Барлық инвестициялық жобаларды төрт түрге бөлуге болады: тәуелсіз;
өзара шектеуші;
өзара толықтырушы;
өзара ықпал етуші.
Инвестициялық жобалар басқа жобалардың жүзеге асырылуы әсер етпеген жағдайда ол тәуелсіз болып табылады.
Өзара шектеуші – бұл жоба кезінде басқа бір жоба әсерінен басқалардың жүзеге асырылу мүмкіншілігі болмайтын жобалар.
Инвестициялық жобалар бір уақытта қабылданса немесе кері қайтарылса – олар өзара толықтырушы болып табылады.
Өзара ықпал етуші – бұл жоспарланған жобаның жүзеге асырылу әсерінен қосымша тиімділік әкелетін жобалар. Инвестициялық жобаның объектілері жаңа құрылған өндіріс, сонымен бірге қалпына келтіру, кеңею өндірісі болып табылады.
Инвестициялық жобаның ерекшеліктеріне байланысты келесідей типтерге бөлуге болады: шағын жобалар;
ірі жобалар;
мульти жобалар
халықаралық жобалар.
Шағын жобалар – бұл өзінің ерекшелігіне байланысты өте аз шығынды қажет ететін, мақсаты – пайда табу болып табылатын шағын кәсіпкерлікті жүзеге асыруға бағытталған шаралар кешенін сипаттайды. Шағын жобаларды іске асыру мерзімі – қысқа және орта мерзімді болады.
Ірі жобалар – бұл белгілі бір ортақ мақсатқа арналған көптеген жобалардан тұратын мақсатты бағдарламаны білдіреді. Инвестициялық жобалар Бұл бағдарламалар халықаралық, мемлекеттік, ұлттық, аймақтық, салааралық және аралас болып келеді. Бұл инвестициялық жоба құндылығымен немесе капитал сиымдылығы 1 млрд доллардан асатын қаражатты қажет ететін, іске асырылу мерзімінің ұзақтығымен, сондай-ақ, инфрақұрылымдарға кететін шығындарымен және әлеуметтік-экономикалық ортаға негізделген ықпалымен байланысты басқа жобалардан өзара ерекшеленеді. Жобаларды іске асыру мерзімі ұзақ мерзімді болып келеді.
Мульти жобалар – бұл жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды қайта құру, жаңғырту және жаңадан құру мақсатындағы бағдарламаларды білдіреді. Бұл жобаларды іске асыру мерзімі қысқа және орта сипатта болады.