252
Сараптамалық философияның бастапқы мәселелері мен түсініктері
неміс философы Готлоб Фрегенің «Мән мен мағына» (1892) мақаласында
баяндалған.
г.Фреге (1848-1925) логика құралдары арқылы математика-
ны, әсіресе әртүрлі тосын пікірлер мен қарама-қайшылықтарға
толы математикалық дәлелдеулерді жетілдіруге ұмтылған көптеген
зерттеушілердің бірі болды. Ал ол үшін, оның ойынша, логиканың
өзін айтарлықтай жетілдіру, кемшіліктері көп табиғи тілді лайықты ау-
ыстыра алатын, бір түрге келтірілген тіл жасау керек.
Бірақ Фреге сараптамалық философияның негізгі идеясын ғана
белгілеп берді, ал нақты іске асуы Англияда (Кембридж) орын алды.
Оның негізін қалаушылар – Джордж Эдуард мур (1873-1958) және
бертран Рассел болды.
Мур сыртқы нысандардың тәуелсіз өмір сүруін және олардың
танылатын нысанға тікелей берілуін мойындайтын ағылшындық-
американдық неореализмнің негізін қалаушылардың да бірі болды.
Неореализм неогегельшілдіктің дара идеализміне және американдық
прагматизмнің эмпиризміне қарсы болды. Дж.Мурдың нақ сол
«Идеализмді терістеу» (1903) деген еңбегінде ағылшын неореализмі
айқын көрініс тапты.
Ал алдында айтылып кеткен Бертран Рассел де логикалық
талдаудың негізін салушы болды. Оның математикалық логика және
математика негіздері бойынша жаңашыл идеялары мен еңбектері
XX ғасырдың ғылыми ойы мен философиясын дамытуда маңызды
мәселеге айналды. Ол – «Батыс философиясының тарихы» деген тама-
ша еңбектің де авторы.
Егер Расселдің назары қарапайым логиканың және математика
негіздерін зерттеудің сараптамалық мүмкіндіктеріне бағытталса, ал
Мурдың көңілі философиялық ұғымдар мен мәселелерді қарапайым
тіл және дұрыс мағына құралдары арқылы талдауға ауды.
Сараптамалық философияның барлық өкілдері философияның
қандай да бір нақтылық туралы мазмұнды ғылым еместігіне, басты
екі мақсатты көздейтін іс-әрекеттің бір түрі екеніне сенімді. Ол іс-
әрекеттер:
– ғылымнан барлық жалған мәселелерді және тілді дұрыс қолдан-
баудан немесе идеологиядан шыққан ой-пікірлерді алып тастау;
– математикалық логика құралы көмегімен жете ойластырылған
ой-пікірлердің мақсат-мұратқа сай үлгісін құруды қамтамасыз ету.
Жаңа философияның негізі осындай болмақ.
253
XX ғасырдың 50 жылдарынан бастап, неопозитивизмнің әдебиетте
Достарыңызбен бөлісу: