Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Коммерциялық емес ашық акционерлік қоғам



бет1/3
Дата19.09.2023
өлшемі397,42 Kb.
#108477
  1   2   3
Байланысты:
4 лабка Ернұр


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Коммерциялық емес ашық акционерлік қоғам
«Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы Энергетика және Байланыс» университеті
«Электр энергетика және электр техника» институты 
«Жылу энергетикалық қондырғылар кафедрасы»

«ЖЫЛУ ЖӘНЕ ЖЫЛУ ТЕХНИКАСЫ НЕГІЗДЕРІ » пәні бойынша


№ 4 Зертханалық жұмыс 

Тақырыбы: Ортадан тепкіш сорғыны сынақтан өткізу


Мамандығы: 6B07101 - «Электр энергетикасы»
Орындаған: Нұржігіт Ернұр
Тобы: ЭЭк-21-5
Қабылдаған: оқытушы Акимбек.Г.
_______ ___________ «____»_____________2023ж
(бағасы) (қолы)

Алматы, 2023


4 Зертханалық жұмыс. Ортадан тепкіш сорғыны сынақтан өткізу
Жұмыс мақсаты: ортадан тепкіш сорғының жұмысын зерттеу арқылы мәліметтер жинау.
1.1Теориялық мәліметтер
Ортадан тепкіш сорғыларды сынау арқылы оның жұмысы жайында техникалық сипаттамалар аламыз. Техникалық сипаттамаларға мынандай тәуелділіктер жатады: сорғының берісімен байланысты тегеурін, сорғының пайдалы қуаты, пайдаланған қуаты, ПӘЕ-і. Бұл тәуелділіктерді графикалық сүлбелерден көре аламыз.
Беріс- белгілі уақыт бірлігінде қозіайтын сұйық мөлшері. Берістің екі түрі болады: көлемдік және маңыздық. Айдағыш құбырдағы су шығысын өлшеу арқылы сорғы берісін анықтайды. Бұл жұмыста сорғының берісі сорғының кірісі мен шығысындағы қысым құламасының тәуелділік сызбағы арқылы анықталады.
Шығыс мөлшерін тегеуріндік құбыршада орнатылған шығысөлшеу тарылтқышына шаққылық қысымөлшерді жалғап дәлірек өлшей аламыз. Жалпы тарылғы үшін газ сұйықтың көлемдік шығысы мына кейіптемемен анықталады:
м3/с. (1.1)
Бұл кейіптемедегі еселеуштерді және тарылтқыштың есебі А қосымшада келтірілген.
Тегеурін – сорғының шығысы мен кірісіндегі сұйықтың меншіктік қайратының айырмасы:
, ­ м, (1.2)
мұндағы рврн – сорғының кірерде және шығардағы абсолютті қысымдары, Па; wвwн – сорғының кірісіндегі және шығысындағы сұйықтың сәйкес орташа жылдамдығы, м/с zвzн – қысым өлшенетін қима орталықтарының биіктігім.

рн/rg және рв/rg өлшемдерін мына түрде келтіруге болады:


м, , м, (1.3)
мұндағы ра – атмосфералық (барометрлық) қысым, Па; 
Мн – сорғы шығысындағы артық қысым (манометрлік), м. су бағанасы;
Мв – сорғы кірісіндегі артық қысым (манометрлік), м. су бағанасы;
Сорғының кірісіндегі және шығысындағы тесіктердің диаметрі бірдей болғандықтан, сорғының кірісіндегі және шығысындағы судың жылдамдықтары тең болады, wв = wн. Сорғы кірісіндегі тегеуріндік қысымөлшер мен вакуумметр бір деңгейде орналасқандықтан zн – zв = 0. Бұл жағдайды және (1-3) ескере отырып, былай жазуға болады:
Н = Мн – Мв , м. (1.4)


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет