Қазақстан Республикасының Білім және Ғылы Министрлігі



бет40/62
Дата27.09.2023
өлшемі5,28 Mb.
#111157
түріКонспект
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   62
Байланысты:
Конспект лекций по МЖГ на каз

Бақылау сұрақтары

1. Ағыс бағытына перпендикуляр, пластинаны сұйықтық ағысының айналып ағуының механизмін түсіндіріңіз.


2. Пішіннің қарсыласуы дегеніміз не?
3. Қысымның қарсыласуы дегеніміз не?
4. Сұйықтық пен дененің салыстырмалы қозғалысы кезінде толық қарсыласу қалай анықталады?
5. Ньютон формуласы қандай түрде және нені анықтауға мүмкіндік береді?
6. Қысымның қарсыласуы қалай анықталады?
7. Дененің миделдік қиылысуы дегеніміз не?
8. Цилиндрді тұтқырлығы жоқ сұйықтықтың ағуы қалай өтеді?
9. Тұтқырлығы жоқ ағу кезінде қысым қалай таралады?
10. Эйлер-Даламбер парадоксы қалай тұжырымдалады?
11. Цилиндрді тұтқырлықты сұйықтықпен ағуы кезінде қандай құбылыс орын алады?
12. Тұтқырлығы жоғары ағу кезінде қысымды тарату қалай жүзеге асады?
13. Басқа пішінді дененің сұйықпен ағуы кезіндегі механизмі қандай?
14. Қысымның қарсыласу коэффициенті қандай факторлардан тәуелді?
15. Қарсыласу коэффициенті Рейнольдс санынан қалай тәуелді?
16. Симметриялы емес денелердің сұйықпен ағуы кезінде не болады?
17. Бүйірлік қарсыласу дегеніміз не?
18. Көтергіш күш дегеніміз не?
19. Үйкеліс қарсыласуы қалай анықталады?
20. Уйкеліс қарсыласуын қайда байқауға болады?
21. Сұйықтықтың шекаралық қабатына анықтама бер.
22. Шекаралық қабат қалай басталады және қалай жалғасады?
23. Шекаралық қабаттың қалыңдығы деп нені айтамыз?
24. Қай кезде шекаралық қабат ламинарлы және турбулентті сипатта болады?
25. Аралас шекаралық қабат дегеніміз не?

8 ДӘРІС


Тақырыбы: Ағыстар теориясының негізі


Дәріс жоспары:


1. Ағыстардың(струя) жіктелуі
2. Ағыстардың құрамы
3. Шектеулі кеңістікте ағыстың таралуы


1. Ағыстардың жіктелуі


Еркін ағыс – қатты қабырғалармен шектелмеген ағыс.
Батырылған(затопленная)ағыс – бұл ағыс түрі ортада өзінде бар физикалық қосылыстармен араласып кетеді.
Мысалы, су қоймасынан саңылауынан шығып жатқан су ағысы; тұйық қойма саңылауынан атмосфераға шығып жатқан ауа ағысы, ауаның бірдей тығыздықта болу шартында.
Батырылмаған (незатопленная)ағыс – өзінің жақсы физикалық құрамымен ортада таралады.
Например, ағыс еркін ұшуда болғандағы ауаның қойманың саңылауынан шапшуы.

Ағыстар жіктеледі:


а) тыныштық ортаға және ауа ағынына ағуы бойынша. Ауа ағынына өтуі бойынша келесідей ағыстарды жіктейді:
-шатастырылған ағыс – жылдамдық бағыты ағыс бағытымен сәйкес келетін, ағынға өтіп жатқан ағыс;
-жөнелту ағынындағы ағыс, ағыс жылдамдығы ағыс осіне тік бұрышты бағытталғанда.
-қарсы ағындағы ағыс, ағыстың бойлық жылдамдығының векторы және ағыс жылдамдығы бір біріне қарама қарсы бағытталғанда.

б) шапшуды жасауға кететін энергияны түріне байланысты:


- механикалық ағыс-вентилятор, компрессор, эжектормен туындайтын шапшулар.
-конвективті ағыс-әртүрлі денелердің суық немесе ыстық беттерінен ауаның сууы немесе ысуы әсерінен пайда болатын шапшулар;

в) бастапқы қиылысу пішіні бойынша:


- дөңгелек қиылысуда шапшу остік-симметриялы деп аталады;
-тұрақты биіктікте шексіз ұзын сызық формасындағы қиылысу – жазық-паралелльді (жазық);


г) қоршаған орта мен шапшудың температурасына тәуелді:
-изотермиялық ағыс, ағыс температурасы мен қоршаған орта температурасы бірдей болғанда;
-изотермиялық емес ағыс, ағыс температурасы мен қоршаған орта температурасы әртүрлі болғанда;


д) ағып өту режиміне тәуелді:
-ламинарлы ағыс;
-турбулентті ағыс;


е) иректелген ағыс- бастапқы қиылысында жылдамдықтың айналмалы құрамдас бөлігі бар ағыс.
Тәжірибелер көрсеткендей, шапшу мен сұйықтықтың сыртқы кеңістігінде масса алмасу құбылысы жүреді. Сонымен қатар, процесс кезінде шапшу (струя) үлкен мөлшерде массаны қамтиды, сондықтан шапшу қозғалысының бағытында оның массасы артады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет