Қазақстан республикасының білім және ғылым министрілігі



бет20/213
Дата15.01.2023
өлшемі0,71 Mb.
#61339
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   213
Байланысты:
аза стан республикасыны білім ж не ылым министрілігі (1)

Бақылау сұрақтары:
1.Талдау ұғымын қалай түсінесіз
2.Экономикалық талдаудың бүгінде кәсіпорындар экономикасында алатын орны
3.Экономикалық талдау міндеттері


2.тақырып Экономикалық талдаудың тарихы мен даму келешегі.

1. Экономикалық талдаудың тарихы


2. Экономикалық талдаудың даму келешегі.
3.Экономикалық талдау жүйелілігі мен кешенділігі
4.Экономикалық талдау пәні мен объектілері
5.Экономикалық талдау мақсаты мен басқа ғылымдармен байланысы

Кәсіпорын қызметін экономикалық талдаудың мәні және міндетін, экономикалық талдау ғылымына анықтама беру, оның негізгі мазмұнын ашу.


Экономикалық талдау басқару шешімдерін қабылдайтын ғылыми база болып табылады. Оны негіздеу үшін потенциалды мәселелерді, қаржылық және өндірістік тәуекелділікті көрсету және болжау, шаруашылық субъектінің табыс пен тәуекелділік дәрежесіне қабылданатын шешімдердің әсерін анықтап, шаруашылық қызмет нәтижесіне талдау жүргізу қажет.
Шаруашылық субъектінің статусының жоғарылауы олардың адында өндірістік және қаржылық мәселелердің шешілуіне мүмкіндік ашып, басқарушылар алдына қаржыландыру көзін табу, инвестициялық саясатты оңтайландыру мәселелерін қояды. Ұйымның қаржылық тұрақтылығын бағалау, төлем қабілеттілігін анықтау және объективті, ғылыми негізделген оңтайлы басқару шешімдерін қабылдау үшін қаржылық талдау қажет.
Сонымен қатар, қоршаған ортаның көптеген құбылыстары мен процестері тек анализ көмегімен ғана таныла алады деп айта алмаймыз. Кей кездерде адамның ойлау қабілеттілігіне сай келетін басқа тәсілдерді қолдану қажеттілігі туындайды. Бұл мағынада талдауға зерттелетін заттың әртүрлі бөлшектері арасындағы байланысты табатын синтез жақын келеді. Қазіргі кездегі диалектика шындықты зерттеудің ғылыми әдістері ретінде талдау мен синтездің бірлігінен шығады. Тек талдау мен синтез ғана біріккен күйде құбылыстардың жан-жақты диалектикалық байланысының ғылыми зерттелуін қамтамасыз етеді.
Талдау ұғымы кең көлемде кішкентай бөлшектерге бөлінген және олардың байланыстарының әртүрлілігіне қарамастан табиғат құбылыстары мен заттарын танудың тәсілі ретінде қарастырылады.
Ғылым мен тәжірибеде талдаудың әртүрлі түрлері қолданылады: физикалық, химиялық, математикалық, статистикалық, экономикалық және т.б. Олар тәсіл, мақсат және объектілері бойынша ерекшеленеді. Физикалық, химиялық және басқа да талдауларға қарағанда экономикалық талдау экономикалық құбылыстардың абстракті-логикалық зерттеу тәсіліне жатады, мұнда микроскопты да, химиялық реактивтерді де қолдану мүмкін емес, тек абстракция күші ғана қолданыла алады.
Адамның талдау қабілеттілігі қоршаған ортадағы өз іс-әрекеттерін әрқашан бағалап отырудың объективті қажеттілігінен туындады және жетілуде. Бұл еңбек пен ресурстарды анағұрлым эффективті жұмсаудың тәсілін іздестіруге итермелейді.
Тұрғын халықтың санының өсуіне, өндіріс құралдарының жетілуіне, адамзаттың рухани және материалдық қажеттіліктерінің өсуіне байланысты талдау дамыған қоғамның ең алғашқы өмірлік қажеттілігіне айналды. Қазірде талдаусыз адамның саналы қызмет етуі мүмкін емес. Ф.Энгельс талдаудың пайда болуының тарихи шекарасына мінездеме бере отырып, былай деп жазған: «Жаңғақты бөлудің өзі талдаудың бастамасы болады». Адамзаттың дамуына байланысты бөлінген жаңғақтар саны да өсуде, әрі оларды бөлу тәсілдері де жетілуде. Талдау объектілерінің шеңбері ұлғаюда, сонымен қатар талдаудың өзі де жетілуде.
Саналы қызметі нәтижесінде адамдардың табиғи ортамен қарым-қатынастары бірте-бірте кеңейді, соның салдарынан адамдар әртүрлі объектілер мен құбылыстар жайлы өз түсініктерін тереңдетті. Бірте-бірте бұл объектілер мен құбылыстарды зерттеуге байланысты талдаудың тереңдетілген түрі қажет болды. Осылайша, математика, химия, медицина және басқа да ғылымдардағы талдау пайда болды.
Бүгінде, экономикалық құбылыстар мен процестерді макродеңгейде зерттейтін жалпытеориялық экономикалық талдау мен бөлек кәсіпорындардың экономикасын зерттеу үшін қолданылатын шаруашылық қызмет талдауы – микродеңгейдегі нақты-экономикалық талдауын айыра білу керек. Егер, жалпытеориялық экономикалық талдаудың ғылыми тұрғыдағы дамуы алдыңғы ғасыр экономистерінің еңбектерінде көрініс тапса, ал шаруашылық қызмет талдауы ғылым ретінде салыстырмалы түрде жақын арада көрініс тапты.
Материалистік диалектика барлық құбылыстар мен процестерді тұрақты қозғалыста, өзгерісте, дамуда қарастыруды қажет деп санайды. Шаруашылық қызметті талдау әдісінің бір сипаттамалық белгісінің қайнар көзі осында – тұрақты салыстырулардың қажеттілігі. Салыстырулар Шаруашылық қызметті талдауда кеңінен қолданылады. Қызметтің нақты нәтижелері өткен жылдардың нәтижелерімен, баса кәсіпорындардың жетістіктерімен, жоспарлы көрсеткіштерімен және т.б. салыстырылады.
Материалистік диалектика әрбір процесс, әрбір құбылысты қарама-қайшылықтардың күресі және бірлік ретінде қарастыру керектігін үйретеді. Осы арадан ішкі қарама-қайшылықтарды, әрбір процестің, әрбір құбылыстың оң және теріс жақтарын зерттеу қажеттілігі туындайды. Бұл да шаруашылық қызметті талдаудың сипаттамалық белгісінің бірі. Мысалы, ҒТП еңбек өнімділігінің артуына, рентабельділік деңгейінің өсуіне және т.б. оң әсерін тигізеді, бірақ қоршаған ортаның ластануы, гиподинамия дамуы және т.б. сияқты оның теріс жақтарын да ескеру қажет.
Талдауда диалектикалық әдісті қолдану кәсіпорынның шаруашылық қызметін зерттеу барлық өзара байланыстарды есепке ала отырып жүргізілуі керек екендігін білдіреді. Ешбір құбылыс дұрыс түсінікті болуы мүмкін емес, егер ол бөлек түрде, басқалармен байланыссыз қарастырылатын болса. Мысалы, өнімнің өзіндік құнының деңгейіне жаңа техниканы енгізу әсерін зерттей отырып, тікелей байланысты ғана емес, сонымен қатар жанама байланысты да ескеру қажет. Жаңа техниканы енгізу нәтижесінде өндіріс шығындары артатыны, сонымен бірге өнімнің өзіндік құны да артатыны белгілі. Бірақ мұнда өз қатарында еңбекақының үнемделуі мен өнімнің өзіндік құнының төмендеуіне жағдай жасайтын еңбек өнімділігі өседі. Осыдан шығатын, егер еңбек өнімділігінің өсу деңгейлері жаңа техниканы ұстау мен іске қосуға кететін шығындарының өсу деңгейіне қарағанда жоғары болса, онда өнімнің өзіндік құны төмендейді, және керісінше. Яғни, осы немесе басқа да экономикалық құбылысты түсініп, дұрыс бағалау үшін басқа құбылыстармен барлық байланыстарын және өзара тәуелділікті зерттеп алу қажет. Бұл шаруашылық қызметті талдау әдісінің әдіснамалық белгісінің бірі.
Жүйелі көзқарас – зерттеу әдіснамасындағы бағыт. Ол көптеген ішкі және сыртқы байланыстары бар жеке элементтерден тұратын күрделі жүйелер сияқты оюъектілерді зерттеуге негізделеді. Жүйелі көзқарас объектіні терең зерттеуге, ол туралы неғұрлым көбірек түсінік алуға, осы объекттінің жеке бөліктері арасында себепті-тергеулі байланысынкөрсетуге мүмкіндік береді.
Жүйелі көзқарастың негізгі ерекшеліктері – қозғалмалылық, өзара қарым-қатынас, өзара тәуелділік және жүйе элементтерінің өзара байланысы, кешенділік, толықтылық, бағыныштылық, бастаушы буынның ерекшеленуі. Экономикалық талдауда жүйелі көзқарас неғұрлым мақсатқа сай басқарушылық шешімдерді таңдау үшін негіз болатын беліген нұсқалардан тиімдісін таңдауға, шаруашылық мәселелерді шешудің ғылыми негізделген нұсқаларын құрастыруға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   213




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет