Қазақстан республикасының білім және ғылым министрілігі


Баланстың құрылымының қанағаттанарлығын бағалау мен талдау келесі көрсеткіштер негізінде жүргізіледі



бет158/213
Дата15.01.2023
өлшемі0,71 Mb.
#61339
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   213
Байланысты:
аза стан республикасыны білім ж не ылым министрілігі (1)

Баланстың құрылымының қанағаттанарлығын бағалау мен талдау келесі көрсеткіштер негізінде жүргізіледі:
1. Ағымдағы өтімділік коэффициенті (жалпы жабу) ағымдағы активтердің (баланс активінің бөлімі) ағымдағы міндеттемелерге (алдағы кезең табыстарын алып тастағандаңы баланс пассивінің 3 бөлімі) қатынастарымен анықталады. Ағымдағы өтімділік коэффициенті кәсіпорынның шаруашылық қызметін жүргізу және ағымдағы міндеттемелерді уақытында жабу үшін айналым қаражаттарымен жалпы қамтамасыз етілуін сипаттайды.
2. Меншікті қаражаттармен қамтамасыз етілу коэффициент меншікті айналым қаражаттарының (меншікті каптал минус ұзақ мерзімді активтер = баланс пассивін І бөлімі минус баланс активінің бір бөлімі), ағымдағы активтер құнына (баланс активінің ІІ бөлімі) қатынасымен анықталады.
Кәсіпорынның баланс құрылымы қанағаттанғысыз, ал кәсіпорын төлем қабілетсіз деуге негіз ретінде келесі талаптардың бірінің орындалуы шарт:
– есепті кезең соңындағы ағымдағы өтімділік коэффициентінің мәні 2,0-ден кем;
– есепті кезеңнің соңындағы меншікті қаражаттармен қамтамасыз етілу коэффициенті 0,1-ден кем.
Баланстың құрылымы қанағатсыз болған жағдайда, кәсіпорынның төлем қабілеттілігін нақты қалпына келтіре алу мүмкіндігін тексеру үшін 6 ай мерзім ішінде төлем қабілеттілігін қалпына келтіру коэффициенті былай есептеледі:
Кв=(Кктл + Пу / По)*( Кктл – Кнтл) / Ктл норм
Мұндағы:
Кктл – Кнтл – есепті кезеңнің басы мен аяғындағы өтімділік коэффициентінің нақты мәні;
Пу – төлем қабілеттілігін қалпына келтіру үшін белгіленген, аймен есептелген кезең (6 ай);
По – есепті кезең;
Ктл норм – 2,0.
Егер қалпына келтіру коэффициенті 1-ден кем болса, бұл кәсіпорынның 6-ай ішінде төлем қабілеттілігін қалпына келтіру мүмкіндігі жоқекнін көрсетеді. Егер қалпына келтіру коэффициенті 1-ден артық болса, онда бұл кәсіпорынның төлем қабілеттілігін қалпына келтіру мүмкіндігін көрсетеді.
Бақылау сұрақтары:
1.Банкрот туралы жалпы түсініктеме
2.Кәсіпорындағы банкроттың пайда болу себептері
3.Кәсіпорынның банкрот болу мүмкіндігі
4.Банкроттық жағдайдың пайда болу мүмкіндігін және оны болдырмаудың қаржылық ағымдарын талдау
5.Банкроттықтың алдын алып, кәсіпорынның төлем қабілетін қалпына келтіру шаралары
6.Кәсіпорынның банкрот болу ықтималдығын талдау




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   213




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет