250
теу мұратына жету болды. Бұл бағыттың жолын қуушылар «ой-
лау үнемділігін» тарихи тұрғыда организмнің өз-өзін сақтауының
биологиялық қажеттілігінен және соған байланысты қоршаған ортаға
бейімделу қажеттігінен шығарады. Нәтижесінде, олар ойлауды
үнемдеу мақсатында «түпнегіз», «себептілік», «бастапқы негіз» сияқты
«мағынасыз» санаттарды ғылыми айналыстан алып тастау керек деген
қорытындыға келеді. Олардың орнына ғылымда ашылған элементтер
мен олардың өзара байланысын суреттеумен айналысу қажет.
Бұл жаратылыстану ғылымын ары қарай дамыту үшін де, сондай-ақ
ғылымның қазіргі заманға сай әдістемесін әзірлеу үшін де аса маңызды
болды және болашақта оң бағдарламаға ауыстыруға, мүдделердің
қитұрқы әрекеттерін білім бастаулары мәселелерінен ғылымды тал-
дау және теориялардың қисынды құрылымы саласына аударуға
айтарлықтай ықпал етті.
Қисынды (логикалық) деп аталатын позитивизм XX ғасырдың 20
жылдары пайда болды. Оның негізгі өкілдері – мориц Шлик (1882-
1936), Рудольф карнап (1891-1970), бертран Рассел (1872-1970).
Қисынды позитивизм жеке ғылымдармен салыстыру барысын-
да философияның артынан оның дүниетанымдық-әдістемелік рөлін
теріске шығара бастайды. Оның жолын ұстанғандардың ойынша,
философия ғасырлар бойы қалыптасқан, шынайылыққа тексеруге
жатқызу мүмкін емес дерексіз ұғымдардың батпағына батып қалған.
Мысалы, Б.Рассел сезімділік деректерінің ғана шынайылығын мойын-
дайды. Әлемнің бүтіндігі сияқты объективтілік туралы айтсақ, онда
ол сенім жазықтығында жатыр, өйткені ғылыми құралдармен оны
дәлелдеу мүмкін емес. Олай болса, математикалық логика құралын кең
пайдалана отырып, тәжірибелерді қорытындылау болып табылатын
пікірлерді логикалық талдаудан өткізу керек.
Р.Карнап философияға верификация (лат. – verification – дәлел-
деймін) ұстанымын енгізеді. Ол кез келген ғылыми пікірлердің
тәжірибе деректеріне сәйкестігін анықтау дегенді білдіреді. Дамыған
теорияларға келсек, оларды тек жанама жолмен дәлелдеуге болады. Ол
үшін кез келген теорияны соның негізінде жатқан қарапайым, атомдық
(бөлшектенбейтін) хаттамалық ұсыныстарға ажырату керек. Сонда
ғана оларды сезімдік тәжірибе деректерімен салыстыруға және сол
арқылы олардың шынайылығын анықтауға болады. Бұл тұрғыда осы
бағыттың философтары ғылымда үлкен жұмыс атқарды.
Егер қоғамдық-гуманитарлық пәндерді (философия, психоло-
гия, этика және басқалары) алар болсақ, онда верификацияның
251
мүмкіндіктері бұл жерде барынша тарылған. Ал соның негізінде
қоғамдық гуманитарлық пәндерді ғылым аясынан шығарып тастау –
өзгеше ағат қадам болар еді. Бұл қисынды позитивизмнің елеулі
кемшіліктерінің біріне жатады.
Әлеуметтік-философиялық көзқарастарға қатысты айтсақ, олар
қоғамда қандай да бір объективтік заңдылықтардың бар екенін теріске
шығарады. Сөйтіп, Б.Рассел адамның іс-әрекеттері көбінесе оларға
ырықсыз сезімдер мен құмарлықтардың әсер етуімен түсіндіріледі деп
санайды. Алайда ол адамның еркіндікке ұмтылуын жоғары бағалады
және сол тұрғыдан тоталитаризмнің (сталинизм мен фашизмнің
де) барлық формаларын тұлғаны (адамды) мемлекеттің құлына
айналдырғаны үшін қатаң сынға алды.
Қисынды позитивизмнің бір түрі лингвистикалық философия
болып табылады, ал оның негізін салушы – людвиг фон Витген-
штейн (1889-1951). Ойшылдың «Логикалық-философиялық трактат»
атты еңбегінің негізіне «барлық тілдердің ортақ логикалық формасы
бар, одан өзге, ол – әлемге де ортақ форма» деген сенім алынған. Іс
жүзінде бұл ортақ форма сөйлемдерге бірдеңе «айтуға» мүмкіндік те
береді. Сөйлемнің айтқаны – оның әлемнің қисынды суретін салғаны
болып табылады. Сөйлемді әлемнің суреттері деп түсінудің өзі –
көрсету мен
айтудың арасын ажыратуға келтіреді. Сөйлемдер әлемнің
суретін береді, бірақ олар өз-өздерінің суреттерін беруге қабілетсіз.
Олар өздеріне де, әлемге де де ортақ форманы көрсетеді, бірақ айта
алмайды. Сөйлемдердің өздерінің қисынды формасын ғана көрсете
алатын себебі – оны айтуға мәжбүрлеу әрекеті тілді мағына шека-
расынан асырып жібереді. Витгенштейннің: «Менің тілімнің шека-
расы менің әлемімнің шекарасын құрайды», – дегені бүгінгі күні де
өзектілігін жойған жоқ, өйткені кез келген тіл сол тілдің иесі болып
табылатын халықтың әлемді сезінуі, әлемді қабылдауы және әлемді
танып білуінің негізінде жатыр. Қазір ол «халықтың ділі» деп атала-
ды. Л.Витгенштейннің негізгі идеясы – ғылыми ізденістерімізде және
күнделікті өмірімізде сөздерді құнттап, мұқият зерделеп пайдалану
керек, әйтпесе адам дерексіз ұғымдардың, алуан түрлі қиялдардың
тұтқынына түсіп қалуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: