Қазақстан Республикасының Білім және Ғылы Министрлігі


Сорғылардағы энергия балансы



бет55/62
Дата27.09.2023
өлшемі5,28 Mb.
#111157
түріКонспект
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   62
Сорғылардағы энергия балансы

Сорғыдағы қуат балансы сызба түрде 2.7-суретте көрсетілген.



2.7-сурет. Сорғының қуат балансы


Сорғы білігіне апарылатын қуат апарылған деп аталады. Ол біліктегі айналдыратын моменттің оның бұрыштық жылдамдығына көбейтіндісіне тең:


NП = MКРω

Сорғыдан қысым астында сұйықтық ағыны түрінде алынатын қуат сорғының пайдалы қуаты деп аталады (мұнан былай қуат):




NП = QHPH

Сорғы қуатының апарылған қуатқа қатынасы сорғының жалпы ПӘК-і деп аталады:




,

ал NП - NH = Nпот айырмасы сорғыдағы қуат шығындары деп аталады. Сорғыдағы қуат шығындары көлемді, механикалық және гидравликалық деп бөлінеді.


Ішкі кемулерге және камералардың толық емес толтыруына кеткен қуат шығындары:


Nоб = (Qут + Qнеп)PH

Сорғының көлемді ПӘК-і осы қатынаспен анықталады:





Қазіргі заманғы сорғылар үшін көлемді ПӘК 0,92…0,96 шегінде табылады. ПӘК мәндері сорғылардың техникалық сипаттамаларында келтірілген.


Механикалық ПӘК сорғы бөлшектерінің арасындағы жылжымалы қосылыстардың үйкелісіне кеткен шығындарды сипаттайды. Түйіскен аймақта жапсарлас беттерді салыстырмалы жылжыту кезінде қозғалысқа қарама-қарсы жаққа бағытталған үйкеліс күші пайда болады. Бұл күш беттік қабаттың деформациясына, пластикалық тықсыруға және жапсарлас беттердің молекулааралық байланыстарын өтуге шығындалады.
Үйкеліс күштерін жеңуге жұмсалған қуат былай анықталады:


Nтр = Mтрω,

мұндағы Мтр - сорғыдағы үйкеліс моменті;


ω – сорғы білігінің бұрыштық жылдамдығы.
Механикалық ПӘК осы қатынас арқылы анықталады:



Қазіргі заманғы сорғылар үшін механикалық ПӘК те 0,92…0,96 шегінде табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет