы стратегиялық басымдылықтарды белгілеу.

Тұжырымдаманың міндеттері:

- білім беруді басқаруды одан әрі демократияландыру негізінде Қазақстандық білім беру моделінің жұмыс істеуінің заңнамалық, нормативтік- құқықтық базасын жетілдіру;

- білім берудің мазмұны мен материалдық-техникалық базасын жаңарту;

- білім сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін құру;

- білім беруді, ғылым мен өндірісті ықпалдастыру;

- кәсіптік білім берудің сапасын арттыру үшін нақты экономика

салаларын тартудың тетіктерін құру;

- әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдасу.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға

арналған мемлекеттік бағдарламасында сапалы білім беру кезек күттірмейтін мәселе ретінде қарастырылады.

Бағдарламаның басым бағыттары:

 мемлекеттің әрбір мүшесіне сапалы білім алуды қамтамасыз ету;

 қазақстандық патриотизм, толеранттылық, жоғары мәдениеттілікке

тәрбиелеу;

 экономиканың барлық салалары үшін жоғары білікті, бәсекеге

қабілетті кадрларды даярлау сапасын арттыру;

 білім сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін құру;

 білім берудің бірыңғай ақпараттық ортасын қалыптастыру;

 білім беру, ғылым және өндірістің интеграциясы және т.б.

ҚР «Білім туралы» Заңына сәйкес, ҚР білім беру жүйесі білім беретін оқу

бағдарламаларының үздіксіздігі төмендегідей білім беру деңгейлерін қамтиды:  Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту;

 Бастауыш білім беру;

 Негізгі орта білім беру;

 Орта білім беру (жалпы орта білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру);

 Орта білімнен кейінгі білім беру;

 Жоғары білім беру;



 Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру (2-сурет).


Бағдарлама жаңа оқу жоспарларын, жаңа буын оқулықтары мен оқу - әдістемелік кешендерін енгізуге бағытталған және білім беру жүйесін ақпараттандыруды қоса алғанда, оқытудың жаңа технологияларын енгізу мен материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жақсарту міндеттері бір-бірімен өзара байланысты және білім беру жүйесін ақпараттандыру, қашықтықтан оқытуды енгізу және оқытудың мультимедиалық, компьютерлік-техникалық құралдарын толықтай енгізуді көздейді.

Білім беру формасы жеке тұлғаны функционалдық әзірлеу тұжырымдамасынан жеке тұлғаны дамыту тұжырымдамасына көшу идеясын қолдайды.

Жалпы орта білім беру – білім беру жүйесінің базалық бөлігі және білім алушылар тұлғасының зияткерлік әлеуетін функционалдық сауаттылығын дамытудың негізі.

Білім беру жүйесі жыл сайын әртүрлі өзгерістерге ұшырап отырады. Бұл өзгерістердің басты мақсаты – өсіп келе жатқан ұрпақты жан-жақты дамыған, құзыретті азаматтар етіп тәрбиелеу. Осы мақсатқа жетуге функционалдық сауаттылық көмектеседі




  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет