Қазақстан республикасының білім және ғылым министрілігі


Кәсіпорын табыстылығы көрсеткішін талдау міндеттеріне кіреді



бет133/213
Дата15.01.2023
өлшемі0,71 Mb.
#61339
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   213
Байланысты:
аза стан республикасыны білім ж не ылым министрілігі (1)

Кәсіпорын табыстылығы көрсеткішін талдау міндеттеріне кіреді:
- табыстықтың абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерінің жоспарын орындауды бағалау;
- таза табыс қалыптасудың құрылым элементтерін зерттеу;
- факторлардың табыс мөлшеріне ықпал деңгейін табу және сапалы өлшеу;
- табыс бөлу көрсеткіштерін зерттеу;
- табыстылықтың түрлі коэффициенттерін зерттеу;
- табысты тиімді пайдалану бойынша нұсқауларды өңдеу.
Кәсіпорын табыстылығының бірінші абсолюттік көрсеткіші болып өнім өткізуден келген табыс саналады. Өнім өткізуден келген табыс мөлшеріне өнім өндіру деңгейі, өнім сапасы, өткізілмеген өнімдердің қоймаларда және сатып алушыларда жауапты сақталуда болған тауарлар қалдықтарын өзгерту ықпал етеді.
Кәсіпорын табыстылығының екінші абсолюттік көрсеткіші болып жалпы пайда саналады. Ол - өнім өкізілуден алынған қаржылық нәтиже, өнім өткізу табысы және өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құнының айырмасы ретінде есептеледі. Жалпы пайда көптеген факторларға тәуелді, біріншіден, өндірістік өзіндік құнына, өткізу бағасына, сату көлеміне, өткізілген өнім құрылымына.
Табыстылықтың абсолюттi көрсеткiштерi – табыстар не пайда сомасы, ал салыстырмалы көрсеткiштер табыс сомасын өндірісте пайдаланылған не тұтынылған ресурстар көлемiне бөлу арқылы анықталады.
Табыстылықтың абсолютті көрсеткіштері:
- өнім (жұмыс, қызмет ) өткізуден табыс:
- кәсіпорынның өнім сату , жұмыс, қызмет көрсетуден алған ақшалай кірісі (түсім), оны есептегенде қосылған құн салығы мен акциз есепке алынбайды.
Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштеріне кәсіпорын әрекетінің тиімділігін сипаттайтын рентабельдік көрсеткіштері жатады. Көрсеткіштердің үш тобын айқындайды:
а) жалпы активтердің;
б) өнімдердің;
в) ақша қаражатының таза ағылып келу базасында есептелген.
Ең бірінші жалпы активтердің табыстылық деңгейі көрсеткішін атау керек. Тәжірибеде қысқамерзімді активтер табыстылығы сияқты көрсеткіш кеңінен қолданылады.Өнім табыстылығының көрсеткіші– сату көлемінің табыстылығы. Өнім бірлігінің табыстылығы сату баға мен бұйымның өзіндік құны арасындағы айырма қатынасымен анықталады.Табыстылық көрсеткіштерінің үшінші тобы ақшалай қаражаттың таза ағылып келу негізінде есептеледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   213




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет