ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы


мыңжылдық дамуының нағыз мәні (квинтессенция)



Pdf көрінісі
бет152/440
Дата07.01.2022
өлшемі2,22 Mb.
#17066
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   440
мыңжылдық дамуының нағыз мәні (квинтессенция) деп бағалаған 

дұрыс болар еді.

Алайда  Паскальға  қайта  оралайық.  Ол  ғылыми  шындыққа  ғана 

емес, оны басқаларға қалай жеткізу керектігіне де үлкен көңіл бөлген. 

Бұл жерде шынайылық пен қарапайымдылық болуға тиіс, адамдардың 

сезімдерін қозғай отырып, адамға жеткен ойларды түсінуге келтіретін 

әртүрлі  бейнелер  мен  суреттер  пайдаланылуы  керек.  Ал  бұл  XVII 

ғасырда айтылған! «Ақыл-парасат» ғасырында Паскаль адам жүрегінің 

ерекше  билігін  (прерогатив)  және  оның  түйсіктерінің  дәлдігін 

дәлелдеумен  болды.  Шындықтың  экзистенциалдық  түсіндірілуіне 

Паскальдың «шындыққа сүйіспеншілік жеткізеді» деген сенімі сәйкес 



149

келеді.  Адамның  ұлылығы  оның  ақыл-парасатында  жатқанмен, 

«жүректің  де  ақыл-ой  білмейтін  өз  заңдары  бар».  «Ақыл  даналығы» 

және «жүрек даналығы» деген бар. Экзистенциалистердің өз филосо-

фиялары бастауларын соларға тірейтіні тегін болмаса керек. Кейіннен 

Гете:  «Ұлы  ақылдың  алдында  басымды  иемін,  ұлы  жүректің  алдын-

да тізе бүгемін», – деген-ді. Бүгінгі күні, XXI ғасырдың басында өмір 

сүріп,  оқытудың  батыстық  технологияларын  көзсіз  көшіре  отырып, 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   440




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет