Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі



бет7/8
Дата07.01.2022
өлшемі84,76 Kb.
#20365
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
жанел

ҚОРЫТЫНДЫ

Қоғамның ертеңі болашағы жас жеткіншектерді тіл мәдениетіне баулу – бүгінгі күннің басты талабы. Қазақ тілі – мемлекеттік тіл болғандықтан қазақ тілін оқытуға көп көңіл бөлінуі керек. Қазақ тілін оқытудағы мақсат – оқушыларды қазақ тілінде ауызекі тілде сөйлесе білуге үйрету, сөздік қорын байыту, жаңадан үйренген сөздерді пайдалана білу, сөйлемді дұрыс айту, мұғалімнің сұрағына түсінікті жауап беру, тәсілдерін меңгерту.

Тіл дамытудың негізі - оқушылардың сөздік қорын байыту және сол сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру. Оқушылар сөзді неғұрлым көп білсе, жұмыстың басқа салалары соғұрлым жедел жүреді.

Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту әдістемесі-бұл мектепке дейінгі педагогика және психология бөлімінің бір пәні. Бұл-келешек жас ұрпақты жанжақты тәрбиелеу ғылымы. Балалардың сөйлеу тілін, олардың сөздерді және сөйлемдерді байланыстыра сөйлеуіне, грамматикалық формада дұрыс сөйлеуінде сондай-ақ тілдің дыбыстық мәдениетін тәрбиелеуге байлиды. Мәнерлеп оқу-баланың ой-өрісін кеңейту,ақыл-ойын дамыту, мінез-құлқын, еркін тәрбиелеу. Бұл пәннің өзіне тән оқыту тәсілі, әдісі бар.Студенттердің теориялық білімдерін практикамен байланыста жүргізу мақсатын көздейді.

Соңғы жылдары жарыққа шығып құжаттардың қай-қайсысында болмасын балабақшада берілетін тәрбиелеу мен білім беру ана тілі арқылы танылып, анық сөйлеу тілі арқылы жүзеге асады.

Тіл дамыту әдістемесі мектеп жасына дейінгі бала тілін қалыптастыруға бағытталған педагогикалық қызметтің заңдылықтарын зерттейтін ғылыми пән. Әдістеменің басты міндеті ғылыми педагогикалық негізде бала тілін дамытудың тиімді әдістері мен тәсілдерін таңдай білу. Сондай-ақ бұл курстың тағы бір міндеті балалардың ауызша сөйлеу тілін өзінің жолдастарымен, үлкендермен сөйлесе білу дағдыларын қалыптастыру.

Тіл дамыту әдістемесі де басқа ғылымдар секілді қоғамдық ғылымдарға жатады. Адамның қоғамда өмір сүруі қанша қажет болса, олардың бірінің бірімен қарым-қатынас жасауы, пікір алысуы, түсінісуі соншалықты қажет болып табылады. Адамдардың бір-бірімен пікір алысу құралы болмаса, табиғаттың жасырын сырын ашып оны меңгеруден күресі, тұрмысқа қажетті материалдық игіліктерді өндірудегі іс-әрекеті де жолға қойылмаған болар еді. Сондықтан да тіл түсінісудің, алысудың құралы бола отырып, қоғамның барлық мүшелеріне түсінікті болуы керек. Яғни қоғамнан тыс тіл болмайды. Тіл сонымен қатар оймен тікелей байланысты. Адамның ойы қоғамның, өмірдегі адамдарды қоршаған айналадағы заттардың, құбылыстардың адам санасындағы көрінісі, сәулесі болып саналады. Яғни сол заттар, құбылыстар туралы адам санасында пайда болған ой тіл арқылы сыртқа шығады. Адам өз өмірінде таныған, түсінген, білген, сезген, терген нәрселерін тіл арқылы баяндайды. Сол себепті де “Тіл дегеніміз – ойдың тікелей шыңдығы”. Бала туғаннан-ақ дайын тілді пайдаланады. Сондықтан да: Ы.Алтынсарин “Өмірге қажетті ауызекі сөйлеу дағдыларына жаттықпайынша қай тілде болса да еркін сөйлеу мүмкін емес” – деп көрсетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет