79. Нақты иеліктегі ақшалайтабыстар – тұтыну бағаларындағы өзгерісті ескерумен міндетті төлемдерді және жарналарды шегергендегі ақшалай табыстар.
80.Жәрдемақы – бұл жұмыстағы уақытша үзіліс кез, сондай-ақ белгілі бір жағдайларда пайда болатын көтіріңкі шығындарды өтеуге арналған кепілдендірілген ақшалай өтемақы.
81. Үй шаруашылығының ақшалай шығыстары – тұтыну шығыстары,; салықтар, алымдар, төлемдер, қозғалмайтын мүлікті сатып алу, тұтынумен байланысты емес өзге де шығындар.
82. Тұтыну шығындары – тұтыну тауарлары мен қызметтерін сатып алуға бағытталған халықтың ақшалай шығыстарының бөлігі. Ол тамақ өнімдерін, алкагольді ішімдіктерді, темекі бұйымдарын, азық-түлік емес тауарларды ақылы қызметтерді кірістіреді.
83. Мемлекеттік борыш –бұл алынған және белгілі бір күнге өтелмеген мемлекеттік қарыздардың сомасы (олар бойынша есептелген пайыздарды қоса).
84. Күрделі мемлекеттік борыш деп - мемлекеттің шығарылған және өтелмеген борышқорлық міндеттемелерінің бүкіл сомасын (бұл міндеттемелер бойынша есептелген пайыздарды қоса) айтады.
85. Ағымдағы борыш –бұл мемлекеттің барлық борышқорлық міндеттемелері бойынша несиегерлерге табыс төлеу және мерзімі келген міндеттемелерді өтеу жөніндегі шығыстар.
86. Мемлекеттік сыртқы борыш – шетелдік несиегерлер турасында белгілі бір күнге, блгіленген мерзімде өтеуге жататын елдің қаржылық міндеттемелерінің сомасы.
94. Мемлекеттік борышты басқару – мемлекеттің өзі және оның кепілдігімен алынған борышқа қызмет көрсету, оны жоспарлы өтеу, жаңа қарыздарды тарту мен жүзеге асырудың шарттарын жасау жөніндегі мемлекеттік шараларының бүкіл спектрі; мемлекеттің оған уәкілетті органдары арқылы ұтымды және тиімді қарыз алуды қамтамасыз ету және мемлекеттік несиеге қызмет көрсетудің құнын оңтайландыру жөніндегі қызметі; басқару келешекте макроэкономикалық қиыншылықтардан және төлем балансының проблемаларынан аман болу мақсатында жүзеге асырылады.
96. Сақтандыру агенті – берілген өкілеттігіне сәйкес сақтандыру ұйымдарының атынан сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлға.