білім дамуының екі факторын есепке алуда болса керек.
Адамның ақыл-есінің ғажап қабілеті – оның мақсат-мұратқа сай
нысандарды құру, яғни егер өз мазмұндарын кедергісіз ашқанда,
бір немесе басқа зерттелуші зат немесе құбылыс бола алатынды құру
қабілеті болып табылады. Бұл жерде ерте замандарда «заттың жаны»
деп аталғанды, ал кейіннен Аристотель «заттың энтелехиясы» деп
атағанды, яғни заттың логикасын таза түрінде толық көрсету тура-
лы айтылып отыр. Қазіргі заман тілімен айтқанда, бұның бәрін заттың
«ішкі бағдарламасы» деп атауға болады. Алайда бар қиындық сан
жетпейтін заттар мен құбылыстар өзара әрекеттесіп жататын әлемде
ештеңенің де өзінің мүлтіксіз жай-күйіне жете алмайтындығында
болып тұр ғой. Заттар мен құбылыстар, өздеріне түскен кездейсоқ
факторлардың есепсіз санын сезіне, олармен өзара әрекеттерге түсе
отырып, өз мазмұнын өзгертеді де, ақыр соңында, мүлтіксіздікке жету
бұйырмаған басқа бір затқа айналады. Бірақ соның нәтижесінде өмірдің
болатынын, әлемнің өзінің мүлтіксіз күйіне жетуге деген жойылмай-
тын «ұмтылысын» естен шығаруға болмайды. Мүлтіксіз жетілген әлем
305
ахуалын, бір сәтке болса да, ойша көз алдымызға елестетіп көрейікші:
бұл жерде қозғалыс та, өзгеріс те, өзара әрекет те, басқаға өту де бол-
мас еді. Бірақ онда әлем өз-өзін жойған болар еді. Үнемі аяғына дейін
жетпеу және сонымен бірге өзінің ішкі бағдарламасын іске асыруға
ұмтылу – әлемдегі бар заттар мен құбылыстардың ішкі қозғаушы
күшін құрайды.
Қазіргі заман ғылымында мақсат-мұратқа сай нысандар құруда
Достарыңызбен бөлісу: |