антропогендік тарихының бастамасы болмақ.
Нақты-тарихи қоғамның құндылықтары, солардың негізінде
қалыптасатын қоғамдық қатынастар, өндірістік күштер дамуының қол
жеткен деңгейі және басқалары таным үдерісіне әсер етеді. Олай болса,
алдымен танымға әсер ететін басты факторды айқындап алу қажет.
Сонда ғана оның тереңде жатқан мәнін ашу мүмкін болады.
Білімдер санадан, рухани болмыстан келіп шығатын туынды
болғандықтан, көптеген ғасырлар бойы ойшылдар таным негізін
адамның санасынан көріп келді. Олардың ойынша, «ақыл жаттығуы»,
«танымға құштарлық», «шығармашылық ізденіс», «тума дарын» және
басқалары таным негізі бола алады. Әлбетте, көрсетілген факторлар-
ды есептен шығарып тастауға болмас. Алайда солардың негізінде
ғана танымның толыққанды теориясын құра алмаймыз. Ол үшін біз
адамның өмір сүруінің барлық басқа тірі тіршіліктен өзгеше бөлек
тәсілін айқындауға тиіспіз. Ал бұл бізді: адам хайуан құсап, «алғашқы
жаратылғандай таза табиғатты» сол күйінде қанағат тұта алмай-
ды, ол өзінің жан-жақты дамыған қызметі барысында оны өзгертуге,
түрлендіруге ұмтылады дегенге келтіреді. Философия тілінде ол
«тәжірибе» деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |