ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет24/440
Дата07.01.2022
өлшемі2,22 Mb.
#17066
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   440
екінші  бөлім

ғылым мен ФилОсОФиЯның 

таРиХы


28

1-тарау. антика ДәуіРінДе ғылым 

бастаулаРының паЙДа бОлуы 

1.1. ғылымның пайда болуы мәселесі

Ғылымның  пайда  болуы  туралы  мәселе  өзгеше  күрделі.  Бүгінгі 

таңда да ол туралы көзқарастар әртүрлі. Негізінен, пікірлер, біріншіден, 

ғылымның  пайда  болған  уақыты  мәселесіне,  екіншіден,  ғылымның 

шыққан орнына, үшіншіден, ғылымның пайда болуын негіздеуге бо-

латын белгілерге қатысты өрбиді.

Әдебиетте  ғылымның  пайда  болған  уақыты  туралы  бірқатар 

көзқарастар бар. Оның үстіне, ең негізгі ұстаным – ғылымның алғаш-

қы  бұлақтары,  –  адамның  еңбек  құралын  дайындауды  бастағанын 

жан-жануарлар  әлемінен  бөліп  көрсету  шамасына  қарай,  –  сол  ең  бір 

алыс  замандардан  (1,5-2  млн.  жылдар  бұрын)  бастау  алады  деген 

тұжырым  болып  табылады.  Бірақ  бұндай  жорамалдың  мүлдем 

ақылға  қонымсыздығы  көзге  ұрып  тұр:  ол,  шамасы,  адамның  шығу 

тегі  туралы  энгельстік  еңбек  теориясының  әсерінен  пайда  болған. 

Зинджантроптың немесе неандерталдықтың көзінен ақыл-парасаттың 

ұшқыны  көрінетінін  жорамалдау  үшін,  ерекше  қиялшыл  болу  керек 

шығар.

Көпшілік ғалымдар ғылым – ол қазіргі заманғы адамзат дамуының 



өркениетті кезеңінің жемісі деген ойға ден қояды. Б.з.д. VI-V ғғ. адам-

зат  тарихында  күрт  өзгерістер  орын  алғаны  белгілі.  Шығыста  да, 

Батыста  да,  «адамзаттың  ұлы  әкелері»:  Лао-Цзы  мен  Кон-Фу-Цзы 

Қытайда,  Махавира  мен  Гаутама  Сидхартха  (Бұдда  деп  аталып  кет-

кен)  Үндістанда,  Зороастр  (Зәрдүшт)  Парсыда,  Сократ,  Фалес,  Солон 

және  басқалары  Грекияда,  Иса,  Илья,  Иеремия  Палестинада  дүниеге 

келіп, таңғажайыптарды іске асырып жатты. Дүниенің мифологиялық 

түсінігіне қанағаттанбаған олар дүниенің жаратылысы және адамның 

қалай  өмір  сүруі  керектігі,  оның  өмірінің  мән-мағынасы  туралы 

өз  идеяларын  уағыздай  бастады.  XX  ғасырдың  ұлы  неміс  философы 

К.Ясперс  бұл  жағдайды  «адамзаттың  түпқазықты  уақыты»  деп 

атаған.  Шын  мәнінде,  адамзаттың  осы  уақытқа  дейін  жалғасып  келе 

жатқан  өз  дамуының  өркениеттік  тарихына  енуі  сол  заманнан  баста-

лады.  Ал  философияға  қатысты  айтар  болсақ,  К.Ясперс  оның  пайда 

болуын  адамның  рухының,  сана-сезімінің  оянуымен,  яғни  ол  кезде 

оның өзін басқалардан бөлектеп қана қоймай, бүкіл әлемге қарсы қоя 

білгенімен  байланыстырады.  ғылым  бастамалары  мыңжылдықтар 



29

бойы  философия  аясында  дамып  келді.  Математика  негіздері  –  жер 

өлшеу,  арналар  мен  әртүрлі  құрылыстар  салу  қажеттілігінен,  астро-

номия – жұлдыздар мен планеталар бойынша бағдар жасау үшін пай-

да  болса,  Орта  ғасырларда  алхимия  байлықты  молайту  (қорғасынды 

алтынға айналдыру) әрекеттерінен келіп шықты. 

Әлбетте,  адамзат  тарихындағы  осындай  ірі  өзгерістердің  себебін 

әлдебір  «рухани  сілкіністен»,  «Құдайдың  ісінен»  іздеуге  болар  еді. 

Ал  біз  қола  дәуірінен  темір  заманына  ауысу  кезеңі  болған  бұл 

күрт  өзгеріс  уақытын  материалдық  тұрғыда  талдап  түсіндіріп 

беруге  әрекет  етпекпіз.  Ж.Ж.Руссоның:  «Темір!  Қазіргі  заманғы 

өркениетті  тудырған  –  осы!»  –  деген  сөздерінде  үлкен  шындық  жа-

тыр.  Соқаға  кигізілген  темір  түрен  жерді  терең  қаза  отырып,  оны 

өңдеудің  түбегейлі  жақсаруына  себеп  болды.  Нәтижесінде,  өнімділік 

артты,  азық-түліктің  молдығы  оларды  айырбас  жасауға,  нарықтық 

қатынастар  бастауларының  пайда  болуына  келтірді.  Кезінде  К.Маркс 

айтқандай,  адамдар  алтынның  сезімталдық-бұйымдық  бетінен  осы 

уақытқа  дейін  беймәлім  болған  «ерекше  сезімтал»  қасиетін  –  сонша-

ма  әртекті  заттар  құнының  баламасы  болу  қасиетін  ашты.  Мысалы, 

алтынның  әлдебір  санын  бір  сиырға  немесе  төрт  қойға,  тіпті  болма-

са  30  қап  астыққа  айырбастауға  болады  дейік.  Бұл  адамдардың  жал-

пылама ойлау деңгейінің артуына, қоғамдық сананың пайда болуына 

жеткізді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   440




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет