Байланысты: аза стан республикасыны білім ж не ылым министрілігі (1)
Нарық экономикасы жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың басты мақсаты (міндеті) келесілер болып табылады: - қаржылық жағдайға баға беру және оның есеп беру мерзіміндегі өзгерісі;
- активтер мен олардың қалыптасу көздері арасындағы сәйкестікті, оларды таратудағы рационалды және пайдаланудағы тиімділікті зерттеу;
- айналым капиталының көлемін, оның өсуін (кемуін) және ағымдағы міндеттемелермен арақатынасын анықтау;
- қаржы – есептік және несие шарттарын сақтау;
- кәсіпорын активтері мен оның міндеттемелерінің құрылымын зерттеу;
- ағымдағы активтердің айналымдылық есебі, оның ішінде дебиторлық борыш және қорлар есебі;
- баланстың өтімділігін, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының және төлеу қабілеттілігінің абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін анықтау, кәсіпорын табыстылығын бағалау;
- кәсіпорын табысының салыстырмалы көрсеткіштерін, сондай ақ олардың деңгейінің өзгеруіне әсер етуші факторларды есептеп шығару;
- кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын ұзақ және қысқа мерзімді болжау, яғни оның қаржылық стратегиясын анықтау.
Нарық қатынасы жағдайында кәсіпорынның қызметі және оның дамуы көбінде өзін-өзі қаржыландырумен, яғни меншікті капиталдың көмегімен жүзеге асырылады. Тек меншікті капитал жетпегенде ғана шеттен капитал тартылады. Бұл кезде кәсіпорынның сырттан тартылған капиталдан қаржылық тәуелсіздігі аса маңызды орын алады. Активтердің қорландырылу көздерін талдау кезінде меншікті және қатыстырылған капиталдың көрсетілген көлемі белгіленіп, есеп беру кезеңіндегі олардың өзгеру себептері анықталып, оларға баға беріледі.
Бұл кезде өз меншігіндегі капиталға басты назар аударылады, себебі өз қаражаттарының қоры болуы оның қаржылық тұрақтылығының барлығын көрсетеді. Меншікті капиталдың көлемін ғана анықтап қоймай, сонымен бірге капиталдың жалпы сомасындағы оның үлес салмағын да анықтау маңызды. Бұл көрсеткіш арнайы әдебиеттерде әр түрлі атпен берілген (тәуелсіздік коэффициенті, автономдық коэффициенті), бірақ оның мәні бір ғана - бұл коэффициентке қарап кәсіпорын сырттан тартылған қаржыдан қаншалықты тәуелсіз екендігін және өз қаражатын қаншалықты ерікті түрде пайдалана алатынын көруге болады. Нарық экономикасы жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың басты мақсаты (міндеті) келесілер болып табылады: Бұл коэффициент жоғары болған сайын, банктер мен инвесторлар қаржыландыруға сенімді түрде кіріседі. Бұл коэффициент кәсіпорын қызметінің қандай бөлігі өз қаражатымен, ал қандай бөлігі қарыз қаражатымен қаржыландырылатынын көрсетеді.
Қаржыландыру коэффициенті 1-ден кіші болатын жағдай (кәсіпорын мүлкінің көп бөлігі қарыз қаражатымен қалыптасқан) төлем қабілеттілігінің өте қауіпті жағдайға жеткендігін және несие алуды қиындатқанын көрсетеді.
Жұмсау коэффициентінің төмен мәні кәсіпорынның меншікті қаражатының көп бөлігі иммобильді (айналымнан уақытша оқшауланған) сипаттағы құндылықтарда бекітілгендігін көрсетеді, ал олар тез айналатын қаражаттар емес, яғни ақшаға тез айнала алмайды.
Кәсіпорынның тауарлы - материалдық қорлары мен шығындарының қалыптасу көздерімен қамтамасыз етілуінің абсолютті көрсеткіштері қаржылық тұрақтылықты талдау үшін басты роль атқаратынына сәйкес, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының басты көрсеткіштерінің бірі болып қорларды қалыптастырудың өз көздерімен қамтамасыз етілу коэффициенті саналады, ол меншікті айналым қаражаттарының тауарлы-материалдық қорлар мен шығындардың құнына қатынасымен анықталады. Бұл көрсеткішті тауарлы - материалдық қорлар мен шығындарды жабу коэффициенті деп атайды. Ол келесі формуламен есептеледі (Формула 9):
Ккқ=Мақ/Қтм (9)
мұндағы КҚ/Қ - тауарлы-материалдық қорлардың қамтамасыз етілу коэффициенті;
МАҚ - меншікті айналым капиталы;
ҚТМ - тауарлы-материалдық қорлар.
Материалды айналым қаражаттарын жабу коэффициенті қандай дәрежеде тауарлы - материалды қорлар мен шығындар меншікті қаражаттармен жабылғанын және қарыз қаражаттарын тартуды қажет етпейтінін көрсетеді. Талдау жүргізу үшін қарыз қаражаттарының әрбір баптарының есеп беретін көрсеткіштерін топтық қорытындылармен сәйкестендіру қажет, олардың базистік көрсеткіштерден ауытқуларын анықтап, қатысты өлшемдердің өзерістерін көрсету керек. Сырттан тартылған (қарыз) капитал кредиторлық борыштан тұрады. Дебиторлық және кредиторлық борыштың арақатынасының коэффициенті (10) формула арқылы есептеледі:
Кд/к=ДБ/КБ 10)
мұндағы Кд/к – дебиторлық және кредиторлық борыштың арақатынасы коэффициенті;
ДБ – дебиторлық борыш;
КБ – кредиторлық борыш.
Бұл коэффициент қатыстырылған қарыздың дебиторлық қарыздан қамтамасыз етілу деңгейін көрсетеді. Дебиторлық және кредиторлық борыштың қатынасы негізінен 2:1 болуы керек деп ұсынылған. Егер кредиторлық борыш дебиторлық борышпен қамтамасыз етілмеген болса, онда мұндай жағдайды жағымсыз деп айтуға болады.
Егер кәсіпорынның коммерциялық несиелеу жүйесі дамыған болса, онда дебиторлық борышы қарқынды өсіп кетуі мүмкін. Талдаушының келесі маңызды жұмысы - кәсіпорынның қаржылық жағдайын, оның қаржылық тұрақтылығы дәрежесі бойынша топтауға мүмкіндік беретін абсолютті көрсеткіштерін зерттеу.
Қаржылық тұрақтылықтың абсолютты көрсеткіштері - тауарлы-материалдық қорлардың, олардың қалыптасу көздерімен қамтамасыз етілу дәрежесін көрсететін көрсеткіштер. Тауарлы – материалдық қорлардың (ТМҚ) қалыптасу көздерін сипаттайтын үш негізгі көрсеткіш анықталады:
1) Меншікті айналым капиталының жеткілігі. Бұл көрсеткіш меншікті
капитал мен ұзақ мерзімді активтердің арасындағы айырма ретінде анықталады (Формула 11):
МАК = МК – АҰМ (11)
мұндағы МАК- меншікті айналым капиталы;
МК — меншікті капитал;
АҰМ – ұзақ мерзімді активтер.
Алдыңғы кезеңмен салыстырғанда оның көбеюі кәсіпорынның қызметінің болашақтағы дамуының мүмкіндіктерін көрсетеді.
2) ТМҚ-дың меншікті және ұзақ мерзімді қарыздың қалыптасу көздерінің жеткілікті болуы. Бұл көрсеткіш алдындағы көрсеткішті, яғни меншікті айналым капиталының ұзақ мерзімді міндеттемелер сомасына қосу жолымен мына формула (12) арқылы анықталады:
МАК/ҰЗ = МАК + ҰМ (12)
мұндағы МАК/ҰЗ - ТМҚ-дың меншікті және ұзақ мерзімді қарыздың қалыптасу көздерінің жеткіліктілігі;
МАК- меншікті айналым капиталы;
ҰМ – ұзақ мерзімді міндеттемелер
3) ТМҚ-дың негізгі қалыптасу көздерінің жалпы мөлшері алдыңғы көрсеткішті қысқа мерзімді несиелер мен қарыздар сомасына қосу жолымен, мына формула арқылы анықталады (Формула 13):
НК=МАК/ҰЗ + АМ (13)
мұндағы МАК- меншікті айналым капиталы;
АМ – ағымдағы міндеттемелер;
НК – негізгі көздер.
ТМҚ-дың, олардың қалыптасу көздерімен қамтамасыз етілуінің үш көрсеткішін есептеу кәсіпорынның қаржылық жағдайын оның тұрақтылық дәрежесі бойынша келесі төрт типке бөлуге мүмкіндік береді:
- қаржылық жағдайдың абсолютті тұрақтылығы: ҚШ (қарыз шығындары) МАК (меншікті айналым капиталынан) кіші болса;
- қаржылық жағдайдың қалыпты тұрақтылығы: МАК/ҰЗ ҚШ-нан кіші ал ҚШ НК-ден кіші болса;
- тұрақсыз қаржылық жағдайы: НК ҚШ-дан төмен болса, дағдырысты (қауіпті) қаржылық жағдайы.