20.Тақырып. Экономикалық талдаудың міндеттері мен әдістемесі
1.Талдаудың объектісі, пәні және міндеттері
2. Экономикалық талдаудың басты міндеттері
3. Экономикалық талдаудың әдістерінде сипаттама ерекшеліктері
4. Объектілерді зерттеу әдістері
Әрбір ғылымның өзінің зерттеу пәні болады, ол белгіленген мақсатпен сәйкес, өзінің арнайы әдісі арқылы зерттеледі. Зерттеу пәні болмаса, ғылым де болмайды.
Талдау пәні шарушылық қызметтің нәтижелерінің өзгерісі және қалыптасу себептері болып табылады. Бұл себептерді біліп тану экономикалық құбылыстардың мәнін ашуға мүмкіндік береді және осының негізінде қол жеткізген нәтижелерге дұрыс баға берілеуді бағалауға, өндіріс тиімділігінің жоғарлату резервтерін анықтауға, жоспарларды және басқарушылық шешімдерін негіздеуге мүмкіндік береді.
Шаруашылық қызмет көптеген ғылымдардың зерттеу объектісі болып табылады: экономика, статистика, бухгалтерлік есеп және т.б.
Экономика нақты жағдайда жеке кәсіпорында немесе саласында экономикалық үрдістердің дамуына жалпы, жеке және спецификалық заңдардың ықпалын зерттейді.
Статистика шаруашылық қзыметте болатын жалпы үрдістер мен құбылыстардың сандық жақтарын есептейді.
Бухгалтерлік есеп құжаттандырылған түрінде барлық шаруашылық операцияларды, кәсіпорын құралдарының қозғалысымыен байланысты үрдістерді және оның қызметінің нәтижесін көрсетеді.
Талдау объектісі болып шаруашылық қызметтің экономикалық нәтижелері болып табылады (өндіріс, өнімді жүзеге асыру, ресурстарды пайдалану, өзіндік құн).
Экономикалық талдаудың басты міндеттеріне келесілер жатады:
-Резервтерді анықтау және кәсіпорынның тиімділігін жоғарлату үшін оларды пайдалану жолдарын бекіту.
-Бизнес-жоспарды орындау үшін барлық мүмкіндіктерді тексеру.
-Еңбек, материалдық және қаржылық ресурстарды пайдаланудың экономикалық тиімділігін анықтау.
-Кәсіпорынның жұмыс қортындысын, оның соңғы нәтижесін бағалау.
Экономикалық талдаудың әдістері және оның сипаттамалары
Достарыңызбен бөлісу: |