алдар кедергісі мен басқаларының бастау-көздерінің пайда болуына
ықпал етті. астрономия туралы алғашқы білімдер де (көшпенділік,
сондай-ақ теңіз кемелері үшін жұлдыздар мен планеталардың орнала-
суына бағдарланған жолдар салу, кейіннен оларды діни салт-жораларда
пайдалану үшін, Күн мен Айдың тұтылатын мерзімдерін анықтау және
т.б.) сол уақытта дами бастады.
Мысалы, Мысырда б.з.д. 4241 жылы-ақ адамдар уақытты күнтізбе
бойынша есептеуді білген, жазу-сызудың шыққанын да сол кезеңге
жатқызуға болады. Мысыр пирамидалары көптеген геометриялық,
математикалық ұғымдардың сол кездің өзінде-ақ айтарлықтай
дамығанын көрсетеді. Ол пирамидалардың ішіндегі ең биігі – Хеопс
пирамидасын алып қараңыз: ол өзінің алдыңғы орнын 1889 жылы,
Эйфелев мұнарасы пайда болған кезде ғана беріп отыр. Немесе Ұлы
Вавилонды – ежелгі «Әлем астанасын» (басқа атауы – «Баб Эл –
Құдай қақпасы») қараңыз. Ол туралы хикаялардың тіпті қазіргі заман
адамының да қиялын қобалжытатыны сөзсіз. Сөйтіп, Геродот бойын-
ша, ол қаланың жалпы аумағы 60 миль (квадраттың әр бетіне 15 миль-
ден келеді) құрайтын. Қабырғаларының үстіне 250 мұнара орнатылған.
Қаланың ішіне жезден құйылып салынған жүздеген қақпа арқылы
кіруге болады.
Жеті сатыдан тұратын, шығар басына шағын ғибадатхана салынған
Достарыңызбен бөлісу: |