Рух – санасы бар ақырғы туынды, тіршілік иесі, яғни адам бо-
лып табылады. Табиғаттан шықса да, ол оның жаратқаны болмайды.
Өзін Рух өзінің бастапқы алғышарттарынан: қисынды Идеядан және
Табиғаттан жаратады.
Сөйтіп, Дара идея қисынды идеяның бастапқы ахуалынан өзінің
басқа болмысына – табиғатқа өтеді де, соның аясында адамзаттың
әлемдік тарихында рухтың дамуы арқылы, – бірақ енді өткен
баспалдақтарының тәжірибесін жинақтап байыған күйінде, – өзіне
қайта оралады. Ойларының осындай желісіне сәйкес, Гегель филосо-
фияны үш бөлікке бөледі:
1. Логика. Ол өзіне бағытталған, оның өзіндегі идеяны зерттейді.
2. Табиғат философиясы. Идеяның басқа заттық болмысын
зерттейді.
3. Рух философиясы. Идеяның басқа болмыстан кері, өзінің негізіне
оралу үдерісін зерттейді.
Осындай бөлуге сәйкес, Гегель: «Логика ғылымы», «Табиғат фило-
софиясы», «Рух философиясы» деген кітаптар жазған. Бұл кітаптар
«Философия ғылымдарының энциклопедиясын» құрайды.
Сонымен, Гегельдің философиялық жүйесін объективтік идеализм
деп бағалауға болады. Бірақ біз бірінші құрамдас бөлікті – Дара идея-
ны – сызып тастап, өз ой-пікірлерімізді өзінің тарихи дамуы барысын-
да рухани өмірі бар қоғамды тудырған «Ұлы Мәртебелі Табиғаттан»
бастасақ, онда, Ол өзі жасаған туындысы – Адам арқылы өзін танып
Достарыңызбен бөлісу: |