Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қ. ЖҰбанов атындағы ақТӨбе өҢірлік мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет74/105
Дата26.01.2022
өлшемі2,03 Mb.
#24406
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   105
Қазақстан  Республикасы  мен  ТМД  арасындағы  қатынастар.  Тәуелсіз 
Қазақстан  және  Тәуелсіз  Мемлекеттер  Достастығы  Кеңес  одағының  ыдырауы 
салдарынан  шаруашылық-өндірістік  кеңістік  тарап, кәсіпорындардың,  ғылыми 
және  өндірістік  бірлестіктердің  арасындағы  байланыстар  үзілді,  сондай-ақ 
біртұтас  елдің  аумағындағы  бұрынғы  республикааралық  шекаралар 
мемлекетаралық  шекараларға  айналды.  Шекаралардың  мемлекетаралыққа 
айналуына  байланысты  өзара  сауда  және  басқа  да  экономикалық 
қатынастардың  жолында  бір  мезетте  көп  бөгеуіл  туындап,  жаңа  тәуелсіз 
мемлекеттердің экономикаларын қыруар шығынға батырды. 
Осы  жағдайда  Қазақстан  мен  басқа  да  бұрынғы  кеңес  республикалары 
әрбір  әріптестердің  мүддесін  бірдей  ескерумен  қатар,  еңбекті  өзара  тиімді 
бөлудің  нәтижесінде  дамудың  барынша  жоғары  ортақ  нәтижесіне  жетіп  қана 
қоймай,  біртұтас  одақтас  экономика  күйреуінің  шығынын  барынша  азайтуға 
мүмкіндік 
беретін 
жаңа 
экономикалық 
өзара 
қарым-қатынастарды 
қалыптастырып,  шаруашылық  ынтымақтастықтың  жаңа  кешенін  іске  асыру 
проблемасын шешуге тиіс болды.  
1991  жылғы  желтоқсанда  құрылған  Тәуелсіз  Мемлекеттер  Достастығы 
(ТМД)  осы  мақсаттарға  жетуге  тиіс  еді.  ТМД  өзінің  қызметін  халықаралық 
құқық  қағидасына  негіздейтін  толық  құқықты  халықаралық  ұйым  ретінде 
алдына келесі міндеттерді қойған: 
-  әрбір  қатысушы-елдің  экономикалық  реформалар  мен  мемлекеттік 
құрылыстың  өзінің  меншік  үлгісін  жүзеге  асыруға  мүмкіндігінше  көмек 
көрсету; 
-  экономикалық  та,  саяси  да  саланың  бар  аясында  өзара  қатынастардың 
дамуына ықпал ету; 
- қалыптасқан рухани, гуманитарлық және мәдени байланыстарды сақтау 
үшін жағдай жасау. 
Беловежье  жерінде  қол  қойылған  келісімінде  жазылған  барлық  осы 
ережелер  ТМД-ның  1993  жылғы  Жарғысында  да  нық  аталған.  Осы  құжатта 
жоғарыда айтылғаннан басқа келісілген экономикалық саясаттың келесі негізгі 
бағыттары қарастырылады: нарықтық қатынастар мен тауарлардың,  қажетті іс 
қимылдардың,  жұмыс  күші  мен  капиталдың  еркін  қозғалысы  негізінде  ортақ 
экономикалық кеңістік қалыптастыру болды. 
Қазақстан  Республикасы  және  Армения  Республикасы  арасындағы 
дипломатиялық  қатынастар  1992  жылғы  27  тамызда  орнатылды.  1992  жылғы 


қазаннан  бастап  Қазақстан  Республикасында  Армения  Республикасының 
Елшілігі  ашылып  екі  ел  мүддесіне  жұмыс  істей  бастаған.  2007  жылғы  1 
наурыздан  бастап  Армения  Республикасында  Қазақстан  Республикасының 
Елшілігі ашылған. 2006 жылғы 20 қазаннан бастап Қазақстан Республикасының 
Армения  Республикасындағы  Төтенше  және  Өкілетті  Елшісі  ашылған.  2013 
жылғы  22  қазаннан  бастап  Армения  Республикасының  Қазақстан 
Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызмет атқарады. 
Саяси  қатынастар.  Қазақстан  және  Армения  тәуелсіздік  алғалы  бері 
екіжақты қарым-қатынас әріптестік және өзара тиімді ынтымақтастық рухында 
дамып келеді. Қазақстан Республикасы мен Армения Республикасы арасындағы 
қатынастардың негіздері туралы шарт (1993 жылғы 19 қаңтар) және Қазақстан 
Республикасы  мен  Армения  Республикасы  арасындағы  достық  және 
ынтымақтастық  туралы  шарт  екіжақты  қарым-қатынастарды  реттейтін  негізгі 
құжаттар  болып  табылады,  соңғы  құжатқа  Армения  Республикасының 
Президенті  Қазақстан  Республикасына  ресми  сапары  (1999  жылғы  1-2 
қыркүйек) барысында қол қойылды. 
Қазақстан мен Армения арасында барлық деңгейлерде сенім білдірілетін 
диалог  орнатылған.  Өзара  тиімді  сауда-экономикалық  ынтымақтастықты 
ұлғайтуға қатысты екіжақты ұмтылыс Президент Н.Назарбаевтың 2001 жылғы 
23-24  мамырда  Армения  Республикасына  жасаған  ресми  сапары  барысында 
және Армения Республикасының Президенті 2006 жылғы 6-7 қарашада болған 
Қазақстан Республикасына ресми сапарлары барысында толық айқындалған. 
2010  жылғы  20-21  тамызда  Қазақстан  Республикасының  Президенті 
Н.Ә.Назарбаев  ҰҚШҰ-ға  мүше  мемлекеттер  басшыларының  бейресми 
саммитіне  қатысу  үшін  Арменияға  іссапармен  келді.  2010  жылғы  5-6  шілдеде 
Армения  Президенті  Астанада  ЕурАзЭҚ  Мемлекетаралық  Кеңесінің  27-ші 
отырысының  жұмысына  қатысты.  2011  жылғы  12  тамызда  Армения 
Республикасының  Президенті  Бурабайда  өткен  ҰҚШҰ-ға  мүше  мемлекеттер 
басшыларының бейресми саммитіне қатысты. 
Сауда-экономикалық  қатынастар.  2013  жылғы  Қазақстан  мен  Армения 
арасындағы  өзара  сауда  айналымының  көлемі  7,68  млн.  АҚШ  долл.  құрап 
(экспорт  -  0,81  млн.,  импорт  –  6,87  млн.  АҚШ  долл.),  2012  жылдың 
көрсеткіштерімен (3,71 млн. АҚШ долл.) салыстырғанда 2,07 есе артты.  2014 
жылғы  қаңтар-ақпан  айларында  сауда  айналымы  0,8  млн.  АҚШ  дол.  құрады 
(экспорт  –  0,1  млн.АҚШ  долл.,  импорт  –  0,7  млн.  АҚШ  долл.).  Қазақстаннан 
Арменияға экспортқа шығарылатын негізгі өнімдер металл өнімдері (56,4%), әр 
түрлі  құрал-жабдықтар  (24,8%),  конденсаторлар,  панельдер,  баспа  өнімдері 
және  т.б.  болып  табылады.  Қазақстанға  әкелінетін  армян  экспортының 
құрамында  –  24,3%  зергерлік  бұйымдар,  23,4%  -  құрал-жабдықтар,  15%  - 
каучук және фактис, 13,9% - этил спирті және т.б. 
2013 жылғы 24-25 қазанда Ереванда сауда-экономикалық ынтымақтастық 
жөніндегі  қазақстандық-армяндық  үкіметаралық  комиссияның  (ҮАК)  5-ші 
отырысы болып өтті. Отырыс барысында екіжақты сауда-экономикалық қарым-
қатынастың жәй-күйі мен келешегі, сондай-ақ кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, 
көлік,  денсаулық  сақтау,  қоршаған  ортаны  қорғау,  қала  құрылысы,  мәдениет, 


туризм және ғылым салаларындағы ынтымақтастық бағыттары және Қазақстан 
мен  Армения  арасындағы  шарттық-құқықтық  базаны  одан  әрі  дамыту 
мәселелері  талқыланып  бекітілді.  Кездесу  барысында  тараптар  арасында 
Үкіметаралық  комиссияның  кезекті  отырысын  2014  жылы  Астана  қаласында 
өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткен. 
Мәдени-гуманитарлық  ынтымақтастық.  Қазақстан  және  Армения 
арасындағы  мәдени-гуманитарлық  ынтымақтастық  мәдениет  саласында 
ынтымақтастық туралы келісіммен (2006 жылғы қараша, Астана қ.) бекітілген. 
Қазақстан  мен  Армения  арасындағы  дипломатиялық  қарым-қатынастың 
орнатылуының  20-жылдығын  мерекелеу  шеңберінде  2012  жылғы  27-31  тамыз 
кезеңінде Ереванда «Қазақфильм» делегациясының қатысуымен Қазақстанның 
Армениядағы  кино  күндері  өтті.  Армян  көрерменіне  қазақстандық 
режиссерлердің 5 үздік фильмдері ұсынылды. Лорий облысы Одзун селосында 
(Армения)  2012  жылдың  5-19  қазан  кезеңінде  өткен  кескіндеме  өнерінің  5-ші 
халақаралық  симпозиумына  Қазақстанның  суретшілер  Одағының  5-мүшелері 
қатысты. Сондай-ақ, 2013 жылғы 9 қыркүйекте Ереван қаласында қазақстандық 
суретшіліердің  туындыларынан  ұйымдастырылған  «Армения  бояулары» 
атаулы көрме өтті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет