ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет222/440
Дата07.01.2022
өлшемі2,22 Mb.
#17066
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   440
егжей-тегжейлі  зерттеліп  әзірленген  тұтас  тұжырымдамасы  бар» 

болғаны туралы мифке құрылған көзқарас жатқанын дәлелдеуге бола-

ды. Ол кезде үш маңызды нәрсе, әйтеуір, «ұмытылып қалады».

Біріншіден, социализмнің бізде болған тұжырымдамасының негізгі 

бөлігін  құрған  тіпті  де  марксизмнің  негізін  салушылар  емес,  демек, 

Маркс  те,  Энгельс  те  оның  түбегейлі  жасалуы  үшін  жауапкершілік 

көтермейді. 

Марксистік  теорияның  мазмұнына  деген  осындай  қасаң  қағидалы 

көзқарас  себептерінің  ішінен  марксизмнің  пайда  болуы  мен 

дамуының тарихи түйінінің жеткілікті дәрежеде есепке алынбағанын 

атап  көрсетуге  болады.  Кейбір  жұмыстардың  авторлары  Маркс 

пен  Энгельстің  әртүрлі  тарихи  кезеңдерге  жататын  еңбектерінен 

алып,  ондағы  ойлардың  қандай  жағдайларда  туғанын,  кімдерге 

бағытталғанын,  кейіннен  әлдебір  авторлардың  қандай  түзетулер 

жасағанын  ескерместен,  жапа-тармағай  дәйексөздер  қолданып  жата-

ды.  Бүгінгі  таңда  біздің  өте-мөте  қазіргі  заманғы  шындықтарымыз 

бен  көзқарастарымыз  XIX  ғасырдың  нақты  шындықтарымен  астасып 

(кескінделіп)  жатады,  дегенмен  ғылымда  бұл  тәсіл  қашанда  тыйым 



салынған болып саналады.

Маркс пен Энгельсті, мысалы, Пруссия реакциясында немесе бона-

партизмге қарсы күресте демократиялық еркіндіктердің жалпыадамдық 



219

маңызын  жете  бағаламады  және  қоғамдық  өзгерістердің  озбырлық 

жолдарын  ұсынды  деп  кінәлау  мүлдем  дұрыс  емес.  Әйтпесе  осылай-

ша оларды XIX ғасырдың ортасындағы ғаламдық экологиялық және ол 

уақытта әлі бола қоймаған басқа да мәселелерді жете бағаламады деп 

күстаналауға болушы еді.

Екіншіден,  қазіргі  заманның  көптеген  авторлары  Маркстің  ілімін 

барлық  социалистік  ойдың  дамуы  үдерісінен  тыс  қараудың  жаман 

дәстүрімен  жүретіні  сын  көтермейді.  Мысалы,  онда  демократия 

мәселесі маңызды орын алған. Бірақ еуропалық тарихтың әр кезеңінде 

ол бір немесе басқа елдің нақты жағдайларына, өмір сүрген уақытына, 

ұлттық  және  мемлекеттік  дәстүрлеріне  байланысты  мейлінше  нақты 

қабылданатын. Маркс пен Энгельстің демократияға қатынасы да соған 

сәйкес қалыптасқан.

Үшіншіден, Маркстің де, Энгельстің де ешқашан библиялық апос-

толдар рөліне ынтықпағанын есте ұстаған жөн. Оның үстіне, олардың 

өздері әлеуметтік теорияға соған ұқсас көзқарас болғанын қаламаған. 

1881 жылы, яғни қайтыс боларынан екі жыл бұрын, Маркс Фердинанд 

Ньювенгейске  жолдаған  хатында:  «Болашақ  революция  әрекеттерінің 

бағдарламасына  алдын  ала  теориялау,  сөзсіз  фантастикалық  тұрғыда 

масаттану – біздің назарымызды бүгінгі күнгі күрестен басқа жаққа ау-

дару ғана болып шығады», – деп жазды. Ал содан кейін он жыл өткенде, 

Энгельс  француздардың  «Фигаро»  газетіне  берген  сұхбатында:  «Біз 

тұрақты,  үздіксіз  даму  жағындамыз...  және  біздің  адамзатқа  қандай 

да  бір  түпкілікті  заңдарды  телитін  ниетіміз  жоқ.  Болашақ  қоғамды 



ұйымдастырудың  егжей-тегжейіне  қатысты  алдын  ала  дайын 

пікірлер  дейсіз  бе?  Сіз  біздің  тарапымыздан  тіпті  ешбір  ишара  да 

таппайсыз», – деген-ді.

Ал, ақыр соңында, бүгінгі күні марксизммен күрескісі келетіндерге 

арнағандай:  «Біз  үшін  түбегейлі  шешімдер  мен  мәңгі  шындықтарды 

талап  ету  –  кез  келген  мағынасын  үзілді-кесілді  жоғалтқан;  біз 

білімдеріміздің  қажеттілігі  бойынша  шектеулі  және  оларға  қол 

жеткізудің  жағдайларына  байланысты  екенін  ешқашанда  ұмытпай-

мыз», – дегенді айтқан.

«Марксизмді  түсіндірушілер  Марксті  өзгертіп  жіберді»  және  ал-

дында  Аристотель  мен  оның  шәкірттерін  құтқарғандай,  «оны  марк-

систерден құтқаруға тура келді» деп санайтындармен келіспеуге бол-

майды.  Алғашқылардың  бірі  болып  бұл  туралы  ашық  жариялаған 

Карл  Поппер  еді.  Маркстің  өзі  де  қайтыс  боларынан  аз  уақыт  бұрын 




220

ізбасарларының көп жағдайда оның ілімін экономикалық детерминизм 

рухында өрескел бұрмалайтындарын көріп: «Егер бұл марксизм болса, 

онда мен марксист емеспін», – деп қынжылған-ды.

Әлбетте, Маркс пен Энгельс өз заманының аса көрнекті ойшылда-

ры  болды.  Алайда  әлемдік  тарих  үдерісіне  үлкен  ықпал  еткен  терең 

көріпкелдіктерімен  қатар,  олар  қателіктерден  де  ада  болған  жоқ, 

өйткені,  Маркстің  өзі  атап  өткендей,  «адамға  тән  нәрсенің  барлығы 

оларға  да  жат  болмаған».  Егер  олардың  еңбектерін  объективтік 

көзқарас тұрғысынан қарасақ, оларда терістен гөрі, оң басым.

Маркстік  философия  –  адам  табиғаттың  дүлей  күштерінен  үстем 

тұр  және  оларды  тұлғаның  жан-жақты  дамуы,  өз  жоспарларын  іске 

асыруы  үшін  түрлендіруге,  өзгертуге  болады  дейтін  қағидалары 

бар  еуропалық  рационализмнің  қисынды  аяқталуы  іспетті.  Алайда 

кейіннен  еуропалық  философияда  рационалдық  дискурстан  (пайым-

даудан)  түңілу  орын  алды.  Соның  нәтижесінде,  философиялаудың 

жаңа,  яғни  алдыңғы  классикалық  философиядан  алшақтаған  форма-

лары пайда болды.

Бірақ марксизмді ұмытуға әзірше ерте. Бір нәрсе айқын: марксизм – 

адамзат тарихында үлкен рөл атқарған ұлы ілім. Алайда бұл ілім әлі 

аяқталған  жоқ.  Платон  мен  Аристотельдің,  Әл-Фараби  мен  Канттың 

және басқаларының ілімі сияқты, Маркс пен Энгельстің іліміне адам-

зат әлі көптеген жүзжылдықтар бойы жүгінетін болады.



221



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   440




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет