6.3. и.Фихтенің субъективтік идеализмі және
Ф.Шиллингтің объективтік идеализмі
иоганн готлиб Фихте (1762-1814) Йена және Лейпциг университет-
терінде білім алған, бірақ оның санасындағы шынайы төңкеріс ол
Канттың «Таза ақылды сынау» деген еңбегін оқығаннан кейін орын
алды. Ол кантшылдыққа бой ұрып, соның ықпалымен жазған өзінің
алғашқы «Кез келген жаңалықты сынау тәжірибесі» деген жұмысын
алып, тікелей Кантқа барады. Оған Фихте де, оның еңбегі де жағымды
әсер етеді, сол себепті ойшыл бір баспагерді Фихтенің мақаласын
190
автордың аты-жөнін көрсетпей басуға көндіреді. Ол басылып
шыққаннан кейін, жұрт оны Канттың жазғаны деп ойлаған. Мақтау
пікірлерде шек болмады. Содан кейін ғана оқырмандарға шынайы ав-
тор таныстырылды. Фихтенің ұлы даңқы осылай басталды.
Фихте өзінің басты еңбегі – «жалпы ғылым ілімінің негіздерін»
1794 жылы жарыққа шығарды. Бірақ, одан өзге, оның философиялық
идеялары: «Теориялық қабілеттілікке қатысты ғылым ілімінің
ерекшеліктері туралы очерк» (1795), «Жаңа философияның шынайы
мәні туралы бұқара жұртшылыққа күндей жарық хабарлама» (1800)
т.с.с. шығармаларында көрініс тапқан.
Фихтенің философиялық ұстанымдарының қалыптасуына шешуші
ықпал еткен екі нәрсе болды: біріншіден, неміс халқын Наполе-
он үстемдігінен азат ету, және, екіншіден, іріп-шіріген феодалдық
тәртіптің қалдықтарын жою. Тұлға сословиелік тәуелділіктің қандай
да бір формаларына байланыссыз толық азаттықты сезінуі үшін, адам-
дарды ояту, олардың қоғамдық белсенділігін арттыру қажет.
Фихтенің адамзат белсенділігінің философиясын құруына осы се-
беп болды. Егер Кант адамның танымдағы белсенділігін негіздесе, ал
Фихте, бәрінен бұрын, қоғамдық-саяси белсенділікті талап етеді. Неміс
халқына қаратып, ол: «әрекет ет, әрекет ет, тағы да әрекет ет!» деген
ұран ұсынады. Біздің білетініміздей, Ленин өз ойының желісі бойын-
ша Фихтеге жақын болған және ол Ресейдегі революцияның жеңісі-
нен кейін: «Оқы, оқы және оқы!» деген ұран жариялаған. Біздің ойы-
мызша, бұл ұрандар бүгінгі күні де маңыздылығын жойған жоқ.
Адамның белсенділігі, Фихтенің пікірінше, өзінің терең тамыр-
ларымен Әлемнің негізін құрайтын әлеуетті рухани күшке барып
тіреледі. Олай болса, оны табу керек.
Фихтеше, ондай бастау – шексіз-шекарасыз, таза, азат, өмірлік күш-
қуаты мол, рухтың өз-өзін танып білуіне бағыт ұстаған – «МЕН».
«МЕН», – деп жазады Фихте, – өз ойларында таза «МЕН» дегенге
сүйеніп, ол туралы зат арқылы анықталған емес, заттарды анықтайтын
мүлдем дербес нәрсе деп ойлауға тиіс». Демек, рух өзінен материалдық
дүниені тудыра алады.
Бірақ ол қалай орындалады?
1. Басында күші мығым «меннің» ішкі дүмпуі нәтижесінде
«мен – менмін» дегенді түйсінуге жетіп, өзін дәлелдейді.
2. Содан кейін «мен» өзінен «мен емес» дегенді тудырып, оны
өзіне қарсы қояды; «Мен емес» кішкентай «мендерден» (санасы бар
адамдар) және табиғаттан тұрады.
191
3. Үшінші сатыда «МЕН» және «МЕН емес» екеуінің арасында,
бір жағынан, шексіздікке бағытталған, ал, екінші жағынан, ақырғы
диалектикалық қатынастар пайда болады.
Сөйтіп, «үлкен «МЕН» Әлемнің барлық субъектілері мен
объектілерін тудырады, бірақ шексіз рух болғандықтан, тұлға болып
табылмайды.
Кішкентай «МЕНдер» өздерінің Табиғаттан айырмашылығын
түйсінген сәтте ғана пайда болатын сана-сезімге ие. Олай болса,
объектісіз субъект жоқ және субъектісіз объект жоқ. Олардың өзара
әрекеттерінде, әрине, субъект шешуші рөл атқарады: өзінің рухани
күштері мен шығармашылық қызметіне бола ол қоршаған дүниені
өзгертеді. Ішкі дарындарын жайып көрсетіп қана тұлға еркін бола-
ды. Адамзаттың Табиғатты игеруінің бар тарихы бір мезгілде әлемдік
мәдениеттің қалыптасуы үдерісі де болады. Ол кезде адам Табиғатты
игеріп және түрлендіре өзгертіп қана қоймай, өзінің табиғи негіздерін
де жетілдіруге тиіс.
«МЕН еместің» құрамдас бөлігі болып саналатын Табиғатты ай-
тар болсақ, ол – өздігінен жетілген емес, тек нысан, зат, кедергі. Ал
«МЕН еместің» екінші бөлігі – санасы бар адамдар – өзгеше белсенді.
Табиғаттың кедергісіне төтеп беріп, «табиғилықтың қабығын» арши
отырып, адам оны игеру нәтижесінде өзін жетілдіре түсіп, үлкен
«МЕНге» жақындайды. Осы тұрғыдан алғанда, адамзаттың бар
әлемдік тарихы – ол Әлемдік рух – үлкен «МЕНге» үздіксіз жақындай
беру болып табылады. Егер олардың қосылуы орын алса, онда бар
әлемдік тарих аяқталған болар еді.
Кант бастаған болмыс метафизикасынан еркіндік метафизикасы-
на бұрылуды Фихте қорытындылайды. Ойшылдың пікірінше, сана-
сезімнің мәні – еркіндік және бар жүйені басынан аяғына дейін ол
еркіндік түсінігіне талдау жасау деп қарайды.
«Алайда сын садағы XVII ғасыр рационализмінің алыпсатарлық ру-
хына қарсы бағытталған Канттың трансценденталдық философиясы-
нан айырмашылығы, – деп атап көрсетіледі «Жаңа философиялық эн-
циклопедияда», – Фихте идеализмнің жаңа формасын – алыпсатарлық
трансцендентализмді құрды» (Жаңа философиялық энциклопедия.
4-том. М.: Мысль. 252-бет).
Фихте іс жүзіндегі, яғни практикалық философияны уағыздады.
Ол қатаң ғылыми болуға және барлық жеке ғылымдар үшін іргетас
қызметін атқаруға, ғылымды жалпылай маңызды нақты білім деп
негіздеуге, «ғылым туралы ғылымға», яғни ғылым іліміне айналуға
тиіс.
192
Тарихқа субъективтік идеалист ретінде енгенмен, Фихте «идеа-
лизм» деген сөзді қолданбайтын, ал өзінің жүйесін сыншылдық (крити-
цизм) деп атағанды жөн көретін.
Оның этикасы еркіндік түсінігіне негізделген. Адамның
адамгершілік парызы, ойшылдың пікірінше, өзінің белсенділігінің
көмегімен еркін болуға, оның үстіне, басқалардың еркіндігін де
құрметтеуге тиіс. Оның әлеуметтік мемлекет және құқық мәселелеріне
деген көзқарасы да осыдан келіп шығады.
Фихтенің пікірінше, адам – қашанда әлеуметтік тіршілік иесі, ол
қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Сол себепті Фихте әлемдік тарихты
мемлекетке дейінгі, табиғаттық және мемлекеттік дейтін сатыларға
бөлуді қабылдай алмайды. Әлем тарихында мемлекет қашанда болған.
Алайда мемлекет адамнан жоғары тұрған әлдебір өзіндік мақсат
емес, ол бар-жоғы – қоғамдық өмірді ұйымдастыру, азаматтардың
қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ғылым мен білімді дамыту, материалдық
игіліктерді өндіру ҚҰРалы ғана.
Олай болса, халықтың мемлекет қызметін бақылайтын құқы бар.
Халық тарапынан бақылау әркез мүмкін бола бермейтін шенеуніктердің
теріс пайдаланушылықтарын, сыбайластығын сынға ала отырып, ой-
шыл мемлекет – ол озбырлық деген ойға келеді. Бірақ ол – қажетті
озбырлық, өйткені қазіргі заманғы адамзат онсыз бола алмайды. Ал
мыңдаған жылдар өткен соң, яғни адамзат адамгершілік тұрғыда ке-
мелденген кезде, мемлекеттің ары қарай өмір сүруі қажетсіз болып
қалады. Адамдардың моральдық жетілуі шынайы адамдық ахуалдың
орнауына келтіреді және мемлекетке, құқыққа және шіркеуге деген
мұқтаждық жойылады.
Шамасы, Фихтенің нақ осы көзқарастары келешек коммунистік
қоғамда «жаңа адам» дін, мемлекет, құқық сияқты құбылыстарға
мұқтаж болмайды деп санайтын Маркс пен Энгельске де үлкен ықпал
еткен болуы керек.
Ойшылдың Германияны қайтадан өркендету үшін «жоспарлы эко-
Достарыңызбен бөлісу: |