ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет163/440
Дата07.01.2022
өлшемі2,22 Mb.
#17066
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   440
субъективті  идеалист  Дж.беркли  (1681-1753)  өзінің  философия-

сын:  барлық  тіршілік  етушілер  жалқы,  дара  заттардан  тұрады,  ал 

жалпы  –  жалқылықтың  жалпыланған,  қорытындыланған  мәні  деген 

ұстанымнан  бастайды.  Сөз  жалпы  идеяны  емес,  көптеген  нақты  бар 

заттарды білдіреді. Осы ұстанымдарға сүйеніп, Беркли философияның 

көпшілік ұғымдарының, мысалы, «материя» дегеннің қажетсіздігі ту-

ралы  айтады.  Дүниеде  көптеген  заттар:  ағаштар,  Ай,  әйнек,  машина 

және т.с.с. бар. Бірақ ешкім ешқашанда материя дегенді көрген жоқ, ол 

тек философтардың бітіп болмайтын айтыс-тартыстарын тудырады.

Беркли  жасаған  екінші  бір  қадам  –  оның  адам  таным  барысын-

да  өзінің  сезім-түйсіктерінің  әртүрлі  қырларын  ғана  біле  алады  де-

ген  мәлімдемесі  болды.  Шие  деген  не?  Ол  –  әлдебір  қызыл-қоңыр, 

қышқыл  да  тәтті,  домалақ,  шырынды  және  тағы  басқа  қасиеттері 

бар  жеміс.  Сол  қасиеттерін  алып  тастаңызшы,  одан  не  қалады? 

Шын  мәнінде,  ештеңе  де  қалмайды.  Көріп  отырғанымыздай,  Беркли 

зерттелетін  заттардың  қасиеттерін  өзіміздің  сезімдерімізбен,  қалай 

сезінетінімізбен  теңестіреді.  Оның  танымал  болған:  «тіршілік  ету  – 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   440




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет