ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет224/440
Дата07.01.2022
өлшемі2,22 Mb.
#17066
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   440
көрініс іспетті әлем» деген іргелі еңбегінде баян етті.

Бірақ  Шопенгауэр  философиясының  негіздерін  түсіну  үшін, 

Фихтенің: «Адам қандай болса, оның философиясы да сондай», – де-

ген сөздерін еске алып, ойшылдың өмірбаянының кейбір деректеріне 

қысқаша болса да тоқталып өткеніміз жөн.

Артурдың  ата-анасының  терең  ішкі  қайшылықтар  күйіне  түсуі 

баланың жан дүниесі мен көңіл күйіне ауыр салмақ болды. Әйелімен 

ажырасқаннан кейін екі жыл өткенде, 1805 ж. әкесі өз өмірін өзі қиды. 

Артурдың  анасы  Иоганна  Шопенгауэр  заманында  талантты  және  та-

нымал  жазушы  болғандықтан,  өмірін  тапшылықты  елең  қылмайтын, 

алаңсыз  (богемдік)  ортада  өткізді.  Гете,  Шлегель  сияқты  даналар 

оған  қамқорлық  көрсеткендіктен,  анасы  Артурды  ең  бір  талантты 

адамдардың  қатарына  енгізді.  Алайда  баласы  анасын  жек  көретін, 

сөйтіп, ол 1814 жылы одан біржола қол үзді.

Шопенгауэрдің  ашуланшақ,  кекшіл  мінезі,  сондай-ақ  әйелдерге 

деген  жеккөрініш  сезімі  дәл  осы  отбасында  қалыптасты  («Әйелдер 

туралы»  эссе).  Ол  жалғыздығы  үшін  барлығына  да  ызалы  еді.  Оған 

Гегельдің  атағы  маза  бермеді.  Қалайда  оны  бір  «тұқыртып»  қалу 

үшін, Артур Гегель дәріс оқитын Берлин университетінде дәріс оқуға 

кірісті.  Бірақ  студенттер  Гегель  дәрісханасын  тастап  шығады  деген 

үміті  ақталмады:  Шопенгауэрдің  дәрісіне  оннан  аспайтын  адам  ғана 

қатысты. Бұл оны одан сайын ызаландырды. Кітаптарын ешкім сатып 

алмады, ал оған Гегельді кінәлады...

Бірақ Шопенгауэрдің ерік-жігері мен жұмысқа қабілеті ерекше еді. 

Ол жаңа еңбектер жаза-жаза, ақырында, даңққа жетті.

Оның  пікірінше,  әлемдік  үдерістің  негізінде  соқыр,  санасыз 

күштің  –  өмірге  деген  ерік-құштарлықтың  күші  жатыр.  Бұл  күш  те 

өмірдің өзіндей мағынасыз, ал адамның өмірі тіпті мағынасыз. Оның 

мағынасыз болатын себебі – әрбір адамды өлім күтіп тұрса, көпшілік 

адамдар  қорғансыз  қарттықты,  ауру-сырқаулықты  бастан  кешеді, 

қайғы-қасіретке  тап  болады.  Бірақ  өмірге  деген  құштарлық  бізді  ал-

дамшы  елес  тұзағына  түсіріп,  жат,  бөтен  әлемге  жетелейді.  Олардың 

алғашқысы – жыныстық құштарлық, ұрпақ жалғастыру түйсігі.

Алайда бәрі үшін ақы төлеу керек қой. Сөйтіп, біз өмір бойы әлдебір 

уақытта әкеміз құмарлыққа батып жүріп «қол қойған вексель бойын-



223

ша»  ақы  төлеп  келеміз.  «Оптимизм,  –  деп  қорытады  ойшыл,  –  адам-

затты  қорлаудың  ең  бір  аяусыз  және  жексұрын  түрі».  Бірақ  адамның 

таңдауы  бар.  Бұл  –  өмірге  деген  құштарлықты  өлтіру,  яғни  ертедегі 

индустар  көре  білген  шындықты  қабылдау  (бұдда  дінінің  нирвана  – 

жұмақ туралы ілімі).

Санадан  тыс  Әлемдік  ерік  енді  көп  ұзамай  өзінің  өмірге  деген 

шексіз ұмтылысымен әлем негізіне жатады екен, онда алдыңғы фило-

софия ұсынған: материя, сана, рух, атом, монада және басқа санаттар 

жарамсыз деп жарияланады, өйткені әлем басынан-ақ ақылға сыймай-

тын,  қисынсыз  болды  емес  пе.  Сөйтіп,  Әлемдік  ерік  философияның 

негізгі санаты деп танылды.

«Ерік» санаты алдыңғы өткен философияда қаралмады деп сендіру, 

әрине, қателік болар еді. Ертеде «сана» және «ерік» санаттары әлі бір-

бірінен  ажырамаған-ды.  Сократ  адамның  жаман  қылықтарын  оның 

білместігінің нәтижесі деп санайды. Егер ол оның жаман екенін білсе, 

олай  істемеген  болар  еді.  Алайда  Орта  ғасырларда  Августин  ондай 

көзқарасты толық жоққа шығарды. «Мен бұның жаман екенін білемін, 

бірақ  мені  соған  тартып  тұрады,  сондықтан  мен  соны  істеймін  де, 

«күнәға» батамын». «ақыл біледі, бірақ ерік таңдайды» – осы қолдан 

жасағандай  формулада  Августин  соңғы  сөздің  ерікке  тиесілі  екенін 

мойындайды.  Діни  ойшыл  адамның  күнәһарлығының  негізгі  себебін 

дәл осы адам еркінің бастапқы Құдай жолынан ауытқығанынан көреді.

Жаңа  дәуірде  Кант  нақты,  іс  жүзіндегі  ақылдың  басымдығын 

көрсете  келе,  оның  «ерік  бостандығын»  негіздеді.  Бұл  идеяны  ары 

қарай  дамытып,  Фихте  Әлемнің  пайда  болуының  өзін  еркін  еріктің 

үлкен  «МЕНінің»  әрекетінен  көрді.  Алайда,  қалай  болғанда  да,  Шо-

пенгауэрге дейін бұл санатты ешкім де философияның негізгі түсінігі 

деңгейіне көтере алған жоқ.

Шопенгауэр  бойынша,  біртұтас  әлемдік  ерік  әлемнің  негізінде 

жатыр  және  ол  өзінің  шексіз  формаларында  көрінеді.  Ерік  –  әлемнің 

танылмаған күштеріне теңестірілген, өздігінен жетілген бастау, өйткені 

бар  нәрсенің  бәріне  ерік  құлшынысы  тән.  Өзінің  мәңгі  санадан  тыс 

қалыптасуында,  өмірге  мақсатсыз  құштарлығында  ол  күйзелістерді 

тудырады. Оған қандай да бір заңдылықтар жат, сондықтан ол үнемі 

қанағаттанбаушылық  сезініп,  заттарды  бөледі,  қағыстырады,  мәңгі 

ізденіс,  өз-өзімен  күресуді  жалғастырып,  қайтадан  сындырады, 

күйретеді.  Әлемнің  алғашқы  себебі  ретінде  Ерік  тойымсыз  алапат 

құштарлықты,  қараңғы,  соқыр  құлшынысты  білдіреді.  Ол  әлсіреген 



224

ызақорлықпен өткір тырнақтарымен өз-өзін жарақаттайтын құтырған 

аңға ұқсайды.

Жансыз  табиғатта  Ерік  өзін  тартылыс  және  кері  тебу  күштерінде, 

химиялық  қоспалар  мен  іріп-шірулерде  т.б.  көрсетсе,  ал  тірі,  жанды 

табиғатта  өмірге  ұмтылыста  және  тіршілік  ету  үшін  өзара  күресте, 

ұрпақ жалғастыру мақсатындағы жыныстық сезімде көрінеді. Парасат 

және адамгершілік тұрғысынан адам неғұрлым жетілген болса, басына 

соғұрлым көп қарама-қарсылықтар мен күйзелістер түседі. Әлеуметтік 

өмір  –  ол  іштарлық,  жалғандық,  надандық  және  екіжүзділіктің  сах-

насы.  Өмірге  келетін  жаңа  ұрпақ  алдыңғы  ұрпақтың  сол  қателіктері 

мен адасушылықтарын қайталайды, қоғамды адамгершіліксіз адамдар 

басқарады,  ал  ғылыми  жетістіктер  жамандықты  жүзеге  асыру  үшін 

пайдаланылады.

Моральдық  саланы  айтсақ,  онда  соңғы  жүзжылдықтарда  онда 

ешқандай  да  алға  жылжу  болмады:  бұрынғыша  қан  төгіліп,  алдау, 

зорлық-зомбылық, қанау және басқалары болып жатыр, азаюдың орны-

на,  олар  өршіп  барады.  Үнемі  үрейлену  және  сенімсіздік  жағдайында 

өмір сүру – адам өмірінің нормасына айналды.

Сонымен,  А.Шопенгауэр  бойынша,  әлем  жамандыққа  толы  және 

оның басты кінәлісі – Әлемдік еріктің өзі. Ол саналы болмауы себепті 

жолында басқа жаңа қылмыстарды жасай отырып, өзінің іс-әрекеттері 

үшін жауапкершілік көтермейді. Бұл жерде дүниеге адамның келуіне, 

оның санасына байланысты жалғыз ғана үміт пайда болады. Адам ғана 

осы Әлемдік ерікке қарсы тұрып, тарихтың қасіретті жолына тосқауыл 

бола  алады.  Бірақ  ол  үшін  адам  философиялық  деңгейде  Әлемдік 

еріктің  терең  мәніне  жетуге,  содан  кейін  екі  кезеңнен:  эстетикалық 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   440




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет