Қазақстан Республикасының Білім және Ғылы Министрлігі


Тақырыбы: Қатты дене мен ағыстың әрекеттесуі



бет37/62
Дата27.09.2023
өлшемі5,28 Mb.
#111157
түріКонспект
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   62
Байланысты:
Конспект лекций по МЖГ на каз

Тақырыбы: Қатты дене мен ағыстың әрекеттесуі
Дәріс жоспары:
1.Жалпы мәліметтер
2. Қысымның қарсыласуы
3. Үйкелістің қарсыласуы. Шекаралық қабат


1. Жалпы мәліметтер

Қатты денелердің сұйықтықпен ағуы кезінде (қатты денелердің сұйықтықтағы қозғалысы) басты мақсат- сұйықтық пен дененің салыстырмалы қозғалысы кезінде пайда болатын күштерді анықтау болып табылады.


Сұйық ортада қозғалып келе жатқан денеге сұйықтық қарсылық көрсетеді, ал дене жеңу үшін біраз күш жумсайды. Мысалы, самолёт немесе автокөлік қозалысы кезінде ауадан қарсы әрекет көреді; қайық немесе су асты кемесі судан қарсы әрекет көреді.
Егер дене тыныштық күйде болса, ал сұйықтық оны айналып ағып өтіп жатса, онда дене сұйықтықтың қозғалысына қарсылық көрсетуде. Ал оны жеңу үшін ағып жатқан сұйықтықтың ағын энергиясының жартысы жұмсалады. Мысалы, ғимаратқа ауаның қысым түсіруі, көпір тіреуішінің сумен ағуы.

Ағын жылдамдығына перпендикуляр орнатылған пластинканы сұйықтық ағынының ағып өтуін қарастырайық (7.1- сурет).




7.1 сурет- Ағын бағытына перпендикуляр орнатылған пластинаны сұйықтық ағынының ағып өтуі


Сұйықтық ағысы пластинамен кездескенде оның беткі қабатына ағынға қарсы бағытталған қосымша қысым түсіреді. Бұл қысым ағыс бағытының өзгеруімен түсіндіріледі.
Өлшемі бойынша пластинаға әсер ететін қосымша қысым күшіне тең болатын, пластина жақтан сұйықтыққа қарсы күш көрсетіледі.
Пластинадан кейін, ағыстың пластинадан бөлінуі нәтижесінен бейберекет құйынды қозғалыс басталады. Бұл жерде қысым төмендетілген, сондықтан ағынға қарсы бағытталған қосымша қарсыласу күші пайда болады. Қарсыласу күші дененің пішініне тәуелді болғандықтан, оны пішін қарсыласуы (сопротивление формы) деп атайды.
Көрсетілген екі қарсыласудың қосындысын қысымның қарсыласуы деп атайды.
Егер пластина ағыс бойымен орналастырылса, онда қарсыласу, пласти-наның бүйір беттерінде пайда болатын тангенциалды үйкеліс күштерімен туындайды, яғни үйкеліс қарсыласуымен.

Сұйықтық пен дененің салыстырмалы қозғалысы кезінде пайда болатын толық қарсыласу келесі формула бойынша анықталады:


, (7.1)
мұндағы - қысым қарсыласуы;
- үйкеліс қарсыласуы.

Толық қарсыласу Ньютон формуласы бойынша анықталады:


, (7.2)
мұндағы - қарсыласу коэффициенті;
- дененің сипаттамалық ауданы;
- сұйықтық тығыздығы;
- сипаттамалық жылдамдық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет