сёрен кьёркегорды (1813-1855) да замандастары «Анти-Гегель» деп
атап кеткен. Оған қоса, замандастары оған «уайымшыл дат» деген
лақап ат берген.
Оның шығармашылығының негізгі тақырыбы – өлім және күйзеліс.
Ол ажалмен бетпе-бет келген, сылбыр да азапты өлім халінде жатқан
адамның ішкі терең әлемін зерттейді.
Әрине, өлім мен күйзеліс тақырыбы XIX ғасыр философиясында
басталған жоқ, ол да, өмір тақырыбы сияқты, – мәңгі. Бірақ дат ойшы-
лы оған ерекше үндестілік және айқындық береді. Оның аты шыққан
еңбегінің атауы да өзгеше – «Үрей және қалтырау» (1843).
Кьёркегор Гегельдің жайбарақат «объективизмін», шешімдері
түсіндірілуі мүлдем басқа тәсілді және тілді қажет ететін ғылымилығын
қабылдай алмады. Ол үшін, мысалы, Гегельдің дінді де ұтымды ету-
ге тырысқан әрекеті көңілге қонымсыз. Оның ойынша, Құдай ойдың
нысана-тақырыбы емес, – күйзеліс тақырыбы.
Басынан-ақ Кьёркегор болмысты жүйенің «қалыбына»
1
сыйдыруға
болмайды деп санап (өйткені ол өне бойы өзгерісте болады), қандай
да бір философиялық жүйелер құрудан бас тартады. Соған байланыс-
ты ол, бәрінен бұрын, Гегельдің болмыс пен ойлауды теңдестіруі
қағидасын сынға алады, өйткені, оның ойынша, адамның рухы – ол
жай ғана ұтымды ойлауға қарағанда, әлдебір үлкен бірдеңе.
1
Бұл жерде: «прокрустово ложе» – бір патшаның екі төсек жасатып, кішісіне жатқандардың
төсекке сыймаған дене мүшелерін шапқызып, ал үлкен төсектегілердің аяқ-қолдарын
созғызып, қалыпқа салғандай жасағаны туралы айтылады. Жалпы, «барлығын теңдей ету-
ге тырысу» дегенді білдіреді.
227
Кьёркегор Гегельдің объективті диалектикасына өзінің тұжы-
рымын, яғни адамның өмір сүруінің субъективтік диалектика-
сын қарсы қояды. Оның пікірінше, дүниеге көзқарастың жараты-
лыстану жетістіктеріне негізделген кез келгені – ол жамандықтың
белгісі, өйткені жаратылыс ғылымы, ақыр соңында, адамзаттың өз-
өзін құртып-жоюына әкеліп соқтырады. Кьёркегор адамның тіршілік
етуі мәселесін, оның ішкі әлемін, сана-сезімін, құштарлықтарын
философияның негізгі мәселесіне айналдырады. Егер Сократ дүниені
танып білу үшін, алдымен «өз-өзін тануға» үндесе, ал Кьёркегор
тұлғаның ішкі дүниесін зерттеуді қанағат тұтып, тіпті сыртқы әлемді
танып білуден бас тартады. Болмыс – ол ішкі дүние (innerlichkeit),
«меннің» өз «меніне» қатынасы. Адамның ішкі жан дүниесі заттардың
ішіндегі зат сияқты нысан бола алмайтындықтан, ол ұтымды
(рационалистік) жолмен танылмайды. Адамның болмысы орнықсыз,
адам өзінің келешектегі өліміне қарай жылжып келе жатқанын сезінеді.
Оны тек сезіммен түйсінуге, бастан өткеруге болады. Осыған байла-
нысты ойшыл философияға: қорқыныш, қас-қағым сәт, қалшыл,
Достарыңызбен бөлісу: |