Қазақстан республикасының білім және ғылым министрілігі



бет2/213
Дата15.01.2023
өлшемі0,71 Mb.
#61339
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   213
1.АННОТАЦИЯ

Ұсынылып отырған оқу–әдістемелік кешен «Экономикалық талдау және қаржылық есепті талдау» пәні бойынша «Қаржылар», «Есеп және аудит», мамандықтарының студенттеріне арналған.


«Экономикалық талдау және қаржылық есепті талдау» қаржылық менеджменттің басты элементі болып табылады және компанияның қаржылық жағдайының ағымдағы бағасын беретін қаржылық көрсеткіштердің өзгеруін зерттейді.
Оқу – әдістемелік кешен студенттерге пәнді игеру үшін қажетті материалдармен толықтырылған. «Экономикалық талдау және қаржылық есепті талдау» пәні бойынша жасалған оқу–әдістемелік кешен студенттен жүйелі түрде жұмыс істеуді талап етеді. Сондықтан әр тақырыпты дәріс сабақтарында зерделегеннен кейін, алған білімін бекіту үшін тақырыптарға қатысты негізгі түсініктер, есептер мен тест тапсырмалары берілген.
«Экономикалық талдау және қаржылық есепті талдау» пәні бойынша оқу әдістемелік құралдың негізігі міндеттері:
- студенттің алған білімін бекіту және тереңдету;
- әдебиетпен дербес жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру және бекіту;
- студенттің өз білімін тәжірибеде қолдана білу дағдысын қалыптастыру:
- студенттердің мерзімді және шетелдік әдебиеттерімен дербес жұмыс жасауға дағдыларын дарыту;
- шетелдерде қаржылық талдау мәселелерін талдауда өз ойларын нақты, бірізділікпен және экономикалық сауатты баяндай білуге икемдеу;
- компьютермен жұмыс дағдыларын дарыту.
Оқу–әдістемелік кешен «Экономикалық талдау және қаржылық есепті талдау» пәні бойынша «Қаржылар», мамандықтарының студенттеріне ғылыми-зерттеу жұмысқа үйретеді және оны жүргізуге тәжірибе алуға көмектеседі. Сонымен бірге студенттің шетелдерде Қаржылық талдауды өздігінен оқып-үйренудің қорытындысы болып табылады.
Оқу–әдістемелік кешен студенттердің дербес жұмысының маңызды бөлігі және оларды өздігімен әдебиеттерді, анықтамалық және статистикалық материалдарды табуға және пайдалануға үйретеді. Студенттер оқу–әдістемелік кешенде берілген тапсырмаларды орындау кезінде берілген тақырыптың теориялық негіздерін терең оқып-білуі тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   213




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет