ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет305/440
Дата07.01.2022
өлшемі2,22 Mb.
#17066
1   ...   301   302   303   304   305   306   307   308   ...   440
шығуына келтіреді.

Ғылым  пайда  болған  кезден  бастап-ақ  енді  шындық-болмысты 

іздеудің жанама жолдары мен құралдары шығады. Қазір біз оларды та-



316

ным әдістері деп атаймыз. Гректің «methodos» сөзін тура аударғанда, 

«жол»  деген  мағына  береді.  Танымға  қатысты  қолданғанда,  «әдіс-

тәсілдер»,  «амалдар»,  жолдар»  дегенді  білдіреді.  Бұл  ұғымның  кең 

мағынасында  біз  әдістерге  адам  өз  қызметі  барысында  қолданатын 

барлық  амалдар  мен  технологияларды  жатқыза  аламыз,  өйткені  ол 

әлдебір  үлгілерге  жүгініп,  адамзат  тәжірибесінде  көптеген  жылдар 

бойы қалыптасқан бір немесе басқа амалды қолданып, ол кез келген 

істі  орындай  алады.  Мысалы,  қандай  да  бір  жауапты  саяси  немесе 

басқа шешімдерді қабылдамас бұрын, үкімет қазір «пиар-технология-

лар» деп аталып жүрген насихаттық жұмыстарды жүргізеді.

Педагогикада  оқу  пәндерінің  ерекшеліктеріне  қарай,  оларды 

оқытудың  әртүрлі  әдістері  мен  тәсілдері  бар.  Ондай  мысалдарды 

есепсіз  көп  келтіре  беруге  болады.  Ғылыми  қызметте  де  дәл  солай 

жаңа  шындықтарды  іздестірудің  әртүрлі  әдістері  пайдаланылады. 

«Әдіс» сөзі мұнда енді ғылыми қызметке қатысты тар мағынасында 

қолданылады.

Зерттеу  қызметіндегі  ғылыми  әдістерді  асыра  бағалау  қиын.  Аса 

көрнекті физиолог И.П.Павлов: «Бар мәселе жақсы әдісте жатыр. Әдісі 

жақсы  болса,  аса  талантты  емес  адам  да  көп  нәрсе  істей  алады.  Ал 

әдісі  нашар  болса,  ғұлама  адам  да  босқа  жұмыс  істеп,  құнды,  нақты 

мағлұмат ала алмайды», – деп сендірген (қараңыз: И.П.Павлов. Физио-

логия бойынша дәрістер. – М., 1956. 21-бет).

Ғылыми таным әдістерінің рөлін кемсітетін басқа да көзқарас бар. 

Мысалы, М.Борнның ойынша, «біз джунглиде адасып жүріп, өзіміздің 

алдыға қаншалықты ілгерілеуімізге қарай арттағы жолымызды біліп, 

енді алдағы жолымызды ағаттықтар мен сынап көру арқылы іздеп та-

бамыз» («Очерки по диалектическому материализму» кітабы бойынша 

дәйексөз. – М., Наука, 1977. – 155-бет).

Әлбетте, ғылымда жаңалық ашу – көпфакторлы үдеріс. Бұл жер-

де  қаншалықты  тиімді  болса  да,  көп  нәрсе  зерттеудің  бір  әдістеріне 

ғана емес, зерттеу нысанасының өзіне де байланысты. Сонымен бірге, 

екінші  жағынан,  ойлаудың  санаттық  құрылымына  да  байланысты. 

Зерттеушінің  дарындылығын,  ойлау  қабілетінің  қарапайым  еместігін 

де есептен шығарып тастауға болмайды. Ғылыми ұжымның әлеуметтік-

психологиялық  ахуалы  да  зерттеу  жобасына  қатысушыларға  өзінің 

теріс немесе оң ықпалын тигізбей қоймайды. «Инсайт» (ішкі сәуле) не-

месе «түйсік» (шындықты санадан тыс түсіну) секілді құбылыстар да 

жаңалық ашуда елеулі рөл атқарады. Кейбір жағдайларда оған әртүрлі 

жағдайлардың,  мүлде  кездейсоқ  факторлардың  (мысалы,  Ньютонның 




317

басына  түскен  алманы  еске  түсіріңіз)  орын  алуы  да  себеп  болады. 

Сөйтіп,  француз  физигі  Беккерель  фотоқағаздың  үстіне  уран  тұзын 

аңдаусыз қоя салу арқылы мүлде кездейсоқ α- және β сәулелерін ашты 

немесе  Пастер  де  ойламаған  жерден  көгерген  өңездің  бактерияларды 

өлтіретін қасиеттерін ашты емес пе.

Барлық осы айтылғандарға қарамастан, ғылыми таным әдістерінің 

рөлін  кемсітуге  болмайды.  Ғалымдардың  таным  әдістерін  меңгеруі 

және оларды іс жүзінде пайдалануы күш пен қаражатты үнемдеуге се-

беп болады, ғалымның еңбегін тәртіпке келтіреді, мақсатқа жеткізетін 

жарық жұлдыз іспетті қызмет атқарады. Таным әдістерін зерттей оты-

рып әзірлеудің ғылымда ашылған жаңалықтың артында қалатыны ту-

ралы  мәселе  –  ол  басқа  мәселе.  Бұл,  шындығында,  –  қазіргі  заманғы 

ғылымның «осал жері». Кейде жаңалық ашылғаннан кейін бірақ уақыт 

өткен  кезде,  ғалымдар  бұл  жаңалықтың  қалай  ашылғаны  туралы  ой-

лай бастайды. Осыған байланысты орыс биологы К.А.Тимирязевтің бір 

қызық пікірін келтіре кетейік. Ол: «Ғылым тарихын зерттеушінің тіпті 

жаңа  идеяға,  жаңа  теорияға  қарағанда,  кейде  өнертабыстың  немесе 

зерттеудің  жаңа  тәсілін,  жаңа  құралын  дұрыс  та  дәйекті  қолданудың 

білімдерді  дамытуда  кем  рөл  атқармайтынына  көз  жеткізуіне  тура 

келеді»,  –  деп  жазған-ды  (К.А.Тимирязев.  Шығармалары.  –  VIII  том. 

М.: 1939. – 73-бет).

Қазіргі заман ғылымында танымның алуан түрлі әдістері зерттеліп 

дайындалған. Оларды үлкен үш топқа бөлуге болады:

а) жеке ғылымдар әдістері;

ә) танымның жалпы әдістері;

б) танымның жалпыға ортақ әдістері.

Ғылыми  танымның  әр  саласы  зерттеудің  өз  әдістерін  жасап 

шығарады. Бұл – оның жетілгендігінің, басқа ғылымдардың арасында 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   301   302   303   304   305   306   307   308   ...   440




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет