Тәуекелді сапалық талдау- тәуекелді басқарудың екінші кезеңі түрінде көрінеді. Ол мүмкін болатын барлық тәуекелдерді теңестіріп, салыстырады. Ол салыстырмалы түрде қарапайым болуы мүмкін. Оның басты міндеті – жұмыс пен кезеңдердің орындалуы кезіндегі тәуекелдің себептерін анықтау, яғни тәуекел мүмкін болатын аймақты айқындау, содан кейін арып, барлық тәуеклдерді анықтау болып табылады.
Тәуекелдің сандық талдау- бұл жалпы қаржылық тәуекелдің және ешқандай шығындардың жеке түрлері бойынша нақты көлемін анықтау.
Тәуекелділік дәрежесіне әсер ететін барлық факторларды объективті және субъективті деп бөлуге болады. Объективті факторларға кәсіпорыннан тәуелсіз инфляция, бәсеке, саяси және экономикалық дағдарыстар, экология, кедендік салықтар жатады.Субъективті факторлар тікелей нақты түрін сипаттайды: өндірістік потенциал, кадрлық құрылым, шаруашылық байланыстар, қаржылық жағдай.
Шығындардың мақсаттылығын талдау кәсіпорынның экономикалық тұрақтылығының көрсеткіштерін есепке ала отырып, тәуекелдің потенциалды аймақтарын анықтауға бағытталған. Шығындарды артық жұмсау келесі 4 фактормен немесе олардың қосылуларымен байланысты туындауы мүмкін:
1) құнның ең басында жете бағаланбауы;
2) жобалаудың шектерінің өзгеруі;
3) өнімділіктегі айырмашылық;
4)алғашқы құнның өсуі.
Бақылау сұрақтары: 1. Тәуекелділік ұғымы
2. Кәсіпкерлік тәуекел
3. Өндірістік тәуекел
4. Қаржылық тәуекел
5.Қаржылық тәуекелді басқару процесі 6 сатыдан тұрады
66. тақырып Инвестициялық жоба тиімділігін талдауының мазмұны
1.Инвестициялық жоба туралы түсінік
2.Иинвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау кезеңдері
3. Инвестициялық жобаны дайындау
4. Инвестициялық жобаны сараптау
5. Инвестициялық жобалардың түрлері
6. Жобаның коммерциялық орындалуын талдау
Инвестициялық жоба туралы түсінік. Халықаралық тәжірибеде кәсіпорынның даму жоспары бизнес-жоспар ретінде көрсетіледі, ол негізінен кәсіпорынның даму жоспарының құрылымдастырылған сипаты болып табылады. Егер жоба инвестицияны тартумен байланысты болса, онда ол ол «инвестициялық жоба» деп аталады. Әдетте кәсіпорынның кез келген жобасы, қалай болса да, инвестицияның тартуымен байланысты болады. Жалпы түсінігі бойынша жоба - бұл белгілі бір мақсатқа жетелейтін кәсіпорынның іскерлігін өзгерту жайлы арнайы ұсыныс. Жобаларды әдет бойынша тактикалық және стратегиялық деп ажыратады.