Банкроттық – кәсіпорындардың төлем қабілетсіздігі салдарынан өз жұмысын мәжбүрлі тоқтатуы. Әдетте, фирманың банкроттығы, көбінесе. олардың шығыны кірісінен асып кетуі салдарынан туындайды. Мұндай жағдайда борышқор тек соттың шешімі бойынша ғана банкрот деп танылады. Осыған сәйкес банкрот ерікті не ықтиярсыз түрде жүзеге асырылуы мүмкін. Егер борышқор өзінің төлем қабілетсіздігі жайында сотқа арыз берсе, онда ол ерікті банкрот болып табылады. Банкроттыққа ұшыраған кәсіпорынның кредит берушіге қарызын және басқа да міндетті төлемдерін өтеу туралы үшінші жақтың кепілдігі болмаған жағдайда сот баспасөзде борышқордың қаржы жағдайын жақсартып, кредит берушілердің тілек-шағымдарын қанағаттандыруына жәрдем беруге қабілетті заңи тұлғалар мен азаматтарға арналған тендр жариялай алады.
Банкротқа ұшырау жолдары. Ал экономикалық бағыттың өзі: макроэкономикалық және микроэкономикалық құбылыстар тұрғысынан қарастырылады. Макроэкономикалық әдістеме-нарық теориясының ережелері мен қорытындыларына негізделеді, ал микроэкономикалық әдістеме-фирманың теориялық қорытындыларына негізделе отырып, көбіне банкроттыққа соқтырған экономикалық себептер мен механизмдерді ашуға бағытталады.
Банкроттық ұғымын "етеу қабілетсіздігі" және "төлемсіздік" өлшемдері арқылы анықтау дилеммасы конкурстық құқықтың құқықтық механизмінің негізгі мәселелерінің бірі ретінде жүздеген жылдар бойы заң шығарушының алдында тұрған мәселе.
Бірінші жағдайда, яғни "өтеу қабілетсіздігі" өлшемі бойынша борышкердің дәрменсіздігі туралы тұжырым тек салық немесе басқа да міндетті төлемдерді және несие берушілердің несиелерін борышкердің кері қайтара алмауы – оның қажетті мөлшерде тиісті мүлкі болмағандықтан деген болжамдардан тұрса, ал екінші жағдайда, яғни "төлемсіздік" өлшемін қолданған кезде борышкерді дәрменсіз деп табуға оның төлем қабілеттілігі жөнінде қандай да болмасын болжамдар емес, керісінше нақты мүліктік жағдайы ескеріледі.
Бірақ қазақстандық заңнама бойынша банкроттықтың негізгі өлшемі (критерийі)- ол "дәрменсіздік" екендігі қайта кеткен жөн.
Сотта банкроттық бойынша істі қозғаудың маңызы, борышкердің дәрменсіздігінің жоғарыда аталып өтілген сыртқы белгілері мен өлшемдерінен көмде-кем емес. Бұл жерде мәселе сот тәжірибесінде жинақталған, қолданыстағы заңның кейбір кем тұстарында.
Мәселен заң соттық кредиторлардың банкроттық түралы істерді қозғау туралы арыздары бойынша олардың бастамашылық еркіне көз жұмып бағынуға мәжбүр етіп қойған. Себебі жоғарыда аталған банкроттықтың сыртқы белгілерін қазіргі нарықтық замандағы мүліктік айналымға қатысушылардың кез келгенінен табуға болады. Кредитор борышкерді банкрот деп табу туралы арыз берерде құрамды заң талаптарын сақтаса болғаны, сотысы арыз негізінде 5 күн мерзім ішінде банкроттық туралы істі қозғауы қажет.
Заң шығарушымен банкроттық туралы істі қозғаудың мұндай жетілдірілген механизмі - дәрменсіз борышкердің төлем қабілеттілігін қайта қалпына келтіру жүргізілетін оңалту рәсімдерін кеңінен қолдану үшін жасалған шығар. Бірақ статистикалық деректер бойынша дәрменсіз борышкерді оңалту рәсімдерім ең аяқ тапған істерден гөрі, оларды таратумен аяқталған істер аса басымдырақ келеді.