Ағартудың жүрегі, өзегі ретінде әрекет етті.
жаңаша көзқарас, жаңа дүниетаным қалыптаса бастады.
септігін тигізді.
160
Француз Академиясының мүшесі, философ, тарихшы, заңгер, жа-
зушы Шарль луи де монтескьё (барон де секонда) (1689-1775)
өзінің сатиралық ерте еңбектерінің бірі – «Парсы хаттары» деп ата-
латын шығармасында-ақ француздың дара монархиясын азиаттық
озбырлыққа теңеп, клерикализмге қарсы шықты, дін қайраткерлерінің
екіжүзділігін әшкереледі. Ол жазғандай, христиан діні «сүйіспеншілік
діні» болуға тырысқанмен, өз тарихында көптеген соғыстар мен
қантөгістерге жеткізді. Христиандықта адам ақылының шектеріне
сыймайтын қағидалар соншалықты көп: «олар үшін үш бірге тең»
(Құдай үштігі туралы айтылып отыр), нан – нан емес, шарап – шарап
емес (причастие деп аталатын салт-ғұрыпқа байланысты сөз болып
отыр. – Аудармашы) және т.с.с.
Алайда ол Құдай идеясынан үзілді-кесілді бас тартпайды. Ол де-
ист болды, яғни Құдайдың Табиғатты жаратқанын, ал ары қарай оның
Құдайдың қатысуынсыз, өз бетінше дамитынын мойындайды. Ой-
шыл христиандықты гуманистік өмір бағытына бұруға әрекеттенді.
Оның ойларының желісі төмендегідей: егер Құдай адамдарға олардың
ізгілікті болуы үшін ашылса, онда адамдардың осы өмірде бақытты
болуға ұмтылуы күнәға жатпайды. Егер Құдай адамды жақсы көрсе,
онда адамдар да бір-бірлерін жақсы көруге, бақытқа жету жолында
қолдау көрсетуге тиіс.
Өз заманының күрделі де өзекті әлеуметтік-саяси мәселелерін
терең түсіну мақсатында ол назарын тарихтың терең қойнауына ауда-
рады және ертедегі римдіктердің тарихы туралы еңбек жазады, одан
біз ойшылдың тарих философиясы жөніндегі ұстанымын көреміз. Ол
христиандық провиденциализмді (тарихтың ақыры және қиямет күні
туралы ілімді), сонымен бірге «тарих – қайсыбір замандарда орын
алған кездейсоқ фактілердің жиынтығы» дейтін көзқарасты да теріске
шығарады. Оның пікірі бойынша, «кез келген мемлекеттің шарықтауы
мен құлауының немесе әлсіреуінің рухани және табиғи себептері бар».
Ертедегі Римнің көтерілуі мен күшеюі тарихына талдау жасай
келе, олардың себебін ол адамдар қоғамдық мүдделерді өздерінің жеке
мүдделерінен жоғары қойған және барлық күштерін соларды қорғауға
сарп еткен азаматтық құндылықтардан көреді. Егер республикалық
басқару билігі болмағанда, осындай патриоттық азаматтық
құндылықтар да болмас еді. Осыған сәйкес, Римнің құлау себебін ол
республикалық биліктен императорлық билікке көшуден көреді.
Ойшылдың әлеуметтік-философиялық идеяларын оның «заңдар
Достарыңызбен бөлісу: