328
құрылғыларды дүниеге келтіруі айтылады. Ол зерттеліп жатқан
заттың, ең болмағанда, жанама жолмен зерттеу үшін қолжетімділігі
үшін істеледі. Леонардо да Винчидің өзі де құстың ұшуын егжей-
тегжейлі зерттеудің қиындығын, бірақ оны қайталап істеп көруге бо-
латынын айтқан. «Су астында жүзу туралы жаз, сонда ауада ұшуға
жетесің», – деп кеңес береді ол. Осының барлығын мысалмен көрсетуге
болады. Тауда ГЭС салу қажет болды дейік. Ол – тәуекелді және қаражат
қажет ететін іс. Сондықтан жобалау барысында таудың құрылыс салу
жоспарланып отырған телімінің көп есе кішірейтілген үлгісі жасала-
ды және сол бойынша тиісті зерттеу жүргізіледі. Немесе географиялық
және топографиялық картаны алайық. Олар Жер бетінің кішірейтілген
үлгілері болып табылады, солардың көмегімен планетаның бір немесе
басқа аймағының ерекшеліктерін көз алдымызға елестете аламыз. Құс
қанаты құрылысының үлгісін жасай отырып, ғалымдар ұшу аппарат-
тарын жетілдірді. Кибернетикалық машиналар адам миының кейбір
қасиеттерінің үлгісін құрайды. Бұндай мысалдарды көптеп келтіруге
болады.
Модельдеу негізгі екі түрге: заттай және логикалық (қисынға
негізделген) немесе виртуалдық (нақты емес) деп бөлінеді. Зат-
тай үлгілер нақты бар заттардың көп рет кішірейтілген неме-
се үлкейтілген (егер микроәлем құбылыстары зерттеліп жатса)
материалдық көшірмесі болып табылады. Адам қолымен жасалған соң,
олар қашанда түпнұсқаның көшірмесі болады, сондықтан көшірме зат
дөрекілеу болып шығуы мүмкін. Соның салдарынан үлгіге бақылау
немесе әртүрлі сынақтар жасау барысында зерттелуші нысанның
табиғаты туралы қате пікірлер тууы ғажап емес. Алайда бұл үлгі
жасаудың рөлін еш кемсітпесе керек, өйткені табиғатта тікелей зерттеу
қиын немесе мүлде мүмкін емес нысандар аз кездеспейді.
Заттай үлгілер аса күрделі, қымбат тұратын техникалық жүйелерді
сынау барысында кең пайдаланылады. Мысалы, ұшақтың жаңа
үлгісінің көп рет кішірейтілген көшірмесі ол техниканың ұшу сипатта-
масын жақсырақ елестету үшін, аэродинамикалық құбыршек арқылы
өткізіледі.
Логикалық немесе мақсат-мұратқа сай (идеал) үлгілерге кел-
сек, олардың арасындағы нышан-пішін беру және қатаң қисынды
байланыстар негізінде зерттеушінің санасында құрылады. Есептеу
техникасының қарқынды дамуына байланысты, соңғы онжылдықтар
ішінде мақсат-мұратқа сай үлгілердің рөлі мен маңызы анағұрлым
көп өсті. Заттай үлгілер айтарлықтай күш-қуат, қаржы қаражаттарын,
329
уақыт шығындауды қажет етсе, ал күрделі нысандар зерттелген
жағдайда, олардағы өлшеу әдістері дәл еместігінен азап шегеді. Есептеу
техникасының көмегімен орындалған виртуалдық үлгілер аз уақыттың
ішінде орасан көп ақпаратты өңдеуге мүмкіндік береді, күш-қуат пен
қаражатты үнемдейді, ғалымның шығармашылық мүмкіндіктері үшін
үлкен кеңістік туғызады.
Құрылысы күрделі, өздігінен басқарылатын жүйелер туралы
ғылым ретінде кибернетиканың болашағы зор екенін ерекше айтқан
жөн. Ондай жүйелердің үлгілерін жасай отырып, ол соған ұқсас және
құрылысы күрделі жүйелерді терең зерттеуге мүмкіндік береді. Соның
негізінде зерттелген жүйелердің қызметін істеп көрсететін, адамдардың
іс жүзіндегі қызметінде пайдалануға болатын жасанды материалдық
нысандар құрылады. Мысалы, медузалар бірнеше сағат бұрын теңізде
дауыл көтерілетінін сезеді. Медузаның тиісті органдарын зерттеу
негізінде ғалымдар он бес сағат бұрын ауа райының бұзылатынын,
дауыл тұратынын алдын ала болжай алатын аспап ойлап тапты.
Қазіргі уақытта ғылымның жаңа саласы – тірі организмдердегі басқару
жүйелерінің заңдылықтарын және оларды модельдеу мүмкіндігін,
сонымен қатар адамдар үшін пайдалы тиісті аспаптарды жасауды
зерттейтін бионика дамып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: