Қазақстан республикасының білім және ғылым министірлігі


Н.И.Кобозевтің активті ансамбльдер теориясы



бет4/5
Дата02.11.2022
өлшемі229,54 Kb.
#46931
1   2   3   4   5
Н.И.Кобозевтің активті ансамбльдер теориясы.

  • Н.И. Кобозевтің активтік ансамбльдер теориясы

  • Бұл теорияны 1939 жылы Н.И. Кобозев ұсынған болатын. Активті ансамбльдер теориясы бойынша каталитикалық белсенділік танытқан бірнеше атомнан тұратын кристалдық емес аморфты түзілімдер болып табылады. Осы атомдар кіші топтарға, ансамбльдерге (2-3 атом) бірігіп активті орталықтар түзеді.

  • Мысалы, аммиакты синтездегенде темірді катализатор ретінде пайдалануға болады. Ол үшін темір ұнтағы қажет, ал ол бүтін күйінде катализаторлык ықпал көрсетпейді. Егер көмір, асбест немесе алюмогель сияқты өзі катализатор емес заттарды төсеніш ретінде пайдаланып, осы төсеніш бетіне аса майда ұнтақталған темірді сепсе, онда оның катализаторлық қасиеті өсіп, реакция жылдамдығы артады. Мүндайда төсеніш бетіндегі темірдің үш атомы бір ансамбль күрайды.

Электронды-химиялық теория.
Бұл жаңа теория. Ол катализ механизмін катализаторлардын, кристалындағы ішкі электрондық деңгей тұрғысынан және беткі қабат көзқарасымен жалғастыра түсіндіруге негізделген. Металдардағы бос электрондар каталитикалық активтіліктің басты себепкері деген пікірді кезінде бірінші болып А. В. Писаржевский және оның шәкірттері ұсынған болатын. Қатализаторлардын, беткі қабатының электрлік қасиеті оған адсорбцияланған немесе бағытталған молекулалардың химиялық байланысын әлсіретеді.
Әрекеттесетін реагент пен катализатордың сипатына орай электрондық теория тұрғысынан барлық каталиттік реакциялар тотығу-тотықсыздану және қышкылды-негіздік болып бөлінеді. Тотығу-тотықсыздану реакцияларында электрондар катализатордан реагентке не реагенттен катализаторға ауысады. Бұл топка жататын тотығу-тотықсыздану реакциялары тек темір, никель,. мыс, мырыш, күміс, платина және т. б. металдардың тікелей қатысуымен катализденеді. Сондай-ақ мұндай каталиттік реакциялар жартылай өткізгіштерді катализатор етіп қолданғанда да кездеседі.
Қышқылды-негіздік реакциялардағы катализ протондардын, ауысуымен жүзеге асады. Мұндай реакцияларда катализатор ретінде әртүрлі металл оксидтері, күшті қышқылдар мен негіздер қолданылады.
Қейбір тәжірибе жұмыстарында катализаторлардың меншікті активтілік беттері олардың химиялық кұрамынан едәуір тәуелді болатыны дәлелденген. Сол секілді катализаторлардың химиялық құрамы беткі қабаттағы аралық косылыстардың түзілу және ыдырау жылдамдығын анықтайды және осыған орай меншікті беттік активтілікті де көрсетеді.
Н. Н. Семеновтың жұмыстарындағы гетерогенді каталиттік реакциялар беткі қабаттағы радикалды тізбекті реакциялар ретінде қарастырылады және ондағы катализаторлар бос радикалша әсер етеді, сөйтіп тізбек пайда болады. Мысалы, 2СО + О2= = 2СО2. Егер осы реакцияға су буын қолданса, реакция жылдамдығы едәуір артады екен. Бұған басты себеп, су буы гидроксил және сутек иондарына ыдырайды, ал осы бос валенттіліктегі радикалдар реакцияны жылдамдатады:
•ОН + СО = СО2+-Н
.Н + 02=-ОН+-0-
•0-+СО = С02 ; Органикалық реакцияларда кездесетін катализді де осы электрондык, теория түрғысынан түсіндіруге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет