ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет260/440
Дата07.01.2022
өлшемі2,22 Mb.
#17066
1   ...   256   257   258   259   260   261   262   263   ...   440
неокантиандық  Германияда  пайда  болып,  философияны  Кантқа 

қарай  бағыттау  үрдісі  спорадистік  (гр.  –  sporadikos  –  шашыраңқы, 

ішінара)  сипатта  болғанмен,  XIX  ғасырдың  бірінші  жартысында-ақ 

оқтын-оқтын  өзін  көрсетіп  қалып  отырды,  ал  Еуропаға  кең  таралуы 

1870 және 1920 жылдар аралығында орын алды.

Бірақ  шоғырланған  түрінде  бұл  теория  О.Либманның  «Кант 

және  эпигондар»  (1865)  деп  аталатын  еңбегінде  баяндалды.  Оның 

қайырмасы:  «артқа,  кантқа  қарай!»  деген  ой  болды.  Ол  бүкіл 

қозғалыстың өзіндік ұранына айналды.

Неокантиандықтың  пайда  болуының  тарихи  себебі  философия 

мен  жаратылыстану  ғылымдарының  арасындағы  үйлеспеушіліктен, 

ұлғайып бара жатқан алшақтықтан көрінді. 




265

Неокантиандықтың  танымал  екі:  Марбург  және  Баден  (неокан-

тиандықтар  жұмыс  істеген  қалалардың  атымен  аталған)  мектебі  бол-

ды.  Олар:  «Философияда  алға  қарай  бір  қадам  жасағысы  келетін  кез 

келген адам Кант философиясын оқып білуді өзінің ең бірінші міндеті 

деп  санауға  тиіс»,  –  деп  пайымдады  (П.Ноторп).  Сондықтан  екі  мек-

тепке де ортақ болғаны – И.Канттың философиясы бұрынғыдай өзекті 

деген ұстаным. Соған сүйене отырып, таным теориясының, философия 

мен қоғамдық тәжірибенің қазіргі замандағы мәселелерін шешуге бо-

лады. Олар кантиандықтың «таным нысанның тәжірибеге сай көрінісі 

немесе  сипаты  емес,  ол  –  осы  ұғымның  кең  мағынасында  таным  мен 

ғылым нысанасын құрастыру болып табылады» дейтін негізгі идея-

сын бұлжымастай сақтайды.

Марбург  мектебінің  өкілдері  кантиандықтың  негізгі  кемшілігін 

психологизмнің артықшылығынан, ғылыми таным бірлігін негіздеуден 

көрді. Сондықтан олар танылатын субъектінің құрылымын ғылымның 

өзінің  логикалық  құрылымымен  ауыстыруға  тырысты.  Сөйтіп,  олар 

таным  теориясын  оның  сезімдік  танымға  байланысынан  тыс,  таза 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   256   257   258   259   260   261   262   263   ...   440




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет