сезінген нәрсе кейін ғана ғылыми талдаудың нысанасына айналады.
Даралықтың қолындағы қару.
Универсум – лат. universum < universalis – жалпыға бірдей + summa rerum – заттардың
197
Өнердің барлық түрлерінің ішінен Шеллинг поэзияны бәрінен
жоғары қояды, өйткені сол арқылы Даралық өз-өзін барынша терең
сезінуге жетеді.
XX ғасырда өмір сүрген ірі неміс философы Хайдеггер де оның
болмыстың тым нәзік белгілерін аша алатын, бірақ философиялық та-
ным біле алмайтын поэзияға деген көзқарасын бөліседі.
Өмірінің соңына қарай Шеллинг: «Даралық – бұл Құдайдың
жай ғана басқаша атауы», – деп мәлімдеп, теологияға бет бұрады.
Ашылудың өз жүйесін ол христиандық аясымен ғана шектелмейтін
теософия ретінде ойластырады. Соған байланысты ол «оң филосо-
фияны» «мифология философиясы және «Ашылу философиясы» деп
бөледі. Оның ойынша, олар сенім мен білімді біріктіреді. Бірақ оның
шығармашылығының бұл бөлігінің де кейінгі дінтану негіздерінің да-
муына үлкен ықпалы болды.
Шеллинг туралы әңгімемізді аяқтай келе, оның идеяларының
кейіннен де ізбасарлар тапқанын ерекше атап өткеніміз жөн. Сол
идеялардың әсерімен Гегельдің, Шлейермахердің, Шопенгауэрдің және
басқа да көптеген ойшылдардың философиялық ілімдері қалыптасты.
Достарыңызбен бөлісу: