Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі



бет4/8
Дата07.01.2022
өлшемі84,76 Kb.
#20365
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
жанел

Зерттеудің мақсаты: Оқушылардың сөздік қорларын дамыту, әдебиет және қазақ тілі сабақтарынан білімдерін толықтыру. Сабақ кезінде және сабақтан тыс қазақша сөйлеудегі сөздік қорын дамыту.

Зерттеудің міндеттері:

  • Мектептегі тіл дамытудың жолдары.

  • Әдебиет сабағындағы тіл дамыту жұмыстары.

  • Тіл дамыту жаттығуларының ерекшелігі

  • Оқушылдарды шығармашылыққа баулу.

Зерттеудің Болжамы: Егер, болашақта әр ұстаз оқушылардың тілін дамыту барысында әр тапсырма мен жаттығуға аса назар аударса,әр жас жеткіншек қазақша еркін сөйлеуіне бір мүмкіндік болады.


    1. Тіл дамыту

«Тіл» немесе «тіл дамыту» — пән аралық түсінік: ол лин-гвистикалық, психологиялық және әдістемелік әдебиеттерде кездеседі. Лингвистика тіл және оның даму, заңдарын зерттесе, психология адамның бір-бірімен қатынасында ойын, еркін, сезімін және пікірін жеткізу үшін тіл материалдарын қолдану процесі — сөйлеуді зерттейді.

«Тіл» дегеніміз белгілі бір ұлттың ішкі заңдылықтарын қалыптасып, жүйеге түскен қатынас құралы екені белгілі. Ал даму деген ұғымды көпшілік әдебиеттерде қарапайым түрден күрделі түрге көшу деп түсіндіреді. Психика (сөйлеу) даму үшін жаңа мен қатар бұрыннан қалыптасқан негіздер болуы шарт. Қазақтың көрнекі психологі М. Мұқанов психиканың дамуында көнеден қалған негізді инвариант (лат - өзгерілмейтін) оған тіректелетін жананы «өзгерілгіш» деп атады.

Бұл туралы М.Мұқанов былай дейді. «Психика үнемі өзгеріске ұшырайды, бірақ оның құрамы бәрі бірдей өзгермейді, оның көп және аз мөлшерде дамуға ұшырайтын қасиеті бар. Сонымен қатар, аз өзгерілетін қасиеттері (инвариант) психикалық дамудың тірегі және негізгі шарты болып есептеледі».Тіл дамыту мәселесінде де осыны айтуға болады. Яғни баланың сөздік қоры игерген тіл единицаларының негізінде (су, сушы, сулық суару) молаяды.

Қазақ тілі мен әдебиетіне арналған бағдарлама: «...тіл дамыту жұмыстарында оқушының сөздік қорын, сөз байлығын толықтыру, өз ойын анық дұрыс етіп ауызша, жазбаша жеткізе білуге баулу, қазақ әдеби тіл нормасында жатық, әдепті сейлеуге дағдыландыру»,—десе, М. Балакаев: «...сөз байлығын молайту, сөз тіркестерін, сөйлемдерді дұрыс түсініп, дұрыс құрай білу, сөздердің орфоэпиялык нормаларын сақтап, дұрыс оқу-қазақ тілі пәнін меңгертуде оқушылардың бәріне бірдей қойылатын ортақ талаптар», - деп анықтайды.

Ал Аханов тіл дамытуды: «Айтайын дегенді дәлмедәл, ашық айқын және әсерлі түрде жеткізіп беру ол үшін тілді, әсіресе оның байлығын, көркемділігі мен үнділігін, сан сырлы мағынасы мен өткірлігін, эмоциональды болуы мен эксперсивті қызметін жан-жақты меңгеру», деп біледі.Ш.Уәлиевтің пікірінше, балада сөз мәдениеті қалыптасады, егер «алдымен әдеби тілдің грамматикалық лексикалық, стилистикалық, орфоэпиялык нормаларын меңгерсе, сонымен бірге, бейнелеуіш, көріктеуіш амал-тәсілдерді, қарым-қатынас жасаудың мақсаты мен мазмұнына сай етіп қолдана білсе», — дейді.[1]

Бұл пікірлерден мынандай қорытынды жасауға болады. Тіл дамытуды тіл білімінің заңдылықтарына сүйне жүргізу қажеттігіне саяды. Шын мәнінде солай ма? «Тіл дамыту, дейді X.К.Арғынов, — баланың ойлау процесімен байланысты әрі психологиялық фактор, әрі тіл білімін зерттеу объектілерінің бірінен саналады. Баланың тілін да-мыту жеке сөздердің басын біріктіріп сауатты сөйлеуге (жазуға) баулу - психология, тіл ғылымының заңдылықтарымен тығыз байланысты құбылыс».

Бұл пікірді Б.В.Беляев та қолдайды. «Белгілі бір тілді меңгертуде тіл біліміне сүйенбей, сол тілде ойлай білуге үйрету қажет», — дейді.

Тілді меңгеру сөз мағынасын білумен шектелмейді, қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды қатесіз тану үшін адам санасында белгілі бір ұғымдардың пайда болуы талап етіледі. Ұғымдарды ұғынуда бүтін логикалық ойлау операциялар жүйесі түзілген, адам соның жәрдемімен белгілі бір ұғымға қатысты зат не құбылысты және олардың арасындағы айырмашылықтары мен ұқсас қасиеттерін дұрыс айырады. Мұнсыз тілде ойлану мүмкін емес.

2019 жылға аудан бойынша мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға аудандық бюджеттен 625 мың теңге қаржы бөлініп, 2019 жылдың ІІІ тоқсанында 10 қыркүйек күні Ш.Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінде Қазақстан халқы тілдері күніне арналған «Мәңлігік елдің – мәңгілік тілі» атты мерекелік салтанатты жиыны өткізілді. 2019 жылдың 24 қыркүйек күні «Тілдарын-2019» атты облыстық олимпиадасының аудандық кезеңі өткізіліп, облыстық олимпиадаға №26 орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Жаңабаева Маржан Оразбекқызы жолдама алды. [2]

Аудан бойынша жергілікті атқарушы және өкілді органдар мен олардың құрылымдық бөлімдері бойынша 2019 жылдың ІІІ тоқсанында жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша кіріс құжаттарының саны 22157болса, олардың 21778-і мемлекеттік тілде келген құжаттар екендігі анықталып отыр. Бұл кіріс құжаттарының 98,2% пайызын құрайды. Шығыс құжаттары 8985 болса, олардың барлығы да (100%) мемлекеттік тілде. Сондай-ақ, ішкі шығыс құжаттары да толығымен (2858) мемлекеттік тілде шығысталған.[3]

Ономастика және тіл саясаты бойынша 2019 жылдың ІІ тоқсанында атқарылған жұмыстар

2019 жылдың ІІ тоқсанында аудан бойынша мемлекеттік тілсаясатын жүзеге асыруғааудандық бюджеттен 625 мың теңге қаржы бөлініп, «Текті сөздің төресі» аудандық термешілер байқауы, Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің аудандық байқаулары ұйымдастырылды.

Аудан бойынша жергілікті атқарушы және өкілді органдар мен олардың құрылымдық бөлімдері бойынша 2019 жылыдың ІІ тоқсанында жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша кіріс құжаттарының саны 20380 болса, олардың 20107-і мемлекеттік тілде келген құжаттар екендігі анықталып отыр. Бұл кіріс құжаттарының 98,6% пайызын құрайды.Шығыс құжаттары 7576 болса, олардың барлығы да (100%) мемлекеттік тілде. Сондай-ақ, ішкі шығыс құжаттары да толығымен (3011) мемлекеттік тілде шығысталған.

Аудан бойынша 2019 жылдың 1-ші тоқсанында мемлекеттік тілді оқыту курсы бойынша 45, орыс тілі курсы бойынша 48, ағылшын тілі бойынша 48 тындаушылар курстан өтіп, сертификат табысталды.

Ономастика және тіл саясаты бойынша 2019 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстар
Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында Қармақшы ауданында мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру бағытындағы жұмыстар, жоспарланған танымдық, ақпараттық және мәдени-көпшілік шаралар және оның ішінде тілдің үштұғырлылығын аудан тұрғындары арасында насихаттау мақсатында, меншік нысанына қарамастан барлық мекемелер, ұйымдар мен кәсіпорындарда, мектептер мен балабақшаларда тілдер туралы заңдылықтарды сақтауға байланысты ақпараттық – түсіндірме жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіліп келеді.

Аудан бойынша жергілікті атқарушы және өкілді органдар мен олардың құрылымдық бөлімдері бойынша 2019 жылыдың 1-ші тоқсанында жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша кіріс құжаттарының саны 18348 болса, олардың 18112-і мемлекеттік тілде келген құжаттар екендігі анықталып отыр. Бұл кіріс құжаттарының 98,7% пайызын құрайды. Шығыс құжаттары 5615 болса, олардың барлығы да (100 пайыз) мемлекеттік тілде. Сондай-ақ, ішкі шығыс құжаттары да толығымен (2924) мемлекеттік тілде шығысталған.[4]

2019 жылдың ақпан айынан бастап аудан орталығында мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар, қызметкерлеріне мемлекеттік, орыс, ағылшын тілдерін ақысыз негізінде оқыту курстары жүргізіліп келеді.

Аудан бойынша 2019 жылдың 1-ші тоқсанында мемлекеттік тілді оқыту курсы бойынша 27, орыс тілі курсы бойынша 24, ағылшын тілі бойынша 24 тындаушылар курстан өтіп, сертификат табысталды.

Ономастика және тіл саясаты бойынша 2018 жылдың қорытындысымен атқарылған жұмыстар

Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында Қармақшы ауданында мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру бағытындағы жұмыстар, жоспарланған танымдық, ақпараттық және мәдени-көпшілік шаралар және оның ішінде тілдің үштұғырлылығын аудан тұрғындары арасында насихаттау мақсатында, меншік нысанына қарамастан барлық мекемелер, ұйымдар мен кәсіпорындарда, мектептер мен балабақшаларда тілдер туралы заңдылықтарды сақтауға байланысты ақпараттық – түсіндірме жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіліп келеді.[5]

2018 жылы аудан бойынша мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға аудандық бюджеттен 711 мың теңге қаржы бөлініп, «Туған тілім – тірлігімнің айғағы» аудандық жазба ақындар мүшәйрасы, «Ой-сана» орыс тілі білгірлері аудандық байқауы, Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің аудандық байқауы, «Ана тілім – қасиетім ардағым» атты байқауы, «Өз тіліңді құрметте» тақырыбында дөңгелек үстел және Қазақстан халқының тілдері күні мерекесіне арналған «Мәңгілік елдің мәңгілік тілі» атты салтанатты жиын мен мәдени шаралар ұйымдастырылды.

Аудан бойынша жергілікті атқарушы және өкілді органдар мен олардың құрылымдық бөлімдері бойынша 2018 жылы жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша кіріс құжаттарының саны 79260 болса, олардың 72546-і мемлекеттік тілде келген құжаттар екендігі анықталып отыр. Бұл кіріс құжаттарының 91,5 пайызын құрайды. Шығыс құжаттары 31205 болса, олардың барлығы да (100 пайыз) мемлекеттік тілде. Сондай-ақ, ішкі шығыс құжаттары да толығымен (14984) мемлекеттік тілде шығысталған.

«Қазтест» жүйесі арқылы анықталатын мемлекеттік тілді В1 деңгейінде меңгерген мемлекетік қызметшілердің үлесі диагностикалық тестілеу нәтижесі бойынша В1 деңгейінде меңгерген мемлекеттік қызметшілер 20 адамды құраса, В1 деңгейін меңгерген мемлекетік қызмет көрсеттетін ұйымдардағы қызметкерлер диагностикалық тестілеу нәтижесі бойынша 6 адамды құрап отыр.[6]

Сонымен қатар мемлекетік қызметшілер және мемлекетік қызмет көрсеттетін ұйымдардағы қызметкерлердің «Қазтест» жүйесі арқылы анықталатын мемлекеттік тілді С1, В1 деңгейі бойынша сертификаттық тестілеуге 2018 жылдың қазан айында 19 қызметкерге қатысып, нәтижесінде С1 деңгейі бойынша 3 (үш) қызметкер, В1 деңгейі бойынша 3 (үш) қызметкер сертификатталды.

Аудан бойынша үш тілде оқыту курсы бойынша 2018 жылдың ақпан айынан бастап аудан орталығында мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар, қызметкерлеріне мемлекеттік, орыс, ағылшын тілдерін ақысыз негізінде оқыту курстары жүргізіліп келеді.

Аудан бойынша 2018 жылдың мемлекеттік тілді оқыту курсы бойынша 90, орыс тілі курсы бойынша 125, ағылшын тілі бойынша 92 тындаушылар курстан өтіп, сертификат табысталды.

Қармақшы ауданы тұрғындарының тілдерді меңгеру деңгейін анықтау мақсатында қойылған сауал нәтижелерін талдайтын болсақ, сұралған респонденттердің барлық бөлігі бұл сауалға оңды жауап берген, яғни 99,7%-ы қазақ тілін еркін меңгерген, сөйлесе алады және жаза аламын деп жауап берген. Осыған байланысты, мемлекеттік тілді білмеймін деп жауап бергендер кездескен жоқ.

Ономастика саласы бойынша

Ономастика саласын үйлестіру үшін ауданда арнайы ономастика мәселелері жөніндегі жұмысшы тобы жұмыс жасап келеді. Аудан әкімдігі жанындағы ономастика мәселелері жөніндегі жұмысшы тобының құрамына әкімдіктің дербес бөлімдерінің басшыларымен бірге Бақ өкілдері, ардагерлер кеңесінің төрағасы, бұрын ономастика саласынан хабары бар, осы мәселелермен айналысқан зиялы қауым өкілдері бар.[7]

2018 жылы жоспарға сай жұмысшы топтың төрт отырысы өткізіліп тиісті хаттамалары жасалып, облыстық ономастика комиссиясының 33 көшеге атау беру туралы оң қортынды берілді.

2018 жылдың кент орталығында орналасқан сыртқы (көрнекі) жарнамалардың мәтіндерінің «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының талаптарына сәйкестігіне сараптамалар жасалып, кәсіпкерлік нысандарға мониторинг жүргізіліп үш кәсіпкерлік нысандарға ескертулер жасалды. Атап айтқанда Жосалы кенті орталығындағы Азия сауда орталығынның мандайша жазуында орталығы деген жазуда «Ғ» әріпі теріс жазылып кетсе Бекетай магазины және Жандос сауда орталығының орысшасында торговый сөзінің «В» әріпі, орталығы сөзінің «Л» әріпі Бекетай сөзінің «А» әріпі түсіп қалған. Кәсіпкерлік нысандардың егелеріне ауызша ескертулер мен ұсыныстар айтылды. 950-60 жылдарда мектепке дейінгі мекемелердің жұмысына арналған ғылыми зерттеулер одан әрі жалғасты. Осы кезеңде тіл дамыту сабақтарындағы балалардың сөздің грамматикалық құрылысын жақсы меңгерулері үшін қандай әдіс-тәсілдерді пайдалану керектігі сөз болды. Мектепке дейінгі тәрбие мәселесінің қалыптасуының жаңа кезеңі 1959ж. 21 майдағы орталық комитеттің “Мектепке дейінгі тәрбие мекемедегі оқыту мен тәрбиелеуді жақсарту шаралары туралы” қаулыға байланысты. Ұлы Октябрь революциясынан кейін біздің республикамызда да мектепке дейінгі тәрбие мекемелерінің жұмысы жедел дамыды. 1917 жылы 1 майда Верный қаласында тұңғыш балабақша ашылды. Бұл бақшаға әртүрлі ұлттан тұратын 100-ге жуық бала қабылданды. 1922ж. Бастап республикада балабақшаға арнап қызметкерлер даярлайтын әйелдер курстары ашылды. Сөйтіп 2 жылда 80 тәрбиеші даярланды. 1926-29 жылдары республикамыздың алыс аудандарына мектепке дейінгі киіз үй, көшпелі киіз үй, қызыл отау секілді мектепке дейінгі мекемелердің жаңа түрлері ашылып, олар алыс комиссариатының шешімі бойыша мектепке дейінгі тәрбие туралы конференция ұйымдастырды. Бұл конференцияда тәрбие әдістері, сауат ашу, мектеп пен балабақшаның байланысы деген мәселелерге көңіл бөлінді.[8]

1938ж. 1 майда Алматы қаласында мектепке дейінгі тәрбие жөніндегі Республикалық методикалық кабинет ашылды. Осы кабинеттің негізінде тәрбиешілер даярлайтын 3, 6, 9 айлық курстар жұмыс істей бастады және бұл курстарда сабақ қазақ тілінде жүргізілді. Курсты бітірушілер алыстағы аудандарға жұмысқа жіберілді. Осы кабинеттің ашылуымен байланысты балабақша жұмыстары жандандырылып балабақшаға арналған программалар, методикалық еңбектер шығарыла бастады. Алғашқыда бақшаға арналған программа орыс тіліндегі программаның негізінде аударылып жасалды. Соңғы шыққан программа сауат ашу бөлімі қазақ алфавитіне негізделіп, ал көркем әдебиет бөлімі қазақ балалар әдебиетінің туындыларынан алынып жасалды. 1964 ж. Шыққан программа балалардың жас ерекшеліктеріне сай шығармалар таңдау мәселесіне ерекше көңіл бөлінді. 1960-70 жж. арасында республикадағы мектепке дейінгі мекемелердің саны 5,2 есе, ал оңдағы тәрбиеленетін балалардың саны 5,6 есеге дейін өсті. 1981-82 оқу жылына арнай шығарылған программа, мектепке даярлық топтарына арналған оқу тәрбие жұмысына көңіл бөлінді.[9]

Қазақ балабақшаларына арнап еңбектер жазған, ғылыми зерттеулер жүргізген ғалымдардың бірі педагогика ғылымдарының кандидаты Б.Баймұратова. Оның “Мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеу тілін дамыту”, “Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы”, “Балаларды мектепке даярлау”, “Біздің кітап” т.б. еңбектерін атап өтуге болады. “Байланыстырып сөйлеу тілін дамыту” деген еңбегінде бақшаға арнаған бағдарлама бойынша тіл дамыту сабақтарын жоспарлау және мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу ерекшеліктерімен дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ балалардың байланыстырып сөйлеу тілін дамытудың тәсілдерімен әдістеріне тоқталады және осы еңбектің соңында жоғары топтарда өтілетін кейбір сабақтардың жоспарын берген.

Бүгінгі Қазақстан – жаңа принциптерге негізделген егеменді мемлекет. Үкімет білім беру мекемелерінен тәуелсіз мемлекетіміздің өркениетті ел болу жолындағы талабына сай азаматты оқыту ісін жаңа сапалы өзгеріске толы деңгейге көтеруді талап етуде. Мұндай үлкен жауапкершілікті іске асыратын, әрине ұстаз. Білім бұлағының көзін ашу бастауыш сыныптан басталады. Олай болса, бастауыш білім – үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы. Озық ойлы, тапқыр да, нәзік, сезімтал, пайымды шәкірттердің іскерлігін мүмкіндігін ескеріп, бағыт-бағдар беру, ой-өрісін дамытатындай логикалық ой тастау әрбір ұстаздың міндеті. Өз міндетін нәтижелі орындауда әрбір ұстаз сабақта түрлі әдіс-тәсілдерді қолданады.Қысқаша психологиялық – педагогикалық сөздік әдіс – мақсатқа қол жеткізетін жол, тәсіл, белгілі жолмен тәртіпке салынған іс-әрекет – деген анықтама береді.[10]

Олай болса оқыту әдістері – оқытудың мақсат-міндеттеріне сай оның мазмұнын оқушыларға меңгертуде мұғалім мен оқушылардың қолданатын амал-тәсілдері мен құралдарының жиынтығы болып табылады. Мұғалім оқыту әдістерінің көмегімен оқушыларға білім беріп, олардың тәжірбиелік әрекетін ұйымдастыруда өзінің іс-әрекетін оқушылардың таным әрекетіне басшылық етуімен байланыстырады. Мұғалім оқытудың нәтижесін арттыруда оқыту әдістеріне қатысты амал тәсілдерімен қатар оның құралдарын да пайдаланады.

Ауыз әдебиетінің қай жанрын алсақ та, оның педагогикалық тұрғыдан тәрбиелік-білімділік мүмкіндіктерінің сан алуандылығы көрінеді. Балалар фольклоры жанрларының ішінде жаңылтпаштардың орны ерекше. Бұл жанр сөздерді бұрмалай айтуға, ойын ашық дәлелді жеткізуге жаттықтырады, бала тілін ширатудың қолайлы құралы. Тілін мүкістендірмей, мүдірмей сөйлеуге үйрету үшін қиын дыбыстары бар сөздерді балаға неғұрлым жиі қайталатса, онда бала сөйлегенде өз ойын дұрыс жеткізуге дағдыланады. Жаңылтпаш балалардың көңіл-күйінің көтерілуіне әсер етеді. Қазіргі кезде жаңылтпаш жаңа мазмұнға ие болып, түрі мне мазмұны жағынан молыға түсті. Жас ұрпақты достыққа, бірлікке, адамгершілікке, ізгі қасиеттерге тәрбиелеудің маңызды құралына айналды.Оларды өзіндік мәніне қарай ажыратып белгілі бір мақсатта қолдануға болады.[11]

Егеменді еліміздің талабына сай мемлекеттік тілді меңгеру, оқыту, қазіргі заманға сай білімді де, тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу педагогтар еншісінде. Бастауыш сыныптағы балаларға тәрбие мен білім беру жұмыстарын ұйымдастыруда олардың сөйлеу, тілін дамыту, байланыстырып сөйлеу мәдениетін жетілдіруге, құрастыра сөйлеуге, сөздік қорының молаюына баса көңіл бөлген жөн.

Заман өзгерген сайын әдіс – тәсілдер көбейіп, жаңарып, толығып жатыр. Балалардың тілін дамытуды, қызықты үйрету үшін жаңа әдістер мен технологияларды өз тәжірибемізде қолдануға ізденеміз. Жаңа технологияны, әдіс – тәсілдерді тиімді қолдану білім сапасын арттырады. Сонымен қатар тілін дамыту, байланыстырып сөйлеу барысында балалардың жас ерекшелігін ескеру әдіс-тәсілдерді таңдаумен сай келеді, сабақ өткізгенде бірінші орынға ойын және ойын түрлері қойылады. Ойын – оқу үдерісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық санат. Тіл дамытуда ойынды көрнекі құралдар, түрлі суреттер , кестелер, ойыншықтар, музыка және т.б. материалдар сабақты көркемдеп отырса, балалардың сөздік қоры біршама толығады, ауызша сөйлеу түрлері кеңейеді. Әрбір сабақта ойын түрлерін және өзара сөйлеу үлгілерін тақырыпқа сай қолданған жөн және тиімді. Тіл дамыту барысында ойын элементтерін дидактикалық материал ретінде пайдаланудың пайдасы бар.

Жас ұрпақ ата-бабамыздан қалған мәдени мұра халық ауыз әдебиетінің өн бойындағы мәнділігі мен маңыздылығынан, ойшылдығы мен қиялшылдығынан, тапқырлығы мен шешендігінен, әсемдігі мен алғырлығынан, тәлім-тәрбиесі мен үлгі-өнегесінен нәр алары анық. Сан ғасырлар бойы ауыз әдебиетіндегі ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келген халықтық тәрбиенің өнеге үлгілері осы уақытқа дейін өзінің педагогикалық мүмкіндіктерінің мәні зор екендігін дәлелдеп келеді. Халық ауыз әдебиеті үлгілері балаларға мейлінше жақын, барынша түсінікті дүние болғандықтан, ол арқылы балалар айнала қоршаған ортаны барлай алады, табиғаттың сиқырлы сырларын сезіне біледі, халықтың әдемілік, әдептілік жайлы ұғымдарын бойына сіңіреді, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып туралы түсінік алады.

Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту әдістемесі-бұл мектепке дейінгі педагогика және психология бөлімінің бір пәні. Бұл-келешек жас ұрпақты жанжақты тәрбиелеу ғылымы. Балалардың сөйлеу тілін, олардың сөздерді және сөйлемдерді байланыстыра сөйлеуіне, грамматикалық формада дұрыс сөйлеуінде сондай-ақ тілдің дыбыстық мәдениетін тәрбиелеуге байлиды. Мәнерлеп оқу-баланың ой-өрісін кеңейту,ақыл-ойын дамыту, мінез-құлқын, еркін тәрбиелеу. Бұл пәннің өзіне тән оқыту тәсілі, әдісі бар.Студенттердің теориялық білімдерін практикамен байланыста жүргізу мақсатын көздейді.

Соңғы жылдары жарыққа шығып құжаттардың қай-қайсысында болмасын балабақшада берілетін тәрбиелеу мен білім беру ана тілі арқылы танылып, анық сөйлеу тілі арқылы жүзеге асады.

Тіл дамыту әдістемесі мектеп жасына дейінгі бала тілін қалыптастыруға бағытталған педагогикалық қызметтің заңдылықтарын зерттейтін ғылыми пән. Әдістеменің басты міндеті ғылыми педагогикалық негізде бала тілін дамытудың тиімді әдістері мен тәсілдерін таңдай білу. Сондай-ақ бұл курстың тағы бір міндеті балалардың ауызша сөйлеу тілін өзінің жолдастарымен, үлкендермен сөйлесе білу дағдыларын қалыптастыру.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет