Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қ. ЖҰбанов атындағы ақТӨбе өҢірлік мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет72/105
Дата26.01.2022
өлшемі2,03 Mb.
#24406
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   105
Орталық  Азия  мемлекеттерімен  ынтымақтастық.  Елбасы,  мемлекет 
құрамы  тәуелсіздікке  қол  жеткен  тұстан  ғасырлар  бойы  туысқандық,  мәдени, 
саяси  және  экономикалык,  қарым-қатынаста  болып  келген  көршілес  Орталық 
Азия мемлекеттерімен ынтымақтастықты жетілдіруге ерекше мән беріп келген. 
Аймактың ең ipi мемлекеті ретінде ғана емес, экономикасы едәуір алға басқан 
Қазақстан  аймақ  бойынша  көршілес  елдермен  тығыз  қарым-қатынас  орнатуға 
қызығушылық  білдіруде.  Біздің  мемлекетіміздің  ендігі  жердегі  қарқынды 
дамуы  аталмыш республикалармен  қалыптасатын  қарым-қатынаспен  де  тығыз 
байланысты.  Сол  себепті  Қазақстан  Орта  Азиялық  Одақ  құру  идеясын  алға 
тартып  отыр.  Бұл  бірлестікке  Қазақстаннан  баска  аймактың  Өзбекстан, 
Қырғызстан,  Тәжікстан  және  Түркменістан  сияқты  мемлекеттері  де  кipyi 
мүмкін.  2006-2007  жылдар  аралығында  Орталық  Азия  мемлекеттері 
президенттерінің  Астанаға  іс-сапарлары  барысында  және  Қазақстан 
басшылығының  аталмыш  аймақ  мемлекеттеріне  ресми  сапарлары  барысында 
мемлекетаралық  саяси-экономикалық  және  әлеуметтік-мәдени  қарым-
қатынастардың  дамуына  негіз  болатын  маңызды  екі  жақты  келісімдер 
қабылданды.  Бұл  құжаттар  Қазақстанның  көршілес  мемлекеттерімен 
байланысын  нығайта  түсіп,  Орта  Азиялық  Одақ  идеясын  жүзеге  асыру  үшін 
айтарлықтай серпін беріп отыр. 
Ресей  Федерациясымен  ынтымақтастық.  Қазақстанның  сыртқы 
саясатының  басты  бағыттарының  бipi  Ресеймен  қарым-қатынас  болып 
табылады. Бұл мемлекетпен біздің ел көп жылдар бойы тығыз қарым-қатынаста 
болып келеді. Өзара бөлісіп жатқан мемлекеттік шекараның ұзындығының өзі 


7591  шақырымға  созылып  жатыр.  Мемлекетаралық  достастық  екі  бipдeй  ел 
халқының  Президенттер  басшылығы  аясында  өзара  тығыз  байланысы 
арқасында  дамып  отыр.  Қазақстан  мен  Ресей  арасында  отын-энергетикалық 
кешен, көлік және коммуникация, әскери-техникалық және қорғаныс өнеркәсібі 
caлалары бойынша байланыс орныққан. Қазақстан-ресейлік қарым-қатынастың 
біртұтас  спектрі  көптеген  екі  жақты  құжаттар  және  келісімдермен  реттеліп 
және өзара қарым-қатынаспен қоса екі бipдeй мемлекет аймақтағы әскери-саяси 
және  экономикалық  сипаттағы  көптеген  аймақтық  ұйымдар  шеңберінде  өзара 
белсенді  әрекеттесуде.  Сөз  тиегі  болып  отырған  Тәуелсіз  Мемлекеттер 
Достастығы, 
Еуразиялық 
Экономикалық 
Қауымдастығы, 
Шанхай 
Ынтымақтастық  Ұйымы  және  Коллективті  қауіпсіздік  туралы  келісім 
Ұйымдары.  2017  жылы  Қазақстан  мен  Ресей  өзара  дипломатиялық  қарым-
қатынас құрғанынына 22 жыл толады. 
Кытай 
Халық 
Республикасымен 
ынтымақтастық
Біздің 
мемлекетіміздің  тағы  да  бір  көршілес  елмен  қарым-қатынасы  серпінді  даму 
үстінде. Бұл - Кытай Халық Республикасы. Жыл сайын екі ел арасындағы тауар 
айналымы өсіп, экономика, мәдени-гуманитарлық ынтымактастық салаларында 
көптеген  ipi  жобалар  жемісті  іске  асырылып  келеді.  Ұдайы  қарым-қатынас 
арқасында екі ел басшылылығының арасындағы байланыс нығайып келеді. 
Америка  Құрама  Штаттарымен  ынтымақтастық.  Оған  қоса 
Қазақстанның Америка Құрама Штаттарымен байланысы жылдан жылға нығая 
түсуде.  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Назарбаевтың  2006  жылы 
АҚШ-қа  ресми  сапары  қазақстандық-американдық  ара-қатынастың  дамуына 
және нығая түсуіне септік еткен маңызды шара болды. Сапар барысында екі ел 
арасында болған сындарлы сұхбаттар кезінде қауіпсіздік, терроризммен күрес, 
энергетикалық 
саладағы 
байланыстың 
дамуы 
және 
Қазақстан 
Республикасындағы  жоғарғы  технологиялық,  инновациялық  өндірістерді 
дамыту процесіне американдық компаниялардың ат салысуы талқыланды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет