Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «№66 мектеп-лицей» кмм қысқа мерзімді сабақ жоспары



Дата10.04.2023
өлшемі142,31 Kb.
#81231
түріСабақ
Байланысты:
7 ә сынып ҚМЖ Рахматулла Алмира Нұжанқызы


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«№66 мектеп-лицей» КММ
Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Бөлім:

Тағамдық өнімдердің бір қатарын: көмірсулар (крахмал), нәруыз, майларды білу және анықтай алу.

Педагогтің Т.А.Ә.

Рахматулла Алмира Нұржанқызы

Күні:




Сынып:7 ә

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

№4 практикалық жұмыс Тағам құрамындағы қоректік заттарды анықтау.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

7.5.1.2 -тағамдық өнімдердің бір қатарын: көмірсулар (крахмал), нәруыз, майларды білу және анықтай алу.

Сабақтың мақсаты

Барлық білім алушылар
Тағам құрамындағы қоректік заттарды зерттейді, түсіндіре алады

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау



Ресурстар

Сабақ басы
10 минут

Ұйымдастыру

Кезекші жұмысы







Қатемен жұмыс

6.4.2.8. Ағзалардың бөліп шығару өнімдерін сипаттау.

Ауызша бағалау

Оқушылардың жұмыстары

Сабақтың ортасы
30 минут

Сабақтың соңы


5 минут

Білу және түсіну деңгейі
(топтық жұмыс- ТЖ):
Практикалық жұмыс



Бірінші топқа арналған тапсырма:
А.Биурет реакциясы-нәруызды анықтау.
Реактивтер мен құрал-жабдықтар:
Мыс сульфаты ерітіндісі,натрий гидроксиді,жұмыртқа нәруызы,сынауық,штатив
Жұмыс барысы:
1.Жұмыртқа нәруызын сумен араластырыңдар
2.2 мл нәруызды сынауыққа құйыңдар
3.Тамшуыр көмегімен 2мл натрий гидроксидін және 5тамшы 1%-дық мыс сульфатын қосыңдар

Баллдық бағалау

Таратпа материалдар

Екінші топқа арналған тапсырма:
Майды анықтау тестісі
Реактивтер мен құрал-жабдықтар:
Күнбағыс тұқымдары немесе грек жаңғағы,сүлгі немесе ақ қағаз


Жұмыс барысы:
1.Күнбағыс тұқымдарын немесе грек жаңғағын сүзгі қағазға салыңдар
2.Қасықпен тұқымды басып,жаншыңдар
3.Бақылау жүргізіңдер



Не істедім?

Не байқадым?

Қорытынды










Дескриптор
1.Заттарды толық дәлелмен анықтайды
2.Заттарды анықтайды
3.Заттарды жартылай анықтайды
4.Қауіпсіздік техникасының ережелерін толық біледі


2-тапсырма(жеке жұмыс - ЖЖ):бұл Блум таксономиясының қолдану сатысына жатқызылады. Себебі білім алушылар алған білімдерін одан әрі дамыта түседі, яғни қолданады.( Бұл жерде білім алушылардың жазылым,оқылым, есте сақтау дағдылары дамиды. )
Кестемен жұмыс.
Адам ағзасына қажет тағамдық өнімдерді химиялық заттардың жиынтығына байланысты жіктеңіз: грек жаңғағы, шемішке майы, сиыр еті, жұмыртқа, картоп, айран, нан, күріш, қияр, апельсин, зәйтүн майы, алма, сары май, печенье.

Тағам аты

Құрамындағы

Ақуыз

Көмірсу

Майлар

Дәрумендер

грек жаңғағы













шемішке майы













сиыр еті













жұмыртқа













картоп













айран













нан













күріш













қияр













апельсин













зәйтүн майы













алма













сары май













печенье













Дескриптор: Білім алушы
- адам ағзасына қажет тағамдық өнімдерді химиялық заттардың жиынтығына байланысты жіктейді;
- кестеге ақуызды жіктейді;
- кестеге көмірсуды жіктейді;
- кестеге майды жіктейді;
- кестеге дәруменді жіктейді..
3-тапсырма. (топтық жұмыс- ТЖ):
Тағам құрамындағы қоректік заттарға мысал келтіріп, оны өмірмен байланыстырыңыз.
Дескриптор:
-тағамның құрамындағы қоректік заттарды өмірмен байланыстырып түсіндіре алады;
-тағамның құрамындағы қоректік заттарды адам өміріндегі маңызын түсінеді;





Үйге тапсырма: Тағам құрамындағы қоректік заттар. Тқырыптың соңындағы сұрақтарға жауап беру.







Өзін-өзі бағалау





Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет