6.4. г.гегельдің жүйесі және әдісі
Неміс философиясы дамуының шарықтау шегі XVIII ғасырдың
соңы – XIX ғасырдың басындағы ұлы ойшыл георг Вильгельм Фри-
дрих гегель (1770-1831) шығармашылығының көріне бастаған кезіне
тұспа-тұс келеді.
Кантты сынға алғанмен, оның жүйесі Канттың философиясын-
сыз пайда болмас еді, өйткені соның нәтижесінде елеулі өзгерістер:
дәстүрлі метафизикадан субъектіні және оның қызметтік табиғатын
зерттеуге көшу орын алды.
«Академиялық» деген атқа ие болған философ Гегельдің өзі XIX
ғасыр философиясына зор ықпал етті: Американың, Англияның,
Еуропаның алдыңғы қатарлы ойшылдарының басым көпшілігі
гегельшілдер болды.
Тюбинген Теология училищесінің студенті болған кезінде-ақ Ге-
гель Шеллингпен танысып, кейіннен онымен достасып кетті. Бұл
жерде олар Француз революциясының өртін бастан кешті және соған
ризашылық ретінде Азаттық ағашын отырғызды.
Өз философиясы жүйесін құруды Гегель болмыс пен ойлауды
теңдестіруден бастайды. Сол шақта: «Оның философиясының Шел-
198
линг философиясынан айырмашылығы неде?» – деген сұрақ туады.
Ол да бастапқы Даралықтағы болмыс пен ойлаудың теңбе-теңдігін
мойындайды ғой. Бірақ әңгіме мынада: Шеллинг бұл теңдестіруден
шығудың жолын және дүниедегі Даралықты бұруды эзотерийлік,
Достарыңызбен бөлісу: |