Бақылау сұрақтары:
1. Қаржылық талдаудың негізгі мақсаты
2. Табыстылықтың абсолюттік көрсеткіші
3. Кәсіпорын табыстылығы көрсеткішін талдау міндеттері
4. Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштер тобы
54. тақырып Ұйымның қаржылық тұрақдылығын талдау
1.Қаржылық тұрақтылық туралы түсінік
2. Төлем қабілеттігі және қаржылық тұрақтылығы
3. Кәсіпорынның тұрақты жағдайының маңызды сипатамасы
4. Қаржылық жағдай сапасын анықтау
5. Қаржылық тұрақтылықты анықтайтын коэффицинттер
Қазіргі жағдайда кәсіпорынның аман қалу кепілі мен тұрақтылық негізі болып оның қаржылық жағдайының тұрақтылығы есептеледі.
Қаржылық жағдай деп кәсіпорынның өз әрекетін қаржыландыру қабілеттігі есептеледі. Қаржылық жағдай – жиынтық ұғым. Ол кәсіпорынның жақсы жұмыс істеуге керекті қаржылық ресурстармен қамтамасыз етуімен, олардың орналасу пайдалылығымен, пайдалану тиімділігімен, басқа заңды және жеке тұлғалармен қаржылық өзара қатынасымен, төлем қабілеттігімен және қаржылық тұрақтылығымен сипатталады.
Төлем қабілеттігі және қаржылық тұрақтылығы – кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайында қаржылық-экономикалық әрекетінің маңызды сипаттары. Егер кәсіпорын қаржылы тұрақты, төлемге қабілетті болса, ол ұқсас профильді басқа кәсіпорындар алдында инвестиция тартуда, кредит алуда, жабдықтаушыларды таңдағанда және квалификациялы кадрларды дайындағанда артықшылықты болады. Ол мемлекет және қоғаммен дауға бармайды, неге десе бюджетке уақытында салық, әлеуметтік қорларға жарна, жұмыскерлер мен қызметкерлерге – жалақы, акционерлерге – дивидендтер төлейді, ал банктерге кредиттерді қайтаруға және олар бойынша пайыз төлеуге кепіл береді.
Кәсіпорынның тұрақты жағдайының маңызды сипатының бірі – оның қаржылық тұрақтылығы. Ол кәсіпорын әрекеті шеңберінде жасалатын экономикалық орта тұрақтылығымен, сонымен қатар оның жұмыс істеу, оның ішкі және сыртқа факторлардың өзгерістеріне белсенді және тиімді әрекет ету нәтижесімен анықталған.
Қаржылық тұрақтылық бүкіл өндірістік шаруашылық әрекет процесінде қалыптасады, ол кәсіпорын тұрақтылығының бас компоненті болып саналады. Оның мәні қаржы ресурстарының тиімді қалыптасуымен, бөлінуімен жіне пайдалануымен анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |