4000 млн. есе артық болды.
химиялық элементтердің атомдары пайда бола бастайды.
373
кеңістікте бірдей тығыздыққа жете алмайды. Бастапқы плазма өзінің
қоюлану шамасына қарай, жеке-жеке құрамдас бөлшектерге бөліне
отырып, әрқайсысының ішінде протожұлдыздар (содан жұлдыз жаса-
латын дене, яғни жұлдыздың алдындағы дене), олардың планеталық
жүйелері бар болашақ галактикалардың және т.б. негізін құрайды.
Қалай болғанда да, «Бастапқы жарылыстың себебі неде?» деген
бір қасиетті сұраққа ғалымдар, ақыры, жауап таба алмай отыр. Ша-
масы, оған адамзат ешқашанда оң жауап ала алмас. Идеалистік бағыт
ұстанған философтар өз ақылдарымен Құдайдың Ғаламды тұлдырдан
жаратқанын түсінген-міс теоретик-физиктерге алғысын білдіреді.
Материалистік бағыттағы философтар вакуумдағы бастапқы
геннің орасан зор қысымға шыдамай,
жарылғанына сенуге құлықты.
Осы параграфта талқылануға тиіс соңғы мәселе – ол бейберекеттік
(хаос) пен тәртіптің өзара байланысын, дамудың күрделенуінің,
қалыптасуының жаңа үлгісін көрсету. Бұл кітапта біз айқын –
классикалық механиканың термодинамиканың екінші бастауы –
энтропияның заңдарына жауап таба алмағанын талқылағанбыз. Әлемге
механистік көзқарас тұрғысынан алғанда, бейберекеттік – болмауға
тиіс құбылыс, бұл әлем детерминизм ұстанымына негізделген, бұл
жерде кез келген кездейсоқтыққа жол жоқ.
Айқын ғылымда ашылған заңдар өздерінің нақтылығымен
ерекшеленеді. Егер бізге әлдебір заттың шығу тегі және даму
кезеңдері белгілі болса, онда оның келесі ахуалын, жай-күйінің негізгі
сәттерін болжау қиын емес. Ол дамудағы бірбағыттылық деп ата-
лады. Алайда XX ғасырдың ғылыми жетістіктері ондай көзқарасты
теріске шығарады. Қазіргі заманғы ғылымда, керісінше, әлемнің
ғылыми бейнесін қалыптастыруда бірте-бірте бағыт-бағдарсыз тәсіл
қалыптасады. Бұл жерде табиғат заңдары бір немесе басқа құбылыстың
іске асуының мүмкіндігі мен ықтималдығын көрсетеді. Бұл үлгіде
Достарыңызбен бөлісу: