ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет256/440
Дата07.01.2022
өлшемі2,22 Mb.
#17066
1   ...   252   253   254   255   256   257   258   259   ...   440
тұжырымдамасын жасады.

Кун  ғылым  деп:  бір  немесе  басқа  теорияларды,  әдістемелік 

қағидаларды, дүниетанымдық ұстанымдарды, нақты ғылыми нормалар 

мен этикалық құндылықтарды мойындайтын, ғылыми қауымдастықты 

біріктіретін  әлеуметтік  институтты  түсінді.  Осының  бәрі  ғылымның 

әлдебір парадигмасын – үлгісін (грекше – paradigma – үлгі) құрайды. 

«Ғылыми  революциялар  құрылымы»  атты  еңбегінде  (1963)  ол  пара-

дигма  деп  ғылыми  қауымдастық  таныған,  белгілі  бір  тарихи  уақыт 

шектеріндегі ғылымда жасалған зерттеу үлгілерін түсінеді. Ол: «Осы 

терминмен  мен  барлық  жерде  қабылданған,  азғантай  уақытқа  болса 

да, олардан мәселелер мен шешімдердің осы салада зерттеумен айна-

лысып жүргендердің көңілінен шығатын үлгісі қалыптасатын ғылыми 

жетістіктерді  белгілеймін»,  –  деп  жазды.  Парадигма  ғылымдарды 

әдістермен  қаруландырады,  белгілі  бір  уақыт  шектерінде  ғылымдағы 

бір немесе басқа жағдайдың ішкі өзегін құра отырып, іздену жолдарын 

көрсетеді. Ғылыми теория парадигмадан анағұрлым тарлау, өйткені өзі 

соның ішінде пайда болады. Басқа парадигманың шектерінде бұл тео-

рия жарамсыз. Оны жарамды ету үшін, қайтадан қарау керек.

Кейіннен  Т.Кун  парадигма  ұғымын  «пәндік  матрицаға»  (негіз) 

ауыстырады.  Сол  ретінде  философ  символикалық  қорытындылау 

үлгілерін,  тұжырымдамалық  үлгілерді,  әртүрлі  мәселелердің  ғылыми 

шешімін, сондай-ақ ғылыми қауымдастық қабылдаған құндылықтарды 

түсінеді.  Ғылымда  бір  немесе  басқа  үлгінің  басымдық  алуы  оның 



257

дамығанын  дәлелдейді.  Ашылған  жаңа  фактілер  қорытындыланады 

және  жүйеленеді,  зерттеу  шаралары  нақтыланады  және  т.б.  Алайда 

уақыт  өте  келе,  қолданылып  жүрген  парадигма  шектерінде  ғылымда 

ашылған  жаңа  фактілердің  табиғатын  түсіну  мүмкін  болмай  қалады. 

Ғылыми  қауымдастық  арасында  айтыс-тартыстар,  күмәндану  пай-

да  болып,  бұрынғы  құндылықтар  енді  қызмет  етуін  тоқтатады.  Бұл 

ғылымның  тоқырауына  әкеліп  соқтырады  және,  тиісінше,  жаңа 

үлгілерді іздеуге мәжбүр етеді. Нәтижесінде, құндылықтарын ғылыми 

қауымдастық таныған жаңа үлгілер пайда болады. Жаңа өнімді зерт-

теулер басталады.

Ғылымның дамуына осындай тарихи көзқарас постпозитивизмдегі 

жаңа сөз болды.

Т.Кун  енгізген  екінші  жаңалық  –  бір  немесе  басқа  үлгі  аясында 



тәжірибеге  негізделген  білімді  қарастыру.  Ғылымда  үлгіге  тәуелді 

болмай  өмір  сүретін  фактілер  жоқ.  Бір  немесе  басқа  үлгіні  игерген 

ғалым  барлық  фактілерді  соның  жарығымен  «көреді».  Фактілер  бір 

немесе  басқа  теориядан  тыс  өмір  сүре  алмайды,  ал  ол  кезде  теория 

фактілерді  қорытады  және  оларды  өмірде  қалай  пайдалануға  және 

қолдануға болатынын айқындап береді.

Кун  ұсынған  ғылым  үлгісі  –  ол  классикалық  рационализмнен 

шегіну, ұтымдылықты адамның ынтызарлықтары мен нақты мәдени 



дәуірлердің  ерекшеліктері  қатарына  сыйдыру  әрекеті.  Ұтымдылық 

қажетті  мүдделерді  ғана  көздейтін  (прагматикалық)  мағынамен 

толығады: адам өне бойы өзінің ұтымды әрекеттерін шынайы пайымға 

сілтеме  жасамай,  қызметіндегі  табыстары  арқылы  дәлелдеп  отыруға 

мәжбүр. Сондықтан табысқа жеткен соң, ол бәсекелес көзқарастардың 

алдында іс-әрекеттерінің пайымдылығы мен сәттілігі туралы пікірінен 

таймай,  өзінің  қызметін  пайымды,  ақылға  сыйымды  деп  атауға 

құқылы.  Әрбір  «ғылыми  қауымдастық»  өзінің  ұтымдылығына  өзі 

баға бере алады. Бірақ жекелеген тұлғаның еркіндігі мен ұтымдылығы 

«қауымдастықтың» ұжымдық әрекетімен және ақылымен шектелген.

Ғылым  философиясындағы  «тарихи»  бағыттың  негізін  салушы-

лардың бірі – британдық ғалым, физикалық химия саласының көрнекті 

маманы майкл полани (1891-1976).

Ғылым  және  адам  танымының  басқа  да  түрлері,  Поланидің  ойын-

ша,  таным  үдерістерінің  барлық  мүмкін  болатын  қайта  құрылуының 

(реконструкция) ішінен субъектінің түбегейлі жойылмайтындығынан 

тұратын тұтастық алған. Сол арқылы Поланидің ғылым философиясы 

өз идеялары мен әдістері арқылы әлеуметтануға жақын жанаса отырып, 



258

позитивизмге де, «сыни рационализмге» де, яғни XX жүзжылдықтың 

60-70  жылдарындағы  ғылым  философиясының  беделді  бағыттарына 

балама болды.

Полани  позитивистердің  негізгі  қағидаларын  –  «эмпиризм  бағдар-

ламасын» сынға алды. Сонымен қатар ол Поппердің таным үдерістерін 

мәдени-тарихи,  әлеуметтік  детерминациядан  (яғни  осы  құбылысты 

болдыруы мүмкін себептерден) алшақтатып, логикалық-рационалдық 

тұрғыда қайта құру мүмкіндігі туралы идеясына да қарсы шықты.

Поланидің  ойынша,  әлеуметтік-мәдени  тұжырым  факторлары 

ғылыми-зерттеу  жұмыстарын  ұйымдастыруға  ғана  емес,  сонымен 

бірге оның мазмұнына да маңызды ықпал етеді. Ғылыми теорияларды 

бағалау үшін, ғалымдардың өзара қарым-қатынасында ғана алынатын 

және игерілетін «айқын емес білімнің» де ерекше маңызы бар. Бұл білім 

іс жүзінде айқын формада – суреттеу, диаграмма, нұсқаулықтар неме-

се оқулықтардағы мәтіндер түрінде көрінбейді. Ол қашанда зияткерлік 

пікірсайыстар  өтіп  жататын  сахна  «пердесінің  сыртында»  қалады, 

бірақ олардың мазмұны мен сипатына айтарлықтай ықпал етеді.

Ғылыми білім туралы Поланидің және оның ізбасарларының осын-

дай көзқарасы «сыннан кейінгі рационализм» деп аталды. Ол ғылыми 

ұтымдылықтың икемділеу түсінігін іздеуге бағытталу дегенді білдіреді. 

Ғылымның  алға  басуы  –  бәріне  ортақ,  «тұлғасыздандырылған» 

әлдебір  білімге  қарай  жүру  емес,  таным  үдерістеріне  жеке  қатысу 

мүмкіндіктерін  арттыру,  білім  беру  жүйелерін  кеңейту  және  кәсіби 

зерттеу қызметі болып табылады.

Постпозитивизмге және оның негізгі бағыттарына талдау жасауды 

аяқтай келе, тағы бір белгілі тұлға – ағылшын философы және ғылым 

әдіскері  пол  Фейерабендтің  шығармашылығына  тоқталмай  өтуге 

болмайды.  Өткен  ғасырдың  50-60  жылдары  ол  «эпистемологиялық 



жарылыс» жасады. Бұл нені білдіріп еді?

Ол  логикалық  эмпиризмнің  әдістемелік  бағдарламаларын  сынға 

алды. Сын нысанасына бәрінен бұрын ғылым дамуының кумулятивтік 

үлгісі, яғни ғылыми білімнің артуын барлық жаңа шынайы білімдердің 

бұрыннан  бар  дәл  сондай  шынайы  білімдер  жиынына  қосылуының 

үздіксіз  үдерісі  деп  жорамалдайтын  үлгі  ілікті.  Полға  бұл  ұнамады. 

Оның ойынша, кумулятивтік (шоғырландырушы) үлгінің негізінде екі 

жаңсақ ұстаным жатыр. Олар:

а)  жүйелі  түрде  бір-бірін  ауыстырып  отыратын  ғылыми  теорияға 

кіретін терминдер мағыналарының инварианттылығы (өзгермеушілігі, 

бір нәрсеге тәуелді болмауы немесе басқа нұсқасының болмауы);




259

ә)  алдыңғы  теорияның  қабылдаушы  теориядан  логикалық 

(қисынды) шығарылуы.

Ал  Фейерабендтің  пікірінше,  бір-бірін  ауыстыратын  теория-

лар  арасында  логикалық  қатынастар,  бірінші  кезекте  логикалық 

шығару  қатынастарын  белгілеуге  болмайды.  Ғылыми  терминдердің 

мағынасы  теорияның  бар  тұжырымымен  айқындалған,  сол  себепті 

бәсекелесуші  теориялар  терминдерінің  мағынасы  бірдей  болмауы  ке-

рек. Ол ғылымдағы әрбір теория өзінің санат (ғылыми ұғым) құралына 

сүйенетініне сенімді болды. Егер бір немесе өзге ұғым басқа теорияға 

ауысса,  онда  оның  мазмұны  дереу  өзгереді.  Сондықтан  теорияларды 

бір-бірімен салыстыру мүмкін емес. Олай болса, әр ғалымның өз тео-

риясын  құру  мүмкіндігі  бар.  Бір  немесе  басқа  теория  бәсекелестікте 

өзінің шындыққа жақынырақ болғаны үшін жеңбейді, оны ғылыми 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   252   253   254   255   256   257   258   259   ...   440




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет