Қазақстан республикасының білім және ғылым министрілігі



бет14/213
Дата15.01.2023
өлшемі0,71 Mb.
#61339
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   213
Байланысты:
аза стан республикасыны білім ж не ылым министрілігі (1)

31. Субсидиялар- белгілі-бір шараларды үлестік негізде бюджет, бюджеттен тыс және арнайы қорлар есебінен қайтарымсыз қаржаландыруға берілетін ақшалай немесе заттай формадағы жәрдем ақылар.
32. Мемлекетік бюджет - ұлттық экономиканы басқарудың басты механизмдерінің бірі. Ол экономикаға мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау мен пайдаланудың нысандары мен әдістерінің жиынтығы болып табылатын бюджеттік механизм арқылы ықпал етеді.
33. Мемлекеттік бюджет - мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа да қатынасушылары арасында қоғамдық өнім бағасын орталықтандырылған ақша құралдары қорын құру арқылы бөлу мен қайта бөлу және оны кеңейтілген ұлғаймалы өндіріс және қоғамдық қажеттіліктері мақсатына пайдалану үдерісінде пайда болатын экономикалық қатынастар сипатына ие.
34.Мемлекет бюджет саясаты - әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларын жүзеге асыратын бюджеттік нысандар мен әдістерді пайдалану бойынша шаралардың жиынтығын жасайды.
35. Бюджет жүйесі – елдің экономикалық қатынастар мен құқықтық нормаларға негізделген барлық бюджеттерінің жиынтығы.
36. Бюджеттік реттеу – жоғары тұрған бюджеттің төменгіге ресурстардың бір бөлігін және керісінше теңдестіру мақсатында беруімен сипатталатын қайта бөлу жүйесі. Реттеу механизміне мыналар жатады: субсидия, субвенция, реттеуші табыс көздері.
37. Бекітілген табыстар – бюджет қаражаттарының толық немесе бір бөлігінің нақты бюджетке берілуі.
38. Реттеуші табыстар - жоғарғы тұрған бюджеттің төменгіге бағыттайтын қаражаты. Бекітілген және реттеуші табастардың тізімі бюджет жүйесі туралы заңда реттеледі. Егер жиынтық бюджеттегі түсім көлемі әрбір деңгейдегі биліктің функциясын жүзеге асыруға жеткілікті болса, онда бюджет вертикальды теңдестірілген болып есептеледі. Горизонтальды теңдестірілу – жекелеген аймақтардағы бюджеттің кіріс және шығыс бөліктерінің өзара тең болуы. Вертикальды теңдікке қол жеткізу – жалпы теңдестірілудің бірінші кезеңі, ал горизонтальды теңдестірілу екінші кезеңі болып табылады, ол Қазақстанда бюджеттік алу және субвециялар арқылы жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   213




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет