Қорытынды: Катализ ұғымы XIX ғасырдан бастап зерттеле бастады. Гетерогенді катализ бойынша бірнеше ғалымдар ұсынған теориялары бар. Және гетерогенді катализ туралы әлі де қызықты-күрделі зерттеулер жүргізуге болады.
Катализ – реакция өнімдерінің құрамына кірмейтін, бірақ реакцияға қатысатын катализаторлардың әсерінен реакция жылдамдығының өзгеруі. “Катализ” терминін алғаш рет 1835 жылы швед химигі И.Берцелиус енгізген.
Гетерогенді катализ – катализатор да, реагирлеуші зат та әр түрлі фазада болатын процестер тобы. Көпшілік жағдайда катализатор - қатты, ал реагирлеуші зат – сұйық немесе газ түрінде болады. Процесс аралық тұрақсыз қосылыстардың стехиометриялық емес құрам кезеңі бойынша өтеді.