Ғылым әдісі – бұл құбылыстар мен үрдістерді зерттеудегі әдіс, зерттеу амал-тәсілі.
Экономикалық талдаудың әдісі ретінде шаруашылық үрдістердің диалектикалық зерттеу амалын айтады. Оның жиынтығына кәсіпорынның шаруашылық қызметінің зерттелетін пәнінің мазмұны мен мәнін ашатын, амал-тәсілдер және мүмкіндіктер жиыны.
Экономикалық талдаудың әдістерінде сипаттама ерекшеліктері бар: шаруашылық үрдістерді, құбылыстарды оқытуда көрсеткіштер жүйесін пайдалану, қайсыбір көрсеткіштердің пайда болуына дәлел болған себептерді зерттеу, шаруашылық құбылыстар мен үрдістердің тәуелділігінің себептерін бекіту, көрсеткіштер арасындағы өзара байланысты мөлшерлеу.
Экономикалық құбылыстардың бағалауда мемлекеттік экономикалық әлеуметтік халықаралық топтарымен саясатына сәйкес келуін ескеру қажет. Талдау ғылыми сипатта болуы шарт яғни таным теориясының диалектикалық жағдайына негізделуі керек өндірісті дамытудың экономикалық заңдарына талаптарын есептеп, экономикалық зерттеулердің жақ әдістемелерінпайдалану қажет.
Талдау кешенді болуы қажет, яғни кәсіпорын экономикалық жақтарын қамтуы қажет.
Жүйені ыңғаймен қамтамасыз ету. Бұл талап әрбір зерттейтін обьект күрделі динамикалық жүйе ретінде қарастырғанда қойылады.
Әрбір обьекті қарастырғанда және сыртқы байланыстарды есепке алып олардың жеке элеменнтерінің өзара бағыныштылығы зерттеледі.
Талдау обьекті нақты тура болуы қажет. Ол қорытындылар тура талдамалы есептеулермен негізділуі керек.
Талдау әрекетті болуы шарт, яғни өндіріс барысы мен оның нәтижелеріне белсенді ықпал етуі, өз уақытында жұмыстағы қателіктер туралы н\о басқармасына мәлімет беруі қажет.
Талдау жоспар бойынша жүргізілуі қажет. Талдау оперативті болуы қажет.
Талдаудың еркінділігі ол дегеніміз – талдауға жұмысшылардың көп бөлігінің қатысуын білдіреді.
Талдау тиімді болуы қажет. Яғни оны өткізуге кететін шығындар қайтарымды болуы қажет. Бұл қағидаларды талдаудың кез келген деңгейінде жетекшілікке алуы керек.