Қазақстан республикасының білім және ғылым министрілігі



бет3/213
Дата15.01.2023
өлшемі0,71 Mb.
#61339
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   213
Байланысты:
аза стан республикасыны білім ж не ылым министрілігі (1)

2.ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

«Экономикалық талдау және қаржылық есепті талдау» пәнінің оқу-жұмыс бағдарламасы 0516000 «Қаржылар» мамадығының 0516053 «Қаржы жұмысы бойынша экономист» біліктілігі бойынша ҚР Бж.ҒМ-нің 24.04.2013ж №150 бұйрығын басшылыққа ала отырып, негізгі мектеп базасына жасалды


Оқу жұмыс бағдарламасы қаржы есебін талдау мен қаржылық есептіліктің мәнін, экономикалық ақпарат пен басқарма жүйесінде оның ролі мен орнын, негізгі теориялық және есептілік түсініктерін, нарықтық экономика жағдайындағы талдаудың негізгі қағидалары мен міндеттерін меңгеруді қарастырады.
Тақырыптардың атаулары, мазмұны және уақыты циклдық комиссиямен белгіленеді және күнтізбелік-тақырыптық жоспарға кіргізіледі.
Бөлімдер мен тақырыптар атаулар оқыту үшін міндетті болып табылады және қысқартылып өзгертілмейді.
Жалпы оқу сағат саны негізгі мектеп база бойынша – 134/94/40 сағат, оның ішінде:
Лекция -94 сағат
Практика: -40 сағат
Семестр-5-70/50/20. бақылау-1,сынақ -1.
Семестр-6-64/44/20.емтихан -1.
Бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау, жұмыс оқу бағдарламасын іске асыру мақсатында оқытудың дәстүрлі жүйесін, жаңа технологияларды (модульдік, несиелік және т.б.); дидактикалық және көрнекі, оқу әдістемелік құралдарды пайдалану ұсынылады.
«Экономикалық талдау және қаржылық есепті талдау» пәні бойынша оқу-жұмыс бағдарламасын іске асыру үшін төмендегідей оқытудың нысандарын пайдалану ұсынылады: дәрістер,семинарлар,тәжірибелік сабақтар, бақылау жұмыстары және т.б.Пән бағдарламасы бойынша теориялық және қажетті тәжірибелік дағдылар мен біліктілік талаптарын бекіту үшін лабораториялық-тәжірибелік сабақтар өткізу керек.
Жұмыстық оқу бағдарламасы келесі пәндер бойынша білім алушылардң бөлімдеріне,іскерліктер мен дағдыларына негізделеді:
Қаржы және несие;
Бухгалтерлік есеп негізі;
Пәнді келесі пәндермен байланыстырып оқыту ұсынылады:
-Қаржылық есеп;
-Салық және салық салу;
-Кәсіпорын қаржысы;
-Қаржылық менеджмент;
-Экономикалық ақпараттарды автоматты өңдеу;
Пән материалдарын мазмұндау кезінде экономикалық ғалымдар саласының Халықаралық ұйымдар қабылданған терминдер мен белгілердің біріңғайлылығын сақтау керек.
«Экономикалық талдау және қаржылық есепті талдау» пәнінің жұмыстық оқу бағадарламасын әзірлеу үшін негіз болып табылады.
Жұмыс оқу бағдардамасын әзірлеуде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары циклға бөлінген оқу уақытының көлемін сақтай отырып:
-жұмыс оқу жоспарында цикл пәндерін зерделеуге бөлінген оқу уақыты көлемі 15-25 пайыз шамасында өзгертуге құқылы ;
-бөлімдер мен тақырыптарға берілген жалпы сағат көлемін бөлуге (пәнді оқытуға берілген жалпы бюджеттік көлемдегі уақыт);
- бағдарламалық материалды бірізділікпен оқытуда дәлелденген өзгерістерді енгізуге;
-жеке тәжірибелік және зертханалық сабақтарды басқа мазмұны сәйкес сабақтармен алмастыруға.
Бөлімдер мен тақырыптардың тізімі жергілікті шартарды және жұмыс берушінің талаптарын есептегенде аймақтық компонентерді енгізген жағдайда тереңдетілген және кеңейтілген жағына өзлеруі мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   213




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет