Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қ. ЖҰбанов атындағы ақТӨбе өҢірлік мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет73/105
Дата26.01.2022
өлшемі2,03 Mb.
#24406
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   105
Ислам әлемімен ынтымақтастық. Қазақстанның ислам әлемімен қарым-
қатынасының  тереңдей  түcyi  турасында  2006-2007  жылдары  аралығында  бұл 
байланыстың  қарқыны  күшейгенін  айырықша  атаған  жөн  болады.  ҚР 
Президенті  Н.Назарбаев  2007  жылы  Мысыр,  Иордан,  Катар,  Сирия,  Біріккен 
Араб  Әмірліктерінде  ресми  сапармен  болып  қайты.  Ал  Қазақстанға  Мысыр 
Президенті  X.Мубарак  және  Иордания  королі  Абдалла  II  келді.  Бұның  бәрі 
біздің  еліміздің  және  ислам  мен  араб  әлемі  арасындағы  қарым-қатынасының 
жаңа  деңгейге  көтерілгендігінің  бірден-бір  белгісі  болып  табылады.  Мысалға 
2007  жылдың  қараша  айында  Елбасының  Сирия  Араб  Республикасына  ресми 
сапары  елеулі  оқиға  болды.  Бұл  біздің  ел  Президентінің  араб  және  мұсылман 
әлемінде  ықпалы  зор  Сирия  мемлекетіне  деген  алгашқы  сапары  болды.  Бұл 
мемлекет территориясында Қазақстанның тарихына тікелей байланысы бар ұлы 
ғұламалар  жерленген.  Олар  қазақ  даласынан  шыққан  бүгінде  Дамаскеде 
жерленген  ұлы  ғалым,  ағартушы  Әбу  Насыр  Әл-Фараби  мен  аты  аңызға 
айналған қолбасшы, әмірші Сұлтан Бейбарыс.  
Осы  ретте  тарихи  және  мәдени  мұраларды  әрдайым  сақтап,  дәріптеген 
Қазақстанның  Дамаскедегі  Әл-Фараби  кесенесін  салуға  және  Сұлтан 


Бейбарыстың  кесенесінде  жөндеу  жұмыстарын  жүргізуге  қаржы  бөліп 
отырғандығы  да  кездейсоқтық  емес.  Бүгінгі  күні  республикамыз  әлем 
ауқымындағы  өзекті  Батыстың  жетекші  мемлекеттері  мен  ислам  әлемі 
арасындағы «Батыс — мұсылман әлемі» диалогын дамыту идеясын алға тартып 
отыр, әзірше бұл сыртқы істер министрлері деңгейінде жүзеге асуда. Қазақстан 
аталмыш  идеяны  әлем  діндерін  біріктірген  және  дінаралық  сұхбат  кұруға 
мүмкіндік берген өзінің халықаралық тәжірибесіне сүйене ортаға салуда. Бұған 
мысал  мемлекетімізде  2003,  2006  және  2009  жылдарда  үш  рет  өткен  және 
халықаралық  деңгейде  жоғары  бағаға  ие  болған  Әлем  және  дәстүрлі  діндер 
басшыларының  съезі.  ҚР  Президенті  БҰҰ  Бас  Ассамблеясының  62-i 
сессиясында  сөйлеген  сезінде  болашақ  съездің  БҰҰ  аясында  өткізілуі  туралы 
ұсыныс жасады. 
Еуропа  Одағымен  ынтымақтастық.  Тәуелсіздік  алған  сәттен  қазақ 
елінің  Еуропа  Одағына  мүше  елдер  арасындағы  қарым-қатынас  едәуір  алға 
басты.  Бұл  ретте  мемлекетіміздің  ЕО-мен  «ЕО  үштігі  -  Орталық  Азия  елдері» 
диалогы  шеңберіндегі  ара-қатынасын  атап  өту  қажет.  «ЕО  үштігі  -  Орталық 
Азия  елдері»  аясындағы  сәтті  сұхбат  2007  жылдың  көктемінде  Астана 
қаласында  өтті,  оның  барысында  ЕО-ның  Орталық  Азиядағы  2007-2013 
жылдарға арналған елеаралық қатынастар жобасы талқыланды. Сол жылдың 30 
маусымында  Берлин  қаласында  Еуроодақтың  Орталық  Азияға  қатысты 
Стратегиясының  тұсаукесер  рәсімі  өтті.  Демократиялық  реформалар 
нәтижесінде  Қазақстанның  саяси,  экономикалық  жетістіктерін  халықаралық 
қауымдастықтың  мойындауы  және  әлемдегі  энергетикалық  қауіпсіздікті 
қамтамасыз  етудегі  біздің  республиканың  ықпалының  өcyi  Н.Ә.Назарбаевтың 
ТМД  Төрағасы  ретінде  2006  жылы  Санкт-Петербургте  өткен  G-8  саммитіне 
қатысуға  мүмкіндік  берді.  Саммит  аясында  әлемдік  және  аймактық  алып 
мемлекеттердің  басшыларымен  кездесіп,  олармен  болған  сұхбат  барысында 
Н.Ә.Назарбаев  екі  жақты  және  көпсалалы  ынтымақтастыққа  байланысты 
көптеген мәселелерді ұсынды. 
Посткеңестік 
мемлекеттерімен 
интеграциялық 
процестер
Республиканың  сыртқы  саясаты  стратегиясында  бұрынғы  кеңес  кеңістігінде 
қалыптасқан  интеграциялық  процестер  ерекше  орынға  ие.  Біздің  мемлекет 
бұрынғы  КСРО  республикаларының  басым  бөлігін  бірлестірген  Тәуелсіз 
Мемлекеттер Достастығын сақтап, оны дамыту турасында біршама ic атқарған. 
Казіргі заманғы Қазақстан Президенті 2006 жылдың мамыр айынан бастап 2007 
жылдың  қазан  айына  дейін  ТМД-да  төрағалық  етіп  Достастықтағы 
интеграциялық  процесстердің  дамуына  жаңа  серпініс  берді.  Төраға  ретінде 
Қазақстан  ТМД  ұйымының  жалпы  тиімділігін  арттыру  мақсатында 
Достастықты реформалаудың Концепциясын даярлап ұсынып ТМД мүше басқа 
елдердің  талқылауына  салды.  2007  жылдың  қазан  айында  түрікпен 
республикасы  астанасы  Душанбеде  өткен  ТМД  саммиті  барысында  аталмыш 
Концепция  қабылданды.  2007  жылдың  маусым  айында  Санкт-Петербургте 
өткен  Достастыққа  мүше  мемлекеттер  басшыларының  ресми  емес  саммитінде 
Қазақстан  Президентінің  ұсынысы  республикамыздың  ТМД  ұйымының 
қажеттілік  деңгейін  арттырудағы  тағы  да  бір  айтарлық  қадамы  болды. 


Қазақстан  басшысы  ендігі  жерде  Достастық  көшбасшылары  жылына  бip 
көкейкесті мәселені қарастыруды ұсынды. Бірінші болып ТМД мемлекеттерінің 
бәріне  ортақ өзекті мәселе  көші-қон  тақырыбы  қарастырылды.  Ал  2008 жылы 
ТМД  Төрағасы  ретінде  Қазақстан  көлік  және  коммуникация  мәселесін 
талқылауды ұсынды. Бұрыңғы кеңес кеңістігінде экономикалық беделі жоғары 
Қазақстан мемлекеті Еуразиялық Экономикалық Қауымдастыққа мүше жетекші 
мемлекет  болып  табылады.  Аталмыш  Ұйымға  Қазақстаннан  басқа  ТМД-ның 
бес  мемлекеті  мүше.  Олар  Ресей,  Өзбекстан,  Қырғызстан,  Беларусь  және 
Тәжікстан.  Біздің  республикамыздың  экономикалық  мүмкіндіктері  мен 
белсенділігі бұл ұйымның даму қарқынына айтарлықтай септік етуде. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет