148
лы қорытындыға келтіреді. «Біз шексіздіктің бар екенін білеміз, бірақ
оның табиғаты бізге белгісіз, біздің білетініміздей, сандар шектеулі деп
сендіру – жалған. Демек, сандардың шексіз екендігі дұрыс, бірақ біз
оның не екенін білмейміз... Осылайша Құдайдың Кім екенін білмей-
ақ, Оның бар екенін білуге болады». Ары қарай «шексізбен салысты-
ру барысында шекті жойылады да, дара болмыссыздыққа айналады».
Шексіз ғарышқа қатынасы бойынша, әрбір дене, соншалықты үлкен
болса да, ол – жоғалатын кішкентай бөлшек. Сонымен қатар кез келген
соншалықты кішкентай денеде де өзінің аспандары мен планеталары
бар сансыз әлемдер болуы мүмкін.
Паскаль адам ақылының шектеулілігін көре білді. Ол алғаш-
қылардың бірі болып, танымға жүректің сезімдік түйсігін енгізуді
қажет деп санады. «Біз шындықты ақылмен ғана емес, жүрекпен де
танып білеміз... Бастапқы түсініктер сезіммен танылады, теоремалар
ой тұжырымдарымен дәлелденеді». Паскальдың бұл идеялары қайғы-
қасіретке толы өмірінде мың өліп, мың тірілген қазақ халқы үшін
өзгеше маңызды және жанына жақын! Ұлы Абай салқынқанды пара-
сат туралы емес, жарық сәулелі ақыл, яғни жүрек жылытатын ақыл
туралы шаршамастан айтпады ма! Шәкәрім үш шындықты бөліп
көрсетеді. Бұл – философия тарихындағы ақыл мен сенімнің дәстүрлі
шындықтары. Олардың қатарына ол ар-ождан шындығын қосады және
олар біріккенде негіз құрайды деп санайды. Шәкәрімнің осы идеяла-
рына ерекше назар аударған жөн болмақ. Батыс ол шындықтарға екі
дүниежүзілік соғыстан кейін, Хиросима мен Нагасакиді, Бухенвальд
пен Освенцим қасіреттерін бастан кешкен соң келді. Шәкәрім өмір
сүрген уақытта ядролық зерттеулер жаңа басталған-ды және оған бола
адамзат ерекше беймазалық сезіне қоймаған. Сол себепті Шәкәрімнің
кездейсоқ пайда болған идеяларын қазақтың рухани өмірінің
Достарыңызбен бөлісу: